Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су



Дата27.09.2023
өлшемі211,22 Kb.
#110616
Байланысты:
Су

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су

Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4 ,Na2CO4 , Вг, J және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.

  • Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4 ,Na2CO4 , Вг, J және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.

Жер асты суларының сутартқысы — жер асты суларын елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін және басқа да ақсаттарда (жер қойнауынан минералды шипалы, өнеркәсіптік бағалы және т.б. суларды шығару) пайдалану үшін салынатын гидротехникалық құрылыс.

Жер асты суларының сутартқыларын пайдалану жағдайлары мен атқаратын міндеттеріне қарай негізінен: тік (үңғымалар, қүдықтар), көлбеу (галереялар, штольнялар, дреналар, кәріздер), сәуле тәрізді және жер асты табиғи су көздерін шегендеу (каптаж) болып бөлінеді.

Үңғымалық сутартқы егер сулы қабаттың барлық (толық) қалыңдығын кесіп өтсе, ол жетілген, ал егер ол сулы горизонтқа тек жарым-жартылай кірсе және сутірекке жетпесе — жетілмеген Жер асты суларының сутартқысы деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет