2.2 Ауылшаруашылық жерлерге салынатын салық ставкалары
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт-сарғылт және сарғылт топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі аумақтардың күңгірт сұр (сұр-коңыр), сарғылт (қоңыр) топырақты және тау бөктерінің қара топырақты жерлеріне бонитет балына барабар түріндегісі 1-кестеде көрсетілген.
1. Қазақстан Республикасының жер зандарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлерге 4-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.
2. Қорғаныс мұқтажы үшін берілген, қорғаныс мұқтажы
үшін уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы
мақсаттары үшін басқа жер пайдаланушыларға берілген жерлерге
түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 1 және
2-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.
3. Магистралды темір жолдарды бойлай қорғаныштық екпе
ағаштар орналасқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 1 және
2-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары.
Елді мекендер шегінде (аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлерін қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңірлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 3-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Елді мекендер шегінде, бірақ селитебті аумақтан тыс (аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлерін қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңірлеріне базалық ставкалар жергілікті өкілді оргаңдардың шешімдерімен төмендетілуі мүмкін. Түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, белгіленген төмендетуді ескере отырып, аталған жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставканың 30 пайыздан аспайды.
Елді мекендер шегінде орналасқан, аэродромдар алып жатқан өнеркәсіп жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 4-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Едді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне, аэродромдар алып жатқан жерді қоспағаңда, әуежайлар алып жатқан жерлерге түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 3-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін арнайы дайындалып, жабдықталған жер учаскесі аэродром деп танылады.
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне салынатын салық ставкалары.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының ауыл шаруашылық мақсаттарында пайдаланылатын жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 1 және 2-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша жер салығы салынады.
Жеке және занды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттарынан өзге мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлеріне түзетілген базалық салық ставкалары ескеріле отырып, 4-кестеде белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға тиіс.
5. Автотұрактар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары.
Елді мекендердің автотұрақгар мен автомобильге май құю станциялары орналаскан жерлеріне, түрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы кұрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, 3-кестеде берілген елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойышпа он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс.
Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, таяу орналасқан елді мекендер жерлері үшін 3-кестеде белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс.
Жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол 3-кестеде белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
Жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекендердің базарлар аумағына бөлінген жерлеріне, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, 3-кестеде берілген елді мекендер жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс. Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына 3-кестеге сәйкес белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары тікелей орналастырылған базарлар аумағына бөлінген басқа санаттағы жерлерге, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның қасындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, 3-кестеге сәйкес таяу орналасқан елді мекендер жерлері үшін белгіленген базалық ставкалар бойынша он есе ұлғайтылған салық салынуға тиіс. Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына 3-кестеге сәйкес белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
Жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол 3-кестеде белгіленгеннен кем болмауға тиіс.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.