Жер асты суларының геологиялық әрекеті


Радиоактивті сулар радонды және радийлі болып кездеседі. Олар курорттарда бальнеологиялық (емдеу) мақсатта, яғни шипа су ретінде қолданылады



бет2/4
Дата27.11.2023
өлшемі2,41 Mb.
#129584
1   2   3   4
Байланысты:
жерасты суларыны4 арекети

Радиоактивті сулар радонды және радийлі болып кездеседі. Олар курорттарда бальнеологиялық (емдеу) мақсатта, яғни шипа су ретінде қолданылады.

Радиоактивті сулар радонды және радийлі болып кездеседі. Олар курорттарда бальнеологиялық (емдеу) мақсатта, яғни шипа су ретінде қолданылады.

Ыстық сулар (термалды) сулар жылы (20-37ᵒ)С, ыстық (37-42ᵒ)С,өте ыстық (42ᵒ)С болып ажыратылады.

Жер асты сулары өзен аңғарларында,жыраларда бедердің еңіс жағына қарай бағытта жер бетіне бұлақ көздері түрінде шығып жатады.Осындай жерлерді жер асты суының ағысы (дренаж) деп атайды.

Орналасуына қарай жер асты сулары:

  • Шөгінді тау жыныстарының (құм, малта тас, т.б.) кеуек-қуыстарында кездескен жағдайда кеуек қуыс сулары.
  • Кристалданған немесе цементтелген тау жыныстарының (гранит, құмтас т.б) жарықтары мен жарықшақтарында кездескен жарықшақ сулары
  • Оңай ерігіш тау жыныстарының құрамында (ізбетас, гипс, доломит және т.б.) кездессе карст сулары деп ажыратылады.

Таужыныстардағы су түрлерінің түрліше жіктеулері бар.
С.И. Долговтың, В.А. Приклонскийдің, А.А. Роденнің, E.M. Сергеевтің т.б. еңбектері арқылы дәлелденген жіктеуді мына түрде ұсынуға болады:
I. Бу күйіндегі су.
ІІ. Физикалық байланыстағы су.
1) Берік байланысқан, адсорбтанған, яғни гигроскопиялық су (А.Ф. Лебедев бойынша).
2) Іркілдек байланысқан, босаң байланыскан немесе жарғақ су (А.Ф. Лебедев бойынша).
III. Еркін су.
1) Капилляр су: а) қуыстардың бұрыштарындағы су; ә) салпыншақ су; б) нағыз капилляр су (капиллярлық жиектер).
2) Гравитациялық су: a) сіңбе су (инфильтрация немесе инфлюация арқылы); ә) сулы горизонттардың қанығу аймақтарындагы су.
IV. Қатты күйдегі су (мұз түріндегі су).
V. Минералдарда химиялық байланысқан су: а) кристалдаушы су; ә) цеолиттік су; б) түзілістік (конституциялық) су.
Бу күйіндегі су. Таужыныстардың қуыстарындагы судың буы атмосферадағы су булары және таужыныстардағы судың басқа да түрлерімен динамикалық байланыста болады. Таужыныстардағы судың қозғалуы оның серпімділігінің градиенті жағдайында өтеді; қыста температураның маусымдық ауытқуларының аймағында судың буы көбінесе жоғары қарай қозғалады, ал жазда керісінше жоғарыдан төмен қарай қозғалады.
Физикалық байланыстағы су.
Физикалық байланыстағы су негізінен ұсақ дисперсті сазды минералдардың жыныстарында тараған. Соңғыларының бетінде бұрыс зарядты электростатикалық өріс пайда болады. Қос зарядты (дипольді) келетін су молекулалары минерал бетіне өзінің оң заряды арқылы тартылады. Су молекуласынан басқа минералдар бетіне қуыстағы су ерітіндісінің катиондары да тартылады. Жыныстар бөлшектерінің бетіне бірнеше мың атмосфера күшімен тікелей тартылған су молекулалары жыныстар көлемінде буға ауысқан күйде ғана қозғала алады. Қалыңдығы бір молекула өлшеміндей осы су берік байланысқан немесе гигроскопиялық су деп аталады. Белгілі бір грунттағы оның ең жоғары шамасы ең жоғары гигроскопиялық ылғал сыйымдылық деп аталады.
Еркін су.
Капиллярлық суға ауырлық күші ықпал етеді, бірақ гравитациялық күштен басым келетін капиллярлық күштің әсеріне шалынады. Капиллярлық судың мынадай түрлері болады: жыныс бөлшектерінің түйісуіне жақын аралығында беттік керілу арқылы ұсталып тұратын оқшауланған су (түйісу аралығының суы немесе қуыстардың бұрышындагы су), төмен қарай тамуға капиллярлық менискінің үйкеліс күші ұстап тұратын салпыншақ су (әдетте, аэрация аймағының жоғары бөлігінде кішкене жаңбырдан кейін пайда болады), грунт сулары деңгейінің бет жағын ала орналасқан капиллярлық жиекті су.
Химиялық байланысқан су минералдардың құрамына кіреді және оның мынадай түрлері болады:
1) кристалдаушы су әрбір минерал үшін су молекуласының тұрақты сандық мөлшері түрінде кристалдық тордың құрамына кіреді (мысалы, гипс CaSO4·2H2O) 300-400°C-ге дейін кыздырғанда бұл су бөлініп шығады да, минералдардың кристалдық торы қайта құралады.
2) Цеолиттік су молекула түрінде минералдардың кристалдық торына кіреді, бірақ кристалдаушы суға қарағанда молекула саны өзгермелі келеді.
3) Түзілістік (конституциялық) су минералдың кристалдық торына (мысалы, слюдаларда) Н+ және ОН--тың иондары түрінде енеді. 400°C-тан жоғары температураға дейін қыздырғанда сутегі мен гидроксил иондары бөлінеді. Бұл екеуі қосылып су молекуласын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет