КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының жаңа
Азаматтық кодексі Қазақстан
Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт
таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық,
ұлтаралық, діни келісім мен
татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда
құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде.
Экономикасы жоғарғы деңгейде
дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды.
Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе
мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу. Сондықтан ортақ мншік жөнінде
кустық жұмыс жазып отырмын.
Азаматтық құқық қатынастарында басты туындайтын мәселе бұл меншік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда ортақ меншік құқығын қарастырамын.
Курстық жұмыс барысында ортақ меншікті жеке меншіктен және мемлекеттік
меншіктен қандай айырмашылығы бар екенін қарастырдым. Ортақ меншіктің
қоғамда алатын орны және т.б.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті –
ортақ меншікті кім
пайдалана алатының, оның қандай турлері бар екенің, оның қоғамда даму
деңгейін көрсету болып табылады.
Бұл жұмысты жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу,
жинау әдіс- тәсілдерін қолдандым.
Менің негізгі көтерген мәселем – бұл ортақ меншік құқығын кім иелене,
пайдалана, биілік ете алатыны жайлы.
Бұл курстық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі ортақ
меншік туралы
толық мағлұмат алуға болады. Қазақстандағы ортақ меншіктің дамуы, оны қай
салаларда қолдануға болатындығы туралы баяндалады. Ортақ меншіктің құқық
қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады.
Курстық жұмыстағы көтерілген ортақ меншік мәселесі бойынша жоғарғы
оқу орындарындағы студенттері Азаматтық құқық және міндеттемелік құқық не
3
болмаса кәсіпкерлік құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады.
Сонымен бірге, практикалық жұмыста да қолдануға болады.
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы
уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар
тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да
күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың
негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының
ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп
отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде
жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді.
Қазақстан қазіргі кезде әлемдік нарықтық қатынастарға
белсене араласатын
тәуелсіз мемлекет болғандықтан халықаралық қатынастарды реттейтін
заңнамалар мен актілерді бекітуде. Мұның бәрі құқықтың сан алуан
салаларындағы өзгерістерді туғызуда. Сондықтан менің курстық жұмысымның
тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақ халқының тарихы өте күрделі кезеңдерді басынан кешкені белгілі.
Соған байланысты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет болу кезеңдерінде біршама
заңдардың қабылданғанын білеміз. Мысалы XVІ ғасырдың бірінші ширегінде
Қасым хан (1511-1520 жж.) тұсында «Қасым ханның қасқа жолы»
атты акті
қабылданса, Есім хан билік еткен кезде (1598-1628 жж.) «Есім ханның ескі
жолы» аталған заң қабылданған еді. Ал бізге тарихтар қойнауынан хат жолымен
жеткені Тәуке ханның (1680-171 жж.) «Жеті жарғысы» аталған жинақ болып
отыр. Оның маңызы туралы, ондағы мүліктік және мүліктік
емес құқық
объектілері туралы сөз қозғау өз алдына бөлек зерттеуді талап етеді. Әңгіме
біздің алып отырған тақырыбымыздың бастауы сонау ықылым заманнан бері
келе жатқан өзекті мәселелердің бірі.
4