Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет64/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
             Сыни-пікір  -  белгілі  бір  еңбекке  (монография,  диссертация,  ғылыми 
мақала)  сыни  бағытта  жазылады.  Сыни-пікір  (рецензия)  әдетте  жарыққа 
шығатын  еңбектің  кемшіліктерін  болдырмау  мақсатында,  кемшін,  жетімсіз, 
қате  пікір  айтылған  тұстары  көрсетіле  жазылады.  Сыни-пікірде  еңбекте 
көтерілген  мәселеге  байланысты  әділ  сын  айтылады.  Мұнда  зерттеу 


 
70 
нысанының дәлдігі, зерттеу әдісі, фактілердің топтастырылуы, статистикалық 
мәліметтердің  дәлдігі  мен  сәйкестілігі,  зерттеу  нәтижелерінің  маңыздылығы 
баса  көрсетіледі.  Сыни-пікір  ең  алдымен  ғылыми  негізде,  сол  саланың 
мамандарына  түсінікті  тілде,  салалық  және  сала  аралық  терминдерді  негізді 
қолдана отырып жазылуы тиіс. 
    Сыни-пікірді  сала  мамандарына,  шығарма  авторына  және  оқырмандарына 
пайда келтіретіндей етіп, сол саланы терең білетін, жан-жақты білімді маман  
жазуы  тиіс.  Рецензент  еңбектің  дәлелдей  отырып,  ойландырғысы  келген 
тұстарын  тезис-антитезис  арқылы  баяндайды.  Еңбектің    ғылым  саласында 
алатын орны мен маңызына, еңбектің көлеміне, рецензент  - автордың нақты 
тұжырымдарына байланысты сыни-пікір ғылыми мақалаға ұласуы мүмкін. 
     Сыни-пікір  соңында  автор  нақты  тұжырымдар  негізінде  ғылыми-сауатты 
қорытынды жасайды. Ғылыми еңбекке жазылған сыни-пікір обьективті болу 
керек,  себебі  ғылым  жолы    аса  жауапкершілікті  қажет  етеді.  Мұның  өзі 
ғылым саласының дағдарысқа ұшырап, тұйықталмай, еркін дамуына септігін 
тигізеді.           
 
      Сыни-пікір үлгілері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет