Географиялық карта – Жер бедерінің шартты белгілермен кішірейтіліп бейнеленуі. Картаның құрамдас бөліктері: математикалық негізі, картаның мазмұны, шартты белгісі, қосымша деректері.
1-сурет. Географиялық карталар жіктелуі
Меридиан деп біздің планетамызға тігінен түсірілген сызықты, ал параллель деп экваторға көлденең орналасқан сызықтарды айтамыз.
Градус торы – меридиандар мен параллельдердің өзара қиылысуынан пайда болған тор.
Барлық меридиандардың ұзындықтары бірдей. Лондон қаласында Гринвич обсерваториясының үстінен өтетін меридиан – бастапқы меридиан («нөлдік» меридиан) деп аталады. Халықаралық келісім бойынша шартты түрде 1884 жылдан бастап, бастапқы меридиан ретінде қолданысқа енді.
Параллельдің ұзындықтары экватордан полюстерге қарай қысқара береді. Ең ұзын параллель – экватор. Экватордың ұзындығы – 40 076 км.
Географиялық ендік (φ) – жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш (0°-90°).
Географиялық бойлық (λ) – Жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілетін тік сызық пен бастапқы меридиан жазықтығы арасындағы бұрыш (0°-180°).
Жердің дәл үлгісі – глобус. Глобус – картографиялық бейнелер түсірілген, кескіндердің геометриялық ұқсастығы мен аудандардың арақатынасы сақталған Жердің шар тәрізді үлгісі. Глобустың картадан айырмашылығы – бұрмаланулар жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |