Жер кадастры деп жер туралы мәліметтердің жиынтығын атайды


Жерді тиімді пайдаланудың тетігі оларға ренталық төлем шамасын белгілеу



бет2/8
Дата19.05.2022
өлшемі78,9 Kb.
#35056
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс

Жерді тиімді пайдаланудың тетігі оларға ренталық төлем шамасын белгілеу.
Елбасы ағымдағы жылғы “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында, алдағы онжылдықта ел дамуына бағыт­талған жаңа міндеттерді айқындап берді. Онда ел экономикасының дамуы мен оның бәсекелестікке қабілеттілігін арттырудағы негізгі табыс кілті – ұлттық экономиканы әртараптандыруға баса назар аударылды. Жолдауда әртараптан­ды­рудың басты бір сегменті ре­тін­де агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­тудың негізгі үш бағыты атап көр­сетілді, яғни оның біріншісі – 2014 жылға аталған салада өнім­ді­лікті кем дегенде екі есе арт­ты­ру, екіншісі – елдің азық-түлік қау­іпсіздігін қамтамасыз ету, үшіншісі – экспорттық әлеуетті іске асыру.

Аталмыш міндеттерді іске асы­рудағы аграрлық-индустрия­лық әртараптандыру арқылы ау­ылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құ­рал-жабдықтар мен жаңа техно­ло­гияларды енгізу, ауыл шаруашы­лы­ғында заман талабына сәйкес, са­палы өнім өндіруге жаңа көз­қарасты қалыптастыру, сонымен қатар әлемдік тәжірибені кеңінен пайдалану – бүгінде еліміз өзді­гінен шеше алатын істер. Бұл рет­те, әрине, ауыл шаруашылығында негізгі өндіріс құралы болып са­налатын жер ресурстарын тиімді пай­далану, аталған міндеттерді іске асыруда аса маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ашық нарықтық экономика жағдайында және әлемдік азық-түлік рыногында орын алып отыр­ған үлкен бәсекелестікте ау­ыл шаруашылығы өндірісінде же­тіс­тіктерге жету үшін де жерді ти­ім­ді пайдалану басты шарт болып та­былады. Қазіргі кезде рес­пуб­ликамыздағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 91, 7 млн. га, оның ішінде егістік жерлер – 22,5 млн. га. Бұл ретте, егістік жерлердің 70 пайызы Қос­танай, Ақмола, Солтүстік Қа­зақ­стан және Павлодар облыс­та­рында шоғырланған. Сонымен қа­тар, республика бойынша 2,1 млн. га суармалы жер бар, оның ішінде 1,4 млн. гектары егістік жер және ол негізінен (80%) Ал­ма­ты, Оңтүстік Қазақстан, Жам­был, Қызылорда және Шығыс Қ­а­зақ­стан облыстарында орналасқан.Дегенмен, Ауыл шаруашы­лығы министрлігінің Су ресурс­тары комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы суармалы жер­лердің 37%-ы пайдаланылмаған. Он­ың басты себептері, көп жыл­дар­дан бері суару жүйелерінің тех­ни­калық төмен жабдықталуы, су тар­ту мен су бөлу жүйелерінің ес­кі­руі және алаптардың қайта сор­лануы топырақ сапасын нашар­латып, аталған жерлерді тиімді пайдалануға кері әсерін тигізуде.


Елімізде, ТМД елдері мен бас­қа да шет мемлекеттердің заң­на­маларына сәйкес, ауыл шаруа­шы­лығы жерлерін тиімді пайдалану қатысты мәселелер негізінен екі бағытта жүргізіледі.


Біріншісі, мемлекет тарапынан жерді тиімді пайдалануға қатысты жүргізілетін іс-қимылдар. Оларды мақсатына қарай үш бөлікке бө­луге болады. Олардың алғашқысы жерді тиімді пайдалануға байла­ныс­ты заңнамаларды жетілдіру. Қолданыстағы Жер кодексіне сәйкес (92-бап), екі жыл пайда­лан­баған жер учаскелері, жерді бақылау инспекциялары тарпы­нан жазбаша ескерту берілген соң, жер учаскесі тағы да бір жыл пайдаланылмаған жағдайда, сот тәртібінде жер учаскесі оның иесінен мәжбүрлеп алынады. Ал ауылшаруашылық жерлері оларды пайдалануда жер құнарлылығының едәуір төмендеуіне соғатын болса (93-бап), жер инспекциясының, талап арыз беруден үш ай бұрын, заң бұзылуын жою туралы жазбаша ескертуден кейін ғана және осы мер­зімде жер иесі заңдардың бұ­зы­луын жоймаған жағдайда сот тәр­тібімен жер учаскесі мәжбүрлеп алынуы мүмкін.


Жерді пайдаланбауына байла­нысты жер учаскесін алу механизмі өте күрделі және сот процедурасын қоспағанның өзінде, жерді пайда­ланбау мерзімі үш жылға дейін со­зылады. Бұдан басқа жер құнар­лылығының төмендеуіне байланыс­ты оларды алып қою тетігі жер құ­нарлылығының төмендеуінің көр­сеткіштері заңнамалармен бел­гіленбеуіне байланысты бүгінгі күні аталған заң бұзушылық бойынша шара қолдану мүмкін емес. Осы се­бепті, агенттік тарапынан Жер ко­дек­сіне тиісті ұсыныстар әзірленіп, қа­зіргі кезде олар Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл ретте, жерді пайдаланбағаны үшін оларды алып қою тетігін жетілдіру және ауылшаруашылық жерлерінің ұзақ мерзімге айналымнан шығып қалуының алдын алу мақсатында, кодексте белгіленген екі жыл пай­даланбау мерзімі 5 жыл кезеңдегі екі жыл пайдаланбаған мерзімнен тұратын болады.Сонымен қатар, жер құнарлы­лығын төмендетуге байланысты көрсеткіштер Үкімет бекітетін жерді тиімді пайдаланудың тәртібі құрамында белгіленетін болады. Жер құнарлылығы көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жүргізу мақсатында Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігінің құрамында бо­лып келген “Республикалық агро­химия қызметінің ғылыми ме­тодикалық орталығы” мемлекеттік мекемесі Үкімет қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігі құрамына берілді.


Келесі шара – ауыл шаруашы­лы­ғына субсидиялар беруді жүйе­лендіру. Аталған мәселе бойынша мемлекет саясатының мәні, ол ауыл шаруашылық субъектілеріне берілетін субсидияларды озық тех­но­логиялар мен сапалы ауыл ша­руа­шылық өнімдерін өндіретін жә­не жер ресурстарын тиімді пай­дала­натын субъектілерге басымдылық ретінде беруді жүйелендіру болып табылады.Соңғысы – жер пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Мем­лекеттің басты әкімшілік функ­цияларына жататын мем­ле­кет­тік бақылаудың негізгі мақсаты жер пайдалануда заңдылықтардың сақ­та­луын бақылау болып табыла­ды. Атал­ған функцияны агенттіктің өңір­аралық жер инспекциялары атқарады. Былтырғы жылдың қо­ры­тындысы бойынша, агенттіктің жер инспек­циялары көлемі 1,3 млн. га жерде 9 мыңнан аса пайда­ла­ныл­майтын жер учаскелерін анық­тады. Сонымен қатар, көлемі 2,04 млн. га болатын 3,4 мың жер учас­келері иесіз учаскелер ретінде есепке қойылды.Бұдан басқа, ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы жерлерге қа­тысты инспекция көлемі 1,6 млн. га жерде 1,6 мың тексеріс жүргізіп, жалпы көлемі 416,3 мың га жерде 894 жер заңнамасы нормаларының бұзылуын анықтады. Тексеріс нәтижелері бойынша 894 субъекті жауапкершілікке тартылды (ау­ыл­шаруашылығына белгіленген жер­лер­ді тиімсіз пайдалану немесе мүл­де пайдаланбағаны үшін) оларға жалпы сомасы 17,9 млн. теңге айыппұл салынды және 119 жағ­дайда ескерту түрінде әкімшілік ша­р­алар қолданылды. Көлемі 41,1 мың га болатын 9 жер учаскелері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындалды. Аграрлық сек­тордың иелік етуші субъек­тілеріне нысаналы белгіленген ауданы 583,3 мың га жерлерді пайдалану қажеттілігі туралы 5,1 мың ескерту хаттар жіберілді. Ауыл шаруашылығы мақсатында пайда­ланылатын 480,2 мың га жерлер жер пайдаланушылардың иелігінен шығарылып, мемлекеттік меншікке қайтарылды.Жерлерді тиімді пайдалану бой­ынша мемлекет тарапынан жүр­гізілетін іс-шаралардың келесі бір бағыты, ол жер иелерінің өздері бастамашы болатын іс-қимылдар.Еліміздің заман талабына сай нарықтық экономикаға көшуіне байланысты, республикамыздағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерлері негізінен мемлекеттік емес субъектілердің иелігіне көшкені аян. Осы себепті, ауылшаруа­шы­лық жерлерінің 98 пайызынан а­с­та­мы 207 мың шаруа қожалықтары және 7,1 мың шаруашылық серік­тес­тіктер, акционерлік қоғамдар мен ауылшаруашылық коопера­тив­­терінің иелігінде. Сондықтан да, өз иеліктеріндегі жерлерді тиімді пай­далану мен оларды қорғау аталған субъектілердің басты мүддесі мен міндеті.


Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалануда шаруашылықтардың жер көлемі, ауылшаруа­шы­л­ық мәшинелерін пайдалану тиімділігі мен ауыл шаруашылығын өнеркәсіптік жүйеге бейімдеуге және де жаңа технологияларды енгізуге айтарлықтай әсерін тигізеді деп атауға болады.Қазіргі кезде, солтүстік өңірлер­де шаруа қожалықтарының орташа жер көлемі 400 гектардан 720 гек­тарға дейін, ал оңтүстік өңірлерде 20-дан 162 гектарға дейін құрап отыр. Сол себепті, шаруа қожалық­тары жерлерін біріктіру арқылы оларды ірілендіру, сол арқылы өн­дірісті тиімді жүргізудің тәсілдерін дамыту, өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Заңнамаларға сәйкес, мұндай бастама жер пайда­лау­шылардың еркімен жүргізіледі. Мемлекет тарапынан оларды ын­та­ландыруда экономикалық тетіктер, яғни субсидияларды беруді жүйе­лендіру арқылы, шаруашылық­тар­ды ірілендіруге және озық техно­логияларды пайдалануға екпін беру қолданылады.


Бұдан басқа, ауыл шарушылығы жерлерін тиімді пайдалану арқылы, осы салада еңбек өнімділігін арт­тырудың ауыл шаруашылығы субъек­тілеріне тиесілі келесі бір бағыт – жерді пайдаланудың ғылы­ми негізделген жерге орналастыру жобаларын жасау. Жоба аясында жерді сапасы мен мақсатына орай орналастыру шаралары, ауыспалы егістерді қолдануды ұйымдастыру, жерді жел және су эрозиясынан қорғауға және топырақ құнар­лылығын арттыруға негізделген жер­ді өңдеудің технологиялық кар­таларын жасау, рынок сұранысына орай, жергілікті жерге бейімделген ауылшаруашылық дақылдарының құрамын анықтау, тағы да басқа осы айтылған мәселеге қатысты кешенді жұмыстарды жүргізу. Осы себепті бұл шараларды жүргізу жер иелерінің олардың мүдделерімен қатар осы саладағы мемлекет саясатымен ұштасатын іс-шаралар десек қателеспейміз.


Қорытынды

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл – ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.


Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жадайын сақтап, оның ресурстарын тиімды пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынының артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми – техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай тұр. Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті. Сондықтан да табиғат байлығын кешенді, үнемді пайдалану кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселеге айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары негізінде, олардың үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.


Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының маңызы зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, т.с.с. экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі.


Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау білікті инженер, экономист мамандар даярлаумен де тікелей байланысты. Өйткені қазіргі өндіріс басшыларымен ұйымдастырушылары өндіріс қорларын игеру экономикасын оның ішінде табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаның қорғау мәселесін терң меңгеруге, қоғамға қажетті өндіріс қорларын ұйымдастыра білуге қабілетті болуға тиіс.


Бұл еңбекте табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың қазіргі жағдайы; ғылыми – техникалық жетістіктер деңгейі, олардың табиғатты пайдалануға әсері; табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістері; табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін анықтау; оған экономикалық ынталандыру, басқару, ұйымдастыру әдістері қарастырылады. Сондай – ақ студенттер мен табиғат байлығын пайдаланушы өндіріс мамандарының табиғат байлығын пайдалану мен табиғи ортаны қорғау экономикасын үйренуіне көмектеседі.


Қолданылған әдебиеттер
1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров А.У. “ Экономикалық теория ” /Астана 2002ж.-464 бет

2. Есекин Б. Прогресс Казахстана в достижении целей Повестки дня XXI века //Экология и устойчивое развитие.-2001 г


3. Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т. “ Қазіргі экономика ”


/Тараз, 2001 ж.


4. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. “ Табиғат қорғау ”


/Алматы 1990 ж.-412 бет


5. Мұқауұлы С., Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ”


/Алматы 1999 ж.-270 бет


Жер салығы
12.07.2011, 23:26
КІРІСПЕ
Жер саласында жиналған мәселелерді шешу, ауыл шаруашылығына инвестицияларды енгізу жағдайын құру мақсатында 2003 жылдың маусымында ел Президентінің Жарлығымен Жер Кодексі қабылданды. Оның қабылдануынан бастап алғаш рет жерге жеке меншік мәселелері мен онымен азаматтық құқықтық мәмілелер реттеліп жатқанын айтуға болады.
Алайда, жерді жеке меншікке сату үрдісі оңай жұмыс емес және оны бір заңнамалық актімен шешуге болмайды. Жерге жеке меншік ауыл шаруашылығын тиімді енгізу шарты ретінде шешуші мәнге ие емес.
Қазақстанның барлық азаматтарының жерге және оның қойнауына иелену құқығына конститутциялық теңдігінен шыға отырып, мемлекет елдің ұлттық, табиғи-климаттық және шаруашылық-тарихи жағдайын, әрбір қазақстандықтың мүддесін ескеретін жеке меншікті енгізудің механизмін өңдеуі керек.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі ғасырдың аяғында қалыптасты, 10 салықтан, 14 жиыннан және 10 төлемнен құралады. Қазақстан республикасында әрекет ететін салықтар, жиындар және басқа да міндетті төлемдер сәйкес бюджет кірістеріне Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуірінен бастап нақты Бюджет кодексі негізінде түседі.
Қазақстан Республикасындағы жер өндірістің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Жер салығының ставкалары азаматтарға және ауыл шаруашылық өндірушілеріне өнімді өсіру мен өндіру үшін мүмкіндік беретіндей болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет