Масштаб – жер бетіндегі қашықтықтың қағаз бетіне неше есе кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан.
Сандық масштаб – жер бетіндегі қашықтықтың қағаз бетінде бірнеше есе кішірейтіп көрсетілген бейнесі. Мысалы, 1: 5 000, 1: 100 000, 1 : 2 500 000.
Атаулы масштаб – жер бетіндегі горизонталдық қашықтықтың мөлшерінің картадағы бір сантиметрге сәйкес екендігін көрсетеді. Мысалы, картадағы 1 сантиметрге жер бетіндегі қашықтықтың тең келетіндігін көрсететін масштаб түрі (1 cм – 100 метр).
Сызықтық масштаб – картадағы арақашықтықты есептеуге қолайлы түзу сызық бойы бірнеше бөлікке бөлінген ұзындық санағы бар графиктік кесінді.
Азимут – картада немесе жергілікті жерде солтүстік бағыт пен 360° бойынша қандай да бір заттың арасындағы бұрыш.
Абсолют биіктігі – мұхит деңгейінен есептелетін биіктік. Одан жоғары нүктелердің биіктігі – оң(+), төмен жатқан нүктелердікі теріс(-) болады.
Салыстырмалы биіктік – жер бетіндегі кез келген бір нүктенің басқа нүктелерден биіктік айырмасы. Мысалы, төбенің етегінен ең биік нүктесіне дейінгі аралықты айтамыз. Оны өлшеу үшін нивелирлеу әдісі қолданылады. Нивелир биіктігі 1 м.
Горизонтальдар – биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық. План мен картада жер бедерін бейнелеу үшін горизонтальдарды(изогипстер) – абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды қолданады. Тереңдігі бірдей нүктелерді қосатын изобат сызығы.
Бергштрих – ылдидың бағытын көрсету үшін горизонтальдарға перпендикуляр кішкене сызықша.
Достарыңызбен бөлісу: |