Жер құқығы қатынастары



Дата14.05.2023
өлшемі25,48 Kb.
#93045
Байланысты:
Жер құқығы қатынастары


Жер құқығы қатынастары
Жер құқығы — құқықтың мемлекеттегі жер қатынастарын реттейтін саласы. Жер құқығы Қазақстан Республикасында дербес құқық саласы болып табылады. 
Жер құқығы қатынастарының субъектілері болып, жер құқығы қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтары бар, әрі осы құқық қатынасында міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет танылады.
Жер құқығы қатынастарындағы құқық субъектіліктің негізгілері болып мыналар табылады: субъектінің жер құқығы қатынасына қатысуы; осы құқықтық қатынаста құқықтар мен міндеттерді иеленуі.Құқық субъектіліктің мұндай белгілерінен мынандай қорытынды шығады: жер құқығы қатынастарының субъектісі болып кез-келген тұлға емес, тек жер заңдарына сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие немесе жер қатынастарына қатысумен байланысты құқықтарға ие тұлғалар ғана тавбылады.
«Жер кодексінде» жер пайдаланушылар бірнеше топқа бөліп қарастырылған.тұлғалардың жерге деген құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктері олардың құқықтық мәртебесіне қарай анықталады және жерге деген құқықтары мен міндеттері белгіленеді. Мемлекеттік емес жер пайдаланушылар болып азаматтар және немесе мемлекеттік емес зхаңды тұлғалар табылады.Тұрақты жер пайдаланушылар-жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар.Бастапқы жер пайдаланушылар-жер пайдалану құқығын заңда көзделген тәртіппен тікелей мемлекеттен не осы құқықтан айыру тәртібімен басқа да бастапқы жер пайдаланушылардан алған тұлғалар.
Жер учаскелеріне ортақ үлестік менншік пен ортақ үлестік пайдалану ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде де рұқсат етіледі.
Бірлесе отырып шаруашылықты жүргізуші ерлі-зайыптылар, балалары, сонымен қатар асырап алған балалары, ата- аналары және басқа да жақын туыстары шаруақожалығының мүшелері болып табылады.Шаруа фермер қожалығының басшысы ретінде Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған кез-келген әрекетке қабілетті азаматы бола алады. Шаруа ферме қожалығының басты белгісі мына анықтамадан көрініс табады: шаруа фермер қожалығы дегеніміз-жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыра отырып, тауарлы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және осы өнімдерді қайта өндеп, өткізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді үздіксіз пайдаланатын тұлғалардың отбасылық еңбектік бірлестігі.
«Жер кодексі» жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын, соның ішінде, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде шаруа фермер қожалығын жүргізу құқығын реттеуге бағытталған жер қатынастарының жаңа нысанасын орнықтырды.
Мысалы, Қазақстан Республикасының азаматтары «Жер кодексінің» 36- бабына және Шаруа фермер қожалығы туралы заңдарына сәйкес, жер учаскелерін шалғайдағы мал шараушылығы маусымдық жайылымдар үшін тұрғын халықтың мал жаюы үшін және басқа да жағдайларды уақытша ақысыз жер пайдалану құқығының негізінде пайдалана алады.
Мұндай жайылымдық жер пайдаланудың түрі оларға жеке меншік құқығы немесе уақытша ақылы жер пайдалану құқығы негізінде берілген жер учаскелерін есептемегенде, 49 жылға дейін берілуі мүмкін.

Жер құқық қатынастарының түсінігі. Олардың құрылымы. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.


Жер құқық қатынастары— жеке меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскесін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар б.танылады. Ж.қ.қ. материалдық және ісжүргізушілік ж.қ.қ. болып бөлінеді. Материалдық ж.қ.қ. — іс жүргізушілік қатынастарының пайда болу шарттарының негізі. Іс жүргізушілік ж.қ.қ— материалдық қ.қ динамикасын қамтамасыз етеді және жаңа материалдық қ.қ.ның пайда болуы мен дамуының тәсілі болып табылады. Ж.қ.қ. субъектілері бойынша жер пайдаланушылар мен жеке меншік иелері болып табылады. Олардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты: мемлекеттік және мемлекеттік емес; ұлттық және шетелдік; алғашқы және кейінгі болып бөлінеді. Ж.қ.қ. реттеуші және қорғаушы болып бөлінеді. Реттеуші қ.қ. деп ж.қ.қ. қатысушысы өз көзқарасын ж.қ.н.ға сәйкес дәл білдірсе, жер туралы заңнаманың міндеттеріне, мақсаттарына және қағидаларына жауап беретін позитивтік әрекеттер туындайтын қатынастар.Ж.қ.қ. қатысушылары жер құқығының нормалары мен талаптарын бұзған жағдайда қорғаушы қ.қ. туындайды.жер қатынастары бір жақты (жеке меншік құқығы, жер пайдалану құқығынан бас тарту) әрі көпжақты (жер учаскесіне қатысты шарт мәмлелер, жер учаскесіне ортақ меншік құқығы, ортақ үлестік меншік, кондоминиум және т.б.)
Ж.қ.қ. субъектілері— жер құқықтық қатынастарына қатысушылар болып табылатын және соған орай құқықтар мен міндеттер атқаратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттер. Ж.қ.қ.ның жер пайдалану саласындағы субъектілері мыналар: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік, жеке және заңды тұлғалар, тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі субъектілер.
Жер қатынастары объектісі дегеніміз ҚР аумағының шегіндегі бүкіл жер, онда не орналасқанына және жекелеген субъектілеріне бекітіліп берілуінің құқықтық негіздеріне қарамастан жекелеген жер учаскелері, жер учаскелері мен жер үлестеріне құқықтар.Ж.қ.қ. объектісі болып таза табиғи түрдегі жер емес, жердің бекітілген құқықтық режимі табылады.Ж.қ.қ. объектілеріне жер қоры, жер қорының жекелеген санаттары, жер учаскесі, жер үлесі жатады.
Ж.қ.қ. мазмұны ж.қ.қ. субъектілерінің әрекеттерін анықтайтын құқықтар мен міндеттердің байланысынан тұрады. Ж.қ.қ. субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ж.қ.қ. мазмұнын береді. Ж.қ.қ. субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің көлемі,оның мазмұны келесі жағдайларға байланысты:а)формасына, жерге меншік және жер пайдалану түріне. Құқықтар мен міндеттердің үлкен көлемі жерге меншік иесіне тиесілі; б) субъектілердің түрінің құқықтық мәртебесіне. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың құқықтары көлемі және мазмұны бойынша ерекшеленеді.
Құқықтар мен міндеттер әр түрлі негіздер мен критерийлерге байланысты:а)субъектілердің түрінің құқықтық мәртебесіне ба йланысты (ҚР азаматы, ұлттық заңды тұлға, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары, мем/к ж/е мем/к емес заңды тұлғалар); б) жер учаскесінің құқықтық фрамасына бай\ты(жерге меншік, жер пайдалану құқығы); в)жер пайдалану құқығына бай/т


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет