Жер Жер – Күн жүйесінің ғаламшарларының бірі. Ол шексіз кеңістіктегі, диаметрі 12 756 км кішкене шар. Жер Күнді орташа есеппен 150 млн км қашықтықта айналып жүреді



бет2/4
Дата06.04.2022
өлшемі277,24 Kb.
#30120
1   2   3   4
Географиялық карта – Жер бедерінің шартты белгілермен кішірейтіліп бейнеленуі. Картаның құрамдас бөліктері: математикалық негізі, картаның мазмұны, шартты белгісі, қосымша деректері.



1-сурет. Географиялық карталар жіктелуі

Меридиан деп біздің планетамызға тігінен түсірілген сызықты, ал параллель деп экваторға көлденең орналасқан сызықтарды айтамыз.

Градус торы – меридиандар мен параллельдердің өзара қиылысуынан пайда болған тор.

Барлық меридиандардың ұзындықтары бірдей. Лондон қаласында Гринвич обсерваториясының үстінен өтетін меридиан – бастапқы меридиан («нөлдік» меридиан) деп аталады. Халықаралық келісім бойынша шартты түрде 1884 жылдан бастап, бастапқы меридиан ретінде қолданысқа енді.

Параллельдің ұзындықтары экватордан полюстерге қарай қысқара береді. Ең ұзын параллель – экватор. Экватордың ұзындығы – 40 076 км.

Географиялық ендік (φ) – жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш (0°-90°).

Географиялық бойлық (λ) – Жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілетін тік сызық пен бастапқы меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш (0°-180°).

Жердің дәл үлгісі – глобус. Глобус – картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынасы сақталған Жердің шар тәрізді үлгісі. Глобустың картадан айырмашылығы – бұрмаланулар жоқ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет