Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет60/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91
     Қорытынды  -  мәтін  құрылымының  соңғы  бөлігі.  Мұнда  зерттеудің 
болашағы, оның жалпы ғылым саласындағы алатын орны, маңыздылығы сөз 
болады.  Оқырман  үшін  қорытынды  бөлім  аса  маңызды,  себебі  онда  зерттеу 
нысаны  болып  алынған  мәселе  туралы  нақты  ғылыми  тұжырым,  ғылыми 
ұсыныс жасау арқылы, зерттеу нәтижесіне қорытынды жасалады.  
 
 
         Мәтіннің құрылымын анықтап, мәтінге түйін жазыңыз. 
                          
                     Жер құнарлылығын арттырудағы жаңа табыс 
       «Бұршақ  тұқымдас  дақылдардың  өнiмдiлiгiн  арттыратын  «Нитрагин» 
биопрепаратын  жасаудың  жаңа  технологиясы  және  өндiрiсiн  ұйымдастыру 
циклы»  дейтiн  ғылыми  еңбек  авторлары  биология  ғылымдарының  докторы, 
профессор,  Қазақстан  Республикасы  Бiлiм  және  ғылым  министрлiгi 
«Биологиялық  зерттеулер  орталығының»  бас  директоры  Аманкелдi  Саданов, 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  академигi,  биология 
ғылымдарының  докторы,  профессор,  «Микробиология  және  вирусология» 
институтының  бас  ғылыми  қызметкерi  Альфарид  Илялетдинов,  ветеринария 
ғылымдарының  докторы,  профессор,  «Ұлттық  биотехнология  орталығының» 
филиалы директорының ғылым жөнiндегi орынбасары Бақытжан Керiмжанова, 
биология  ғылымдарының  кандидаты,  «Топырақтану  институтының»  аға 
ғылыми  қызметкерi  Шалша  Әлiбекова,  биология  ғылымдарының  кандидаты, 
«Ұлттық 
биотехнология 
орталығы» 
экологиялық 
биотехнология 
лабораториясының меңгерушiсi Ерiк Шорабаев Қазақстан Республикасы ғылым 
және  техника  саласы  бойынша  берiлетiн  елiмiздiң  Мемлекеттiк  сыйлығына 
ұсынылды.  
       Бұл еңбектiң маңызы қандай? Ендi осыған келейiк. Ғалымдардың сыйлыққа 
ұсынылып  отырған  еңбегiндегi  «Нитрагин»  препаратының  бұршақ  тұқымдас 
дақылдарды  өсiрудегi  ерекшелiгiне  келетiн  болсақ,  ең  алдымен  ғалымдар  50 
гектар  жерге  соя  егiп,  тәжiрибе  жасағанын  айтуымыз  ләзiм.  Сөйтiп,  оған 
«Нитрагин»  препаратын  ендiрген  кездегi  өнiмнiң  қандай  болатынын  сынақтан 
өткiздi.  Мiне,  осы  кезде  соя  өсiрiлген  әр  гектарда  200-300  килограмм 
биологиялық  азот  жинақталатыны  анықталды.  Елiмiзде  2005  жылы  сояны 
осындай  әдiспен  өсiретiн  жерлердiң  көлемi  40  000  гектарға  жеттi.  Былтырғы 
жылы  оның  көлемi  200  мың  гектарға  жетсе,  2008  жылы  бұл  көрсеткiштi  500 
мың гектарға жеткiзу жоспарланып, жылдан жылға ұлғайту көзделіп отыр. Бұл 
дегенiмiз  биология  ғалымдарының  жаңадан  жасап  шығарған  препаратының 
бұршақ тұқымдас дақылдардан өнiм алудағы жетiстiктерiн бағалау екенi сөзсiз. 
Ғалымдар  осы  «Нитрагин»  препаратын  Ресейде  қазiр  қолданылып  жүрген 


 
66 
ризоторфин 
препаратынан 
артық 
деп 
бағалап 
отыр.  
«Нитрагин»  препаратын  Алматы  облысының  Панфилов  кеңшарындағы 
«Байсерке-Агро»  фирмасының  территориясында  2004  жылдан  бастап 
пайдалануда.  Осының  арқасында  соядан  алынатын  өнiм  жыл  өткен  сайын 
артып  келедi.  Мысалы,  2004  жылы  бұл  жерде  230  гектарға  соя  егiлсе,  оның 
өнiмi  әр  гектардан  23  центнерден  түстi.  Ал,  бұрын,  яғни  «Нитрагин» 
препаратын  ендiрмей  тұрғанда  бұл  жердiң  әр  гектарынан  18,5  центнер  өнiм 
алынатын. Сонда, «Нитрагин» препаратын ендiрген кездегi әр гектардан түскен 
таза пайда 12 мың теңге болып отыр. 2005 жылы осы фирма 320 гектар жерге 
соя  ексе,  оның  әр  гектарынан  13  мың  теңге  пайда  тапты.  2006  жылы  450 
гектарға соя егiлдi. 2007 жылы бұл көрсеткiш 580 гектарға жеттi, сөйтiп жаңа 
препаратты  ендiру  арқылы  бұршақ  тұқымдас  дақылдардың  өнiмi  бұрынғыдан 
қарағанда  артып,  жер  қабатының  (қарашiрiктiң)  жақсара  түсетiнiн,  ондағы 
азоттың 
көбейетiнiн 
көрiп 
отырмыз.  
      Бұл  жөнiнде  «Байсерке-Агро»  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiктiң  бас 
аграномы  Р.Босқынбаев  былай  дейдi:  «Ғалымдардың  жылдар  бойы  сарсылып 
еткен  еңбегiнiң  жемiсi  өндiрiске  енгiзiлгенде  ғана  бiлiнедi.  «Нитрагин» 
препараты  жасалғаннан  кейiн  оны  қолдануды  жүзеге  асыруға  бiз  кiрiсiп  едiк. 
Мiне,  соңғы  3-4  жылдың  көлемiнде  оны  пайдаланудың  арқасында  бұршақ 
тұқымдас дақылдардың өнiмдiлiгi бұрынғыға қарағанда анағұрлым артып, таза 
пайда көрiп  отырмыз. Мен ғалым агроном ретiнде және осы жаңа препаратты 
өндiрiске тiкелей ендiру арқылы бұршақ тұқымдас дақылдардан мол өнiм, таза 
пайда  алып  отырған  шаруа  ретiнде,  сонымен  қатар  жердi  құнарландыруда 
«нитрагиннiң» атқаратын ролi орасан екенiн тәжiрибеде анық дәлелдеп отырған 
адам  ретiнде  де  оның  пайдасы  зор  деп  атап  айтқым  келедi».  
       Ауылшаруашылығы 
ғылымдарының 
кандидаты 
«Ғалым» 
шаруа 
қожалығының  бастығы  Т.  Құдайбергенов  «Нитрагин»  препаратының 
артықшылығын  айта  келiп:  «Бiз  бұрын  да  соя  егетiнбiз.  Ол  кезде  Ленинград, 
(қазiргi  Санкт-Петербург)  ғалымдары  жасап  шығарған  «ризоторфин» 
препаратын  пайдаланушы  едiк.  Оның  қымбаттығына  байланысты  көп  жылдар 
бойы  пайдалана  алмай  келдiк.  2005-2006  жылдары  бұршақ  тұқымдас 
дақылдардың  тұқымын  өзiмiздiң  егемен  елiмiздiң  биология  саласындағы 
жетекшi  ғалымдардың  жасап  шығарған  «нитрагин»  препаратымен  өңдедiк. 
Соның арқасында әр гектардан бұрынғыға қарағанда 3-5 центнерден артық өнiм 
алынып,  жердiң  құнарлылығы  да  арта  түстi.  2006  жылы  жоңышқа  еккенде  де 
осы  «нитрагиндi»  пайдаландық.  Бұршақ  тұқымдас  дақылдарды  еккен  кезде 
өзiмiздiң  қазақ  ғалымдарының  ойлап  тапқан  биологиялық  препараты 
«нитрагиндi» енгiзу арқылы мол өнiм алып отырғанымыз оның экономикалық 
тиiмдiлiгiн 
көрсетедi», 
– 
дедi.  
     «Жаңа  жол  –  АЖ»  шаруа  қожалығының  басшысы  А.Жиенқожаев 
«нитрагин»  биопрепаратының  артықшылығы  жөнiнде  өзiнiң  пiкiрiн  былай 
түйiндейдi: «Бiздiң Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына қарасты өзiм 
басқарып  отырған  шаруа  қожалықтың  жалпы  көлемi  170  гектар  алқапқа 
өсiрiлген  түйежоңышқа  өсiмдiгiнен  өнiм  алуда  ғалымдардың  жасаған  жаңа 


 
67 
биопрепараты – «нитрагиндi» пайдалану тиiмдi екенiн тәжiрибе көрсетiп отыр. 
Мысалы,  70  гектар  жерге  егiлген  түйежоңышқаға  әлгi  биопрепаратты 
қолданбаған кезде түйежоңышқаның әр гектарынан 236 центнерден көк балауса 
алсақ,  тәжiрибе  ретiнде  (түйежоңышқа  тұқымын  нитрагин  биопрепаратымен 
өңдегеннен  кейiн)  егiлген  100  гектардың  әр  гектарынан  321  центнерден  көк 
балауса  өнiмi  алынды.  Сонда  айырмашылығын  көрiп  отырсыз,  «нитрагиндi» 
пайдалану  арқылы  әр  гектардан  85  центнерден  көк  балауса  артық  алынуда».  
     Биология  саласындағы  бiр  топ  ғалымдардың  жаңадан  жасап  шығарған 
«Нитрагин»  биопрепараты  өндiрiске  енгiзiлiп,  соның  арқасында  бұршақ 
тұқымдас  дақылдардан  мол  өнiм  алынып  жатқанын  жоғарыда  келтiрiлген 
мысалдардан  байқап  отырмыз.  Бұл  бiздiң  мемлекетiмiздiң  экономикасын 
дамыту  бағытындағы  индустриалды-инновациялық  стратегиясын  жүзеге 
асырудағы  елеулi  үлес.  Жаңа  технология  бойынша  жасалған  жаңа  препаратқа 
патенттер  берiлген.  Оның  бiздiң  елде  бұрыннан  пайдаланылып  келген  Ресей 
препаратынан  артық  екенiн  тәжiрибе  көрсетiп  отыр.  Бұл  препаратты 
пайдаланылмаған  жер  мен  пайдаланылған  жерден  алынған  өнiмнiң  айырмасы 
едәуiр 
екенi 
тәжiрибе 
жүзiнде 
дәлелденген.  
      Қазiр бүкiл дүниежүзiнде «биологиялық» азот проблемасына айрықша көңiл 
бөлiнiп отыр.  Индустриалды дамыған елдерде өндiрiске, тасымалдауға, өнiмдi 
сақтауға,  сондай-ақ  минералдық  тыңайтқыштарды  ендiруге  кететiн  шығын 
соңғы  жылдары  бұрынғыға  қарағанда  анағұрлым  артып  отыр.  Әсiресе,  газ, 
мұнай  және  көмiр  сияқты  аса  қажеттi  заттардың  бағасы  шапшаң  өсiп  бара 
жатқанына байланысты азоттық тыңайтқыштардың да бағасы өсiп келедi. Мiне, 
осындай қиындықтан шығу жолдарын iздестiру арқасында «биологиялық» азот 
пайдалану  тәжiрибесi  өз  жемiсiн  бергенiне  куә  болудамыз.  Жердi  өңдеудi 
биологизациялау 
iсi 
ауылшаруашылығы 
өндiрiсiнiң 
экологиясын 
тұрақтандыруға,  жердi  эрозиядан  сақтауға  қызмет  етедi.  Биология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Аманкелдi  Саданов  басқарған  бiр  топ 
ғалымдардың  жасап  шығарған  биологиялық  препараты  «Нитрагин»  Қазақстан 
жерiнiң  өз  ерекшелiктерiне  лайықталған.  Бұл  бұрынғы  минералдық 
тыңайтқыштарға  қарағанда  биологиялық  және  экологиялық  жағынан  таза. 
«Нитрагин»  биопрепараты  соя,  жоңышқа  және  түйежоңышқа  өсiмдiктерiн 
өсiруге  арналған.  «Қазақстан  Республикасы  ұлттық  биотехнология  орталығы» 
республикалық  мемлекеттiк  кәсiпорнының  Степногор  қаласындағы  филиалы 
базасында  осы  «Нитрагиндi»  өндiру  технологиясы  жасалды.  Бұл  препарат 
Қазақстанның оңтүстiк өңiрiнде тәжiрибеде сыналды. Сол сияқты 2002 жылдан 
бастап  «Нитрагин»  биопрепараты  Алматы  облысының  ауылшаруашылық 
далаларында  пайдаланылып  келедi.  Осындай  егiс  көлемi  6000  гектардан  асып 
отыр.  «Нитрагиндi»  пайдаланудың  нәтижесiнде  әр  гектардан  бұрынғыға 
қарағанда 4-5 центнерден артық өнiм алынуда. 2003 жылдан бастап Қызылорда 
облысындағы  шаруашылық  қожалықтарында  түйежоңышқа  және  жоңышқа 
өсiруде «Нитрагин» биопепрепаратын қолдану тәжiрибесi өз нәтижесiн беруде. 
Бұл  облыста  егiлген  жоңышқа  мен  түйежоңышқаның  жалпы  көлемi  1300 
гектарға  жеттi.  Оның  әр  гектарынан  бұрынғыға  қарағанда  орта  есеппен  30-35 


 
68 
пайыз  көк  балауса  артық  алынғаны  осы  жаңа  препараттын  арқасы  деп  айта 
аламыз.  
–  Бiздiң  елiмiзде  минералдық  тыңайтқышты,  соның  iшiнде  азоттық 
тыңайтқышты  өндiретiн  өндiрiс  орындары  жоқ.  Осыған  байланысты  бiздiң 
жасап шығарған «Нитрагин» биопрепараты Қазақстан жерiндегi суармалы жер 
қабаттарына  азоттық  азық  бере  алатын  бiрден-бiр  препарат  болып  табылады. 
Мұның  соя,  жоңышқа  және  түйежоңышқа  өсiрудегi  артықшылығын  тәжiрибе 
көрсетiп отыр, – дейдi Аманкелдi Саданов.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет