Сезім ерекшеліктері Адам сезімі дара тұлғалық қасиет.Осыған орай әр адам нақты жағдайда бір зат не құбылысқа өзінше баға беріп,белгілі бір,екінші адамдағыға ұқсамайтын көңіл кейпіне беріледі.Аш адам мен тоқ адамның бір тағамға болған әр түрлі қатынасы осыдан.Еске түскен заттар не оқиғалардың да бағамының бірдей болмауы да осы себеппен түсіндіріледі:әдетте,қуанышты жағдайда араласқан объекттер(адам,зат,оқиға) жылы сезіммен еске алынады.Әрқандай сезім жеке тұлғаның мәнді сипатын білдіреді.
Сезімдер адамның қоршаған дүниеге қатынасын ғана білдіріп қоймастан,ол жөніндегі ақпарат көзі болып та табылады.Бұл тұрғыдан нысан бейнесі эмоцияның танымдық тарапы болады да,ал сол мезеттегі адам кейпі сезімнің субъектив элементін танытады.
Сезімдер адамның қасиеттерімен тығыз байланысты.Субъекті қажеттілігі және сол қажеттілкті қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметіне орай сезімдер екі ірі топқа бөлінеді.Біріншісі – қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа,айрықша мән қосып,оларды қанағаттандыру әрекетінің сеп – түрткісіне айналдырушы сезімдер.Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшін аса қажетсіну және оған сай заттар қолда болуы керек.Көңіл-күй серпінісі қажет-тілікпен үйлесе келе,іс-әрекеттің бастауын береді,оған ынталандырады және бағыт-бағдарлы жетекшісіне айналды.
Осылайша,мұндай сезімдеріс- әрекетпен сәйкестікке түседі.Бұл эмоциялар психологияда жетекші ниеттер аталған.
Екінші эмоциялық құбылыстар тобына – жетекші ниет, бұған басталғанішкі не сыртқы іс - әрекет ізімен туындайтын сезімдер кіреді.Бұндай сезімдік толғаныстар әдейі немесе ырықты деп аталады.
Сезімдердің өзіндік ерекшелігі олардың қарама – қарсылықты сипатынан көрінеді. Мұндай сипат қарапайым әсерленуге де (рахаттану,қысылу), сондай –ақ күрделі толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш-мұң, көңілді-қайғылы, т.б.) тән.
Сезімдерге ғана тән аса маңызды сипат – олардың бірігімді (интегралды) келуі. Сезім бүкіл денені билеп, адам кейпін ерекше әсерге бөлейді. Барша дене қызметтерінің басын бір сәтте біріктірумен сезім өздігінен организмге пайдалы не зиян әсердің хабаршы қызметін атқарады. Сезімдік сигнал әсер орны мен дененің жауап әрекеті айқындалмай жатып та санаға жетуі мүмкін.
Сезімдердің тағы бір маңызды ерекшелігі – олардың денедегі тіршілік әрекеттерімен тікелей байланысты болуы. Сезім ықпалынан адамның ішкі тән қызметі өзгеріске түседі: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, ішкі және сыртқы секреция бездері. Шектен тыс ұзақ уақыт және қарқынды болған көңіл – күй толғаныстары организмді сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш – жүрек ауруларына соқтырып, ашу – бауырды, жабырқау мен мұң – асқазанды бұзады (М. И. Аставацатуров). Сезім әрқашан қозғалыста болып, тұрақты және ауыспалы элементтердің тұтастай бірлігінен құралады. Бұл сезім желісінде, бір жағынан – бір ізді қысқа мерзімді толғаныстар құрылымын: пайда болу, өрбу, шыңына жету, сөну, екінші жағынан - әртүрлі толғаныстар түйдегінен түзілген ұзақ мерзімді сезімдер құрылымын айыруға болады. Барлық сезімдер бір – біріне қайшы келген екі бағытта берілнді деген В. Вундт олар: сүйсіну – жеркену, қозу – тыншу, көңілдену – мұңаю, т.б.