Жер бетіндегі тіршілік эволюциясыныѕ ќолы жеткен еѕ жоєарєы жетістігі –ойлай білетін адамныѕ дїниеге келуі


Эмпатия – қайғы – қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басына түскендей сезіну. Құмарлық



бет5/5
Дата10.12.2023
өлшемі18,12 Kb.
#136613
1   2   3   4   5
Эмпатия қайғы – қасіретті жағдайлар мен қиыншылықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық білдіріп, солардың ауыр халі өз басына түскендей сезіну.
Құмарлық. Құмарлық көрінісі анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол әрқашан белгілі бір затқа бағытталады. Құмарлық – адамның белсенді іс - әрекетін оятатын күшті сезім. Оның ұнамды және ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, оқуға деген құмарлық адам қабілетін тәрбиелейді, мәдениетін дамытып, өмірдегі мақсат – мүддесіне жеткізеді. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркін нашарлатады, жан дүниесін аздырып, бей – берекетсіздікке ұшыратады. Ұлы Абай <<Асық ойнаған аз ар, доп ойнаған тозар...>> деп бекер айтпаған
Сана – сезім
Адамның жануарлардан айырмашылығы – ол өзін танитын және білетін , өзін түзетін және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.
Сана – сезім – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Сана – сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.
Қорытынды бөлім. Адамның жануарлардан айырмашылығы – ол зін танитын және білетін, өзін түзетін және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Сана – сезім – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Сана сезім сыртқы ортаны және өзіңді - өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады. Өзін - өзі тану өзіндік сана – сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Сананың арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты – тіл, сөз. Тіл – бұл қоғамдық тарихи тәжірбие немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл сол адамның нақты санасының көрінісі.
Сезім организмде жүріп жатқан ерекше процстермен байланысқан.Сезім өмірдің барша өзгерістеріне өте нәзік адамның жүрек қағазы. Сезімдердің пайда болуы мен қалыптасуында үлкен ми жарымшалар қабығы маңызды қызмет атқарады. Ми қабығы эмоция желісі мен көрінісін реттеп денедегі барлық құбылыстарды өз бақылауына алады, қабық асты орталықтарын тежеумен, оларға басшылық етеді.
Ұлттық психлогияның құрылымдық күрделі элементтерінің бірі ұлттық сана – сезім . Ұлттық сана- сезім дегеніміз өзінің ұлттық өкілдігін мойындай отырып, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет