Жер бетіндегі тіршілік эволюциясыныѕ ќолы жеткен еѕ жоєарєы жетістігі –ойлай білетін адамныѕ дїниеге келуі



бет2/5
Дата10.12.2023
өлшемі18,12 Kb.
#136613
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-75321

Сезім – адам бойындағы түрлі психикалық құбылыстар күнделікті өмірде ашығу, шөлдеу, ауырсыну, жағымдылық пен қайғы, ұнату мен жек көру, шошу, ұялу, шалқу, таңдану; торығу мен жайдарлану сезімдері байқалады. Сезім ұзақтығы мен қарқыны, деңгейі мен сипаты, табиғаты мен мазмұны жағынан әр түрлі ( бір сәттік тербеністер күнделікті құштарлыққа, үстірт эмоциядан терең де тұрақты сезімге дейін) және өзара байланыстары күрделі құбылыстарды қамтиды. Сезім органдары ( organum sensum, лат jrganon – мүше sensuum – қабылдау, сезу ) сезім мүшелері адам мен жануарлар организмінің ішкі және сыртқы ортаның әр түрлі әсерлерін қабылдап, мидың сезімтал орталықтарына жеткізетін талдағыштардың шеткі бөлімі, яғни рецепторлар. Рецепторлар денеге әсер етуші тітіркендіргіштердің белгілі бір нақты түрін ғана қабылдауға бейімделген. Орналасу орнына байланысты рецепторлар екіге бөлінеді олар экстерорецепторлар және интерорецепторлар болып бөлінеді.
Экстрорецепторлар қоршаған сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш әсерлерін ( дәм, иіс, жанасу сезімі, көру, есту, т.б. ) Интерорецепторлар – ішкі органдарда, қан және лимфа тамырлары қабырғаларында орналасып, осы органдардағы тітіркеністерді қабылдайды
Сезім жөнінде түсінік
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді.Олардың бірі ұнап – қуантса,екіншісі – қапаландырып,жеккөрушілік тудырады.Сезім түрі сан-алуан.Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның белгілі сезіміне себепші болады,мысалы,түсі ұнамайды,дауысы жағымсыз,дәмі татымсыз т.с.с. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең:өкініш пен қанағаттану,қуаныш пен қорқыныш,таңдану мен жиіркену - мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім – бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс болатын толғаныс,күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір.Ұлы ғұлама Ә.Науаи «Сезімсіз адам- кесек,махабатсыз адам – есек», - деген екен.Көп сезімдерге адамның өзі құштар.Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса адам «эмоциялық ашырқауға» келіп,оның орнын толтыру үшін ән – күй тыңдайды,әсерлі фильмдер көріп не қиял ғажайып оқиғалы кітаптар оқиды.
ХVIII-XIX ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды.Бұл бағыт мәні – адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды.Неміс психологы Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды.Бұл теорияға орай сезім – елестер арасындағы байланыстарға сай қарама – қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы,дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады.Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет – қылыққа себепші болады.
Неміс ғалым В.Вундт осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті болды.Оның пікірінше эмоция – бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етумен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері,ал кей жағадайда,ішкі өзгерістердің сезімге әсері,ал органикалық процестер – эмоцияның салдары ғана.
Эмоция қазіргі заман тарихы У.Джемстің 1884 ж. Жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды.У.Джемс және бұған байланыссыз Г.Ланге пайымдаған теория бойынша:сезімнің туындау себебі – сыртқы ырықты қозғалыстар,сонымен бірге,ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынаң болатын адамның кейіп өзгерістерінен.Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі- эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз – жылағанымыздан;қорқуымыз – қалтырауымыздан; қуанғанымыз – күлгенімізден >> (У.Джемс).Сонымен,эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық)органикалық өзгерістер,ғалымдардың ойынша,сезімдер себебіне ауысады.Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі беріледі:мысалы,ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға болады- мыс.
Джемс – Ланге тұжырымы бірнеше қарсы көзқарастар пайда етті.Негізгі сын айтқан У.Кеннон;әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір – біріне өте ұқсас,сондықтан олар адамның сан – алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді.Мысалы,қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар – шайқайды;африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді. Сонымен бірге,адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл – күйді бере алмайды.Кейде, мысалы,жағдайға орай «молдамыз» шығып,сіресе бағып,соңына шыдай алмай,күліп жіберуіміз осыдан.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай – күйлік қалып аймағынан шығарып,дененің әсер еткен жағдайға,оқиғаға болған жауап әрекеті деп танағанды жөн көреді.Мұндай түсінік Ч.Дарвин еңбектерінде де берілген.Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет,мысалы,жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек,немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы.Мысалы,алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіп – қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген.Кейін бұл теорияны Э.Клапаред жалғастырды.Ол «қандай да бір сезімнің туындауы – адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан.Егер адам қашып,құтыла алатын болса,ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді», - деп жазады.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл – ой(когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады.Олар ішінде Л.Фестингердің сана үйлесімсіздігі теориясы өз алдына.Бұл көқарастың мәні:адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай,күйзеліс эмоциясына түседі,яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады.Ал іс - әрекеттің нақты нәтижесі мен көзделген ниет өзара сәйкес келсе,адамда жағымды сезім туады.Ақыл – ой үйлесімсіздігінен құтылудың екі жолы бар:1)өз ниетіңді шындыққа сәйкес өзгерту;2)ниетке сай болатындай әрекеттің жаңа жолдарын іздестіру.Сонымен,когнитивтік теория адамның сезімдік кейпін оның әрекет,қылықтарның негізгі себепшісі ретінде қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет