Жер ғаламшарын қоршап тұрған ауа қабықшасы. Атмосфераның ішкі қабаты гидросфераны және ішінара жер қыртысын жабады. Сыртқы қабаты ғарыш кеңістігінің Жер төңірегіндегі бөлігімен шектеседі



бет2/8
Дата19.02.2022
өлшемі43,62 Kb.
#25908
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Метеорология 2,3,4

Тропосфера деп аталатын атмосфераның төменгі бөлігі — қасиеттері мен құбылыстары жағынан ең алуан түрлі қабат. Тропосфера полюстердің үстінде 8-9 км, қоңыржай ендіктерде 10-12 км, экваторда 16-18 км биіктікке дейін созылып жатыр.

Тропосферадағы ауа температурасы қатты өзгереді. Экватор маңындағы жер бетінде орташа жылдың ауа температурасы +26° С-ты құрайды, ал солтүстік полюсте -23°С-қа тең. Осы қабатта жоғары температура төмендейді және көтерілген әрбір шақырым сайын орташа есеппен 6°С-қа төмендейді. Сондықтан атмосфераның бұл қабаты адам мен тірі организмдердің тіршілігі үшін — басты сфера. Атмосферадағы су буының 90% -ы тропосферада сақталған, сондықтан бұлттар мен жауын-шашындар осында пайда болады. Атмосфералық құбылыстар (найзағай, боран, дауыл), ауаның көлбеу және тік алмасуы, атмосфералық қысымның өзгеруі осы тропосферада туындайды. Тропосфераның сипатталған барлық ерекшеліктері жер бетіндегі ауа райы мен климаттың қалыптасуына үлкен әсер етеді.

Тропосфера мен стратосфера аралығындағы өтпелі қабатты (қалыңдығы 1-2 км) тропоүзіліс деп атайды. Одан жоғарыда 50-55 км биіктікке дейін стратосфера орналасқан. Стратосферада ауаның 20% -ы бар, ауа сұйылтылған, су буы жоқ дерлік. Сондықтан бұлттар мен жауын-шашындар пайда болмайды. Температурадағы үлкен айырмашылық та стратосфераның ерекшелігіне жатады, стратосфераның төменгі бөлігінде температура -45°С-тан 75°С-ңа дейін, ал биіктеген сайын, ауа температурасы +10 °С-қа дейін көтеріледі. Бұл 20 шақырымнан 30 шақырымға дейінгі биіктікте Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатын озонның (озон ңабаты) шоғырлануымен байланысты.

Стратосфераның үстінде шамамен 50-80 км биіктікте мезосфера қабаты созылып жатыр. Ауа тығыздығы Жер бетіндегіге қарағанда 200 есе аз, ал аспанның түсі қара болып көрінеді және күні бойы жұлдыздар байқалады. Мезосферада ауа температурасы -75°С-тан -90°С-қа дейін төмендейді (атмосферадағы ең төмен температура). Температураның жылдам төмендеуіне байланысты турбуленттілік қатты дамыған және мұзды кристалдардан тұратын күміс түстес бұлттар пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет