Және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық Ғылыми-практикалық



бет53/65
Дата07.10.2024
өлшемі14,68 Mb.
#147026
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
Байланысты:
6. АТА-АНАЛАРЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ

special-edu.kz

special-edu.kz
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Қазақ тілінде оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арнайы және инклюзивті білім беру» зертханасының негізінде 2022 жылы «Арнайы және инклюзивті білім беру салаларындағы ресми атаулар мен олардың қазақ және орыс тілдеріндегі баламалары» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүзеге асып, ғылыми ізденіс пен шығармашылық, теориялық көзқарас пен практикалық ұстанымдардың шоғырлана келіп, заман талабына сай туындаған аналитикалық жұмысы өз нәтижесін беріп, арнайы педагогика, жалпы және инклюзивті білім беру, олармен тығыз байланыстағы басқа да салалардың теоретик ғалымдары мен практик мамандары, басшылары мен мамандары, арнайы педагогтары мен ұстаздары, біраз сала бойынша білім алып отырған студенттер мен магистранттар т.б. мүдделі тұлғаларға қажетті ресми атаулар мен тұжырымдарды ұсынылғанын атап өткіміз келеді [29, 30]. Терминология бойынша әдістемелік құралда Арнайы және инклюзивті білім беру салалары бойынша атаулар мен сөздік материалдар дұрыс тәртіппен жүйеленіп берілген. Сонымен қатар атаулардың кемсіту мағынасындағы нұсқалары туралы мәліметтер зерттеу барысында анықталған мағлұматтармен қатар алғаш рет берілді.


special-edu.kz

special-edu.kz
ІІ. ПМПК, ППТК және арнайы мектептердің әлеуметтік педагогтары мен мамандары арасында сауалнама нәтижелері





special-edu.kz
«Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ-нің Арнайы және инклюзивті білім берудің әдіснама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жұмыс жоспарында бекітілген «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, мүмкіндіктері шектеулі және/немесе мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын ақпараттандыру» атты ата-аналарға арналған ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындап, басылымға ұсынбастан бұрын төменде берілген сұрақтар негізінде сауалнама даярланды (№ 1 Қосымша). Жұмыс «Кәсіби құзыреттіліктер», «Кәсіби қиындықтар» және «Кәсіби қажеттіліктер» тақырыптарын қамтитын 17 сұрақты қамтыды. Зерттеу барысында сапалық және сандық әдістер арқылы педагогтардың кәсіби дамуындағы қажеттіліктерін талдау міндеттеріміздің бірі ретінде белгіленді. Сауалнамаға 158 респондент қатысты. Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі, білім алуда ерекше қажеттіліктері және/немесе мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерін әлеуметтік- педагогикалық тұрғыдан қолдау мақсатында қызмет ететін Арнайы білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарының арасында жүргізілген сауалнама жүргізу негізінде мынадай жауаптарға қол жеткіздік:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет