Жер тарихының шежіресі



бет5/7
Дата17.03.2023
өлшемі358 Kb.
#75276
1   2   3   4   5   6   7
Пермь кезеңі
Пермь кезеңінің аты сол кезеңнің тау жыныстары табылған қаланың атымен аталған. Пермь кезеңінде тау сілемдері түзіліп, құрлықтың көлемінің ұлғаюы ауа райының өзгеруіне де әсер етті. Экваторда ылғалды тропиктік, одан солтүстікке қарай ыстық әрі құрғак ауа райы болғандықтан, батпақты, ылғалды жерде өскен ормандар, кырықбуындар, қырықжапырақтар, плаундар біртіндеп азайып жойылды. Олардың орнын тұқымды өсімдіктер басты. Ең алғашқы тұқымды өсімдіктер — ашықтұқымдылар болды. Жануарлар дүниесінде де едәуір өзгерістер байқалды. Трилобиттер, палеозой маржандары, құрғақ ауа райына төзе алмаған қосмекенділер де жойылды.


Тритон Тек бақа, құрбақа, тритон, саламандра, аяқсыз космекенділер ғана сақталып қалды. Жойылған қосмекенділердің орнына құрлықка жақсы бейімделген терісі мүйізді қабыршақпен немесе сырты қатты кабықпен қапталған, сары уызға бай жұмыртқа салып көбеюге бейімделген, тыныс алуы, қан айналымы жақсы жетілген бауырымен жорғалаушылар пайда болды. Олар жер бетіне кең тарала бастады. Бауырымен жорғалаушылардың ішінде қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың аралық формасы ұзындығы 25 см, денесі кесірткеге, басы бақаға ұқсаған балықпен қоректенетін бақакесірткелер тіршілік етті.
Мезозой заманында тіршіліктің дамуы Мезозой заманы 3 кезеңнен тұрады: триас, юра, бор.
Триас кезеңі
Триас — ("үш" деген саннан шыққан) Оңтүстік Германиядан табылған пермь кезеңінің үстіңгі жағындағы қабаттардың санына байланысты койылған атау. Мезозой заманын бауырымен жорғалаушылар мен ашық тұқымды өсімдіктердің заманы деп те атайды. Өсімдіктерден — алып қырықжапырақтар, ағаштектес қырықбуындар мен плаундар біржола жойылып, ашық тұқымды өсімдіктер кең таралды.


Динозаврлар Триас кезеңінде кеңінен таралды Бауырымен жорғалаушылар — динозаврлар, ихтиозаврлар, тасбақалар, ертедегі қолтырауындар, т.б. түрлері кеңінен таралды. Ұзындығы (дене тұрқы) 10—12 м денесінің сыртында мүйізді қабыршықтары жоқ, тұмсығы дельфинге, тісі қолтырауынға, басы кесірткеге, жүзбеқанаттары китке, құйрығы балыққа ұқсаған ихтиозаврлар теңіздерде мекендеген.


Ихтиозаврлар Триас кезеңінде теңіздерде мекендеген Бірақ олар өкпемен тыныс алған. Ихтиозаврлардың ұрпақтары аналығының денесінен жұмыртқаны жарып сыртқа тірідей туылған. Қазбадан табылған ихтиозавр қаңқасының ішінен "ұрпақтарының" қаңқасы шыққан.


Гаттериялар Триас кезеңінен бері қарай тасбақалар мен гаттериялар тіршілік етіп келеді. Жаңа Зеландияның аралдарында казіргі кезде таралған гаттерия нағыз "тірі қазба" болып саналады. Соңғы 200 млн жылда гаттерия шамалы ғана өзгерген. Оның ата тегінде болған бас сүйегінің қақпағындағы үшінші төбе көзі әлі күнге дейін сақталған. Осы күнгі бауырымен жорғалаушылардың ішінен ешкіемер мен батбат кесірткелерде де үшінші көздің қалдығы бар. Бауырымен жорғалаушылардың құрылым деңгейі күрделенгенімен, бірақ олардың дене температурасының тұрақсыздығы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет