Девиантты мінез-құлық - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм).
Девиантты мінез құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды. Отбасын қарастыра отырып адам экологиясының мәнмәтінінде оның өткенгі және болашақтағы байланысын және отбасы типіне әсер ететін, оның беріктігін, бала саны кіретін өмір талабының көзқарастарын зерттеу өте қажет.
Отбасы әрқашанда нақты табиғи және тарихи шарттарға негізделіп құрылған, сондай-ақ негізгі адамдардың өмірлік айнасыда және отбасының бөлігінде құрылған. Солтүстіктің шеткі және ыстық шөл далада, Россияның ортаңғы сызығының жер иеленушілерінде обасының өндірістік қарым-қатынастары әртүрлі қалыптасты. Отбасы және некемен байланысты көптеген діни догма, әдет-ғұрып және ұлттық салт-дәстүрлер нақты табиғи жағдайларда қалыптасып және де маңызды тәжірибелік мән-мағынасы болды. Отбасының қалыптасуы көбінесе демографиялық жағдайларға байланысты. Жыныстың үйлеспеушілігі, туындайтын, мысалы: қантөгістік ұрыстан кейін көптеген жалғыз басты әйел адамдардың алып келуіне соғады. Ұлы Отан соғысынан 1941-1945жж. кейін Ресейде 20-49 жас аралығындағы 1000 ер адамдарға осы жастағы 1614 әйел адамдар сай келді. Жасқа байланысты тұрғындар құрылымы отбасының қалыптасуына және оның санына әсер ететіні түсінікті. Ресей тұрғындарының қартаюы басқа факторлардың маңында некеге отырғандардың санының күрт төмендеуіне әкелді.
Мәдени дифференциация парадигмасында жаһандануға қарамастан, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы болатын айырмашылықтар туралы баяндалды. Керісінше, мәдени конвергенция парадигмасы бүкіл дүниежүзіндегі ұқсастықты арттыруға жетелейтін жаһандану идеясына негізделген. Хантингтон сияқты ойшылдар жаһандану жағдайында мәдениеттер мен өркениеттердің сақталуын атап көрсетсе, конвергенция перспективасын қолдайтындар кейде «жаһандану нәтижесінде мәдениеттер түбегейлі өзгереді» деп дәлелдейді. Әлем мәдениеттері, қандай да бір дәрежеде болмасын, әртүрлі жолдармен барған сайын бір-біріне ұқсас болып барады. Әлемдегі басым топтар мен қоғамдарға қарай бағытталған жаһандық ассимиляцияның бет алысы байқалады. Осы тұрғыда еңбектенетін ғалымдар «мәдени империализм», ғаламдық капитализм, батыстандыру, америкаландыру, «макдональдтандыру» және «әлемдік мәдениет» сияқты мәселелерге баса назар аударады. Ритцердің жұмысы мәдени конвергенцияға бағытталғанына қарамастан, ол жаһандану жағдайында жергілікті мәдениеттер толық жоғалып кетеді немесе міндетті түрде түбегейлі түрде өзгеріп отырады деген ұйғарым жасамайды. Дұрысы – жаһандық процестер әлемнің көптеген елдеріне бірдей немесе ұқсас құбылыстарды әкеледі. Осы орайда, мәдени конвергенция көрініс табады. Алайда мұндай жаһандық құбылыстарымен қатар, жан-жақты әрі маңызды болып қала беретін жергілікті құбылыстар да бар. Сондай-ақ бұл жаһандық формалардың пайда болуы жаңа жергілікті формалардың жаңаруына немесе дамуына түрткі болады. Соңғы екі ұстаным, сөзсіз, мақтауға тұрарлық, әйтсе де оларды қабылдай отырып, көптеген мәдени конвергенция болып жатқанын да ұмытпауымыз керек.