Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


Экологияның өзгеруінің себептері



Pdf көрінісі
бет36/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91
   
Экологияның өзгеруінің себептері 
 
        Жер  бетіндегі  экологиялық  жағдайдың  өзгеруі  ХХ  ғасырдың                
60 жылдарындағы обьективті жағдайларға да тікелей  байланысты. 
Біріншіден, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін тек он-он бес мемлекеттің ғана 
өнеркәсібі  дамыған  еді.  Соғыс  аяқталған  соң  көптеген  елдер  индустриалды 
даму жолына түсті. Өнеркәсіптің жаппай дамуы пайдалы қазбаларды игеруді 
ұлғайтып, қоршаған ортаның ластануын күшейтті. 
Екіншіден,  дүниежүзілік  демографиялық  жағдай  күрт  өзгерді.  Жер  шары 
халқының саны тез өсіп кетті. 1700 жылы планетада 620 миллион адам болса, 
1850  жылы  оның  саны  1  миллиард  200  миллионға  жетті.  Яғни,  екі  есеге 
көбею  үшін  150  жыл  қажет  болды.  1950  жылы  жер  шары  халқының  саны        
2  миллиард  500  миллионға  жетті  және  1850  жылдан  кейінгі  еселенуге  100 
жыл  уақыт  кетті. 1986  жылдың орта шенінде  жер бетінде    5  миллиард  адам 
өмір сүріп жатты. Сонда еселену небәрі  35 жыл ішінде жүріп өтті. БҰҰ-ның 
болжамы  бойынша  2050  жылға  қарай    планета  халқының  саны  11,9 
миллиардқа  жетеді.  Халық  санының  жылдам  өсуі  табиғатқа  деген  «тұтыну 
қысымын»  өсірді.  Қазірдің  өзінде  табиғат  ресурстары  өзін-өзі  қалпына 
келтіре  алмайтындай  дәрежеде  пайдаланылуда.  Үшіншіден,  қалалар  мен 
оларда тұратын тұрғындар саны тез өсіп келе жатыр. Егер 1900 жылы қалада 
300  миллион    адам  тұрса,  1950  жылы  олардың  саны  700  миллионға  жетті.  
Қала тұрғындарының  1980 жылғы саны  20 % -дан 51,5% өскен. Осынша  көп 
адамның  салыстырмалы  түрде  шағын  территорияға  жиналуы  бұл  жерлерге 
түсетін салмақты ұлғайтып, қала және қала маңайының ластануын тудырды. 
      Адамзаттың  алға  жылжуы  табиғат    пен  қоғам  арасында  жүретін    «зат 
алмасусыз»  мүмкін  емес.  Алайда,  бұл  алмасу  қоршаған  ортаға  зиян 
келтірмеуі тиіс. Өкінішке орай, адамда «бәрін бағындырам» деген қиял пайда 
болды.  Ғасырлар  бойы  адамдар  жасаған  өндіріс  құралдары  қазір  дамудың 
жоғарғы деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына, жер бетіндегі 


 
35 
тіршілік дүниесіне зиян келтіруде. Оның себебі әлі күнге дейін материалдық 
өндірісте  обьективті  баға    үшін  жеткіліксіз  екі  өлшемді  (әлеуметтік, 
экономикалық)  әдіс  қолданылады.  Мұның  орнына    көрсеткіштер  мен 
факторлардың  үш  өлшемді  (әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық) 
жүйесіне  көшу  қажеттігі    әлдеқашан  дәлелденген.  Бірақ  экономистер  мен 
экологтар  арасында  экологиялық  проблемаға  деген  оортақ  түсінік  жоқ.  Бір 
ғана  әрекеттің  нәтижелерін  бағалау  кезінде  қарама-қайшы  бірін  бірі  жоққа 
шығаратын пікірлер көп.Көбінесе техникалық, экономикалық көрсеткіштерді 
талдау  мен  талқылау  әдетке  айналған.  Ал  бағдарламаның  немесе  жобаның 
экологияға  қатысты  жағына  көңіл  бөлінбей  қалады.  Бүгінде  біздің  де 
еліміздегі экологиялық жағдай осындай іс-әрекеттерге байланысты  нашарлап 
кетті.  Экологиялық  сауатсыздық,  табиғатта  жүріп  жатқан  заңдылықтарды 
білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас-
қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. 
 
(«Парасат» журналынан ықшамдалып алынған.) 
 
         1.  Мәтіндегі  сан  есімдерді  пайдалана  отырып,  мәтін  мазмұнын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет