special-edu.kz Мүгедектігі бар адамдардың әртүрлі топтарының қоғамдастықтары, айырмашылықтары мен қажеттіліктері, қарым-қатынас ерекшеліктері және олармен қарым- қатынас этикасы туралы толық және жан-жақты ақпарат жоқ екендігін ерекше атап өткіміз келеді. Сондай-ақ елде бұқаралық ақпарат құралдары үшін мүгедектігі бар адамдар туралы дұрыс және тұрақты ақпаратты орналастыру үшін тиімді ынталандыру тетіктерінің жоқ болу фактісі де маңызды болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары халыққа әсер етудің ең күшті тетігі екенін ескере отырып, мүгедектігі бар тұлғалардың, мүгедектігі бар баланы қоғамда тәрбиелеп отырған отбасының оң имиджін қалыптастыруда, мүгедектігі бар адамдарға толерантты қарауға, сондай-ақ әлеуметтік бағдарламаларды тиімді іске асыруға жәрдемдесуге БАҚ-тың әлеуеті зор екені сөзсіз.
special-edu.kz Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы «Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы» атты № 112-ө өкіміне
[27] сәйкес Мүгедектік профилактикасы және ерте түзету-дамыту көмегі жүйесін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар; Оңалту қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар; Есепке алу және арнайы техникалық құралдармен, дәрілік және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар; Кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар; Глютенсіз тамақ өнімдеріненгізужөніндегі іс-шараларжоспарланып, жүзеге асуға мүмкіндіктер болды. Жол картасы № 1 Қосымшада берілді, толыққанды танысып, атқарылған іс-шаралар туралы ақпаратпен танысуға мүмкіндік бар.
special-edu.kz Тарауымызды қорытындылай келе 2022 жылы заңнамаға қолданыстағы «мүгедек бала» ұғымына қатысты өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, әртүрлі медициналық құжаттарда мүгедектігі бар балаларға қатысты кемсітушілік және ар-намысты қорлайтын терминдер әлі де қолданылатынын атап өткіміз келеді. Бірқатар терминдер әлеуметтік көзқарасқа сәйкес келмейді, жағымсыз белгісі бар, стигматизациялайды және іс жүзінде заңнамаға қайшы келеді. Көбінесе атаулар Ағза қызметінің Халықаралық Жіктемесі (АХЖ- 10) [28], Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басқа да құжаттарына қайшы келеді, олардың негізінде медициналық емес, био-психо-әлеуметтік модель жатыр.