Жер кадастры деп жер туралы мәліметтердің жиынтығын атайды


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары



бет7/8
Дата19.05.2022
өлшемі78,9 Kb.
#35056
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәріс

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агрохимиялық қызмет – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) ауыспалы егіс – белгілі бір жер учаскесінде уақытымен ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми негізделген кезектестіріп егу;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тозуы – жердің табиғи-шаруашылық маңызының төмендеуіне әкеп соғатын табиғи және антропогендік әсерлердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қасиеттерінің нашарлауы;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты – жер учаскесінің, оның сәйкестендіру сипаттамаларының, сондай-ақ жер пайдалану объектісінің топырақ құнарлылығының құрастыру сәтіндегі нақты жай-күйін көрсететін құжат;
5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану – жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуді қамтитын жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, қажетті тиімділік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жерді оңтайлы пайдалану;
6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік немесе жер пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
7) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуі – соңғы екі агрохимиялық және (немесе) агромелиоративтік зерттеулердің нәтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі;
9) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттері, орналасқан жері, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктері) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын ауыл шаруашылығы жері аумағының таяудағы перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат.
3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану:
1) жердің құнарлығын сақтауды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы гумус құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгіленген деңгейі);
2) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін сақтауды және арттыруды;
3) ауыспалы егістің сақталуын;
4) мал шаруашылығы өнімін өндіру кезінде жайылымда оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету;
5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;
6) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерге арамшөп пен ағаш бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтарымен қоқыстауына жол бермеуді;
7) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде келесі құжаттардың болуы қажет:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 67 бұйрығымен бекітіліп, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10134 болып тіркелген № 4-АШ «Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп», № 29-АШ «Ауылшаруашылық дақылдардың түсімін жинау туралы» (жерді өсімдік өсіру үшін пайдаланғанда), № 24-АШ «Мал шаруашылығының жағдайы туралы есеп» статистикалық байқаулар;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 77 бұйрығымен бекітіліп, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10075 болып тіркелген № 6-р «Шаруа немесе фермер қожалықтарындағы жердің және егістік алқабының нақты бары туралы мәліметтер» № 6-ж «Шаруа немесе фермер қожалықтарындағы мал мен құстың, ауыл шаруашылығы техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» (жерді мал шаруашылығы үшін пайдалану кезінде) статистикалық байқаудың.
2) осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыспалы егістер жоспары (жерді өсімдік өсіру үшін пайдаланғанда);
3) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану тәртібі


5. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ғылыми ұйымдардың жалпыға ортақ пайдалану үшін шығарылған ұйғарымы негізінде бекітілген ауыспалы егіс жоспарына сәйкес ауыспалы егісті сақтап отырады.
6. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыспалы егіс жоспарын өсірілетін дақылдарды ротациялау жүйесінің таңдалуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының толық айналымына сай келетін кезеңге бекітеді. Бекітілген ауыспалы егіс жоспарының бір данасы жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
7. Мынадай көрсеткіштер бойынша топырақ құнарлылығын айтарлықтай төмендетуге:
1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы гумус құрамының бес пайыздан көп, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының жиырма пайыздан көп төмендеуіне;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жердің гумуспен және қоректендіру элементтерімен осы элементтермен өте төмен және төмен қамтамасыз етілген алаңдарының он пайыздан көп өсуіне жол берілмейді.
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералдық тыңайтқыштармен ластануы рұқсат етілген шектегі концентрациялардан жоғары асуына;
4) эрозия нәтижесінде жоғарғы гумус қабаты қуатының 5 сантиметрден көп темендеуіне;
5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының көбеюіне:
хлоридтердің 0,4 пайыздан көп болуына;
сульфаттардың 0,8 пайыздан көп болуына;
топырақта сортаңданудың 5 пайыздан көп жоғарылауына;
6) арам шөптердің не карантиндік өсімдіктің көп өсуіне (арам шөптердің саны рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары болуына) байланысты жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуына жол берілмейді.
8. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығы мен мелиоративтік жағдайы туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортында сипатталады, оның нысаны Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бекітіледі.
9. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін облыстың тиісті ауданы бойынша орташа, бірақ аудандық орташа көрсеткішінен кемінде сексен бес пайыз деңгейде қолдайды.
10. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ауыл шаруашылығы тауар өндіруші мал шаруашылығы мақсатында пайдаланған жағдайда:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен бекітіліп, нормативтік құқықтық актілеріді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11064 болып тіркелген (бұдан әрі – № 3-3/332 бұйрық) жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілген нормасының кемінде елу пайызын құрайтын мөлшерде;
2) № 3-3/332 бұйрықпен бекітілген, жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілген нормасынан аспауын қамтамасыз етеді.

3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерлді пайдалануды қамтамасыз ету тәртібі


11. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құнарлығы мониторингін және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптардың орындалуын агрохимиялық қызмет және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге топырақтық, агрохимиялық, фитосанитарлық зерттеулердің және жер мониторингін жүргізуден алынған деректердің негізінде жүргізеді.
Жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы құқық белгілейтін құжаттар берілгеннен кейін бір ай мерзім ішінде жаңадан берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы агрохимиялық қызметті хабардар етеді.
Агрохимиялық қызмет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден құқық беретін құжаттарды алғаннан кейін бір күнтізбелік жыл ішінде топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізеді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Жыртылған қабаттағы жалпы гумус құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – жеті жылда бір рет және суармалы жерде – бес жылда бір рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады және агрохимиялық тексерудің бастапқы (базалық) турда және кейінгі турларда белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.
13. Өсімдік шаруашылығы мақсатына арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші алған ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі туралы деректерді тиісті дақылдар бойынша аудандық орташа өнімділік көрсеткіштерімен салыстырады.
Аудандық орташа өнімділік дақылдар бөлінісінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылған және суарылмайтын жерлерге бөлумен есептеледі.
14. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің тиісті дақылдың аудандық орташа көрсеткішінен кемінде сексен бес пайыз деңгейде ауыл шаруашылығы өнімін үш жыл қатарынан алуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланбау көрсеткіші болып табылады.
15. Жайылымға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге тиесілі ауыл шаруашылығының мал басы туралы деректер пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушіге тиесілі мал басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректер қорынан тиісті жылдың 1 сәуіріндегі және 1 қазанындағы жағдайдағы деректер негізінде алынған мәліметтер негізінде есептелген орташа көрсеткіш қабылданады.
Егер ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші мал өсіру (күтіп ұстау) технологиясында қорада ұстау тәсілін пайдаланатын болса, есеп жүргізу кезінде қорада ұсталатын мал саны есептелмейді.
16. Ауыл шаруашылық тауар өндірушіде, № 3-3/332 бұрықпен бекітілген ауыл шаруашылық жануарлардың шекті рұқсат етілетін жайылымға жүктемесінен үш жыл қатарынан кемінде елу пайыз мал басының болуы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.
17. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген, жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасынан ауыл шаруашылық мал басының асуы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушімен қосымша жер учаскесін алу (иелену), жайылымға жүктеменің қайта есептеуге негізі болып табылады.
18. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдаланыланған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 4-тармағына сәйкес шаралар қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет