Жер тарихының шежіресі


Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы



бет7/7
Дата17.03.2023
өлшемі358 Kb.
#75276
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 Жер тарихының шежіресі

Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы
Кайнозой — жаңа тіршілік заманы (грекше "kainos" — "жаңа", "zос"— "тіршілік", "өмір"). Ол үштік және төрттік кезеңнен тұрады.
Үштік кезең


Магнолия Үштік кезеңнің (палеоген) бас кезінде Еуропа ормандарында мәңгі жасыл магнолия, лавр ағашы, пальма, бамбуктардан басқа, жылу сүйгіш ағаштар — фикус, эвкалипт, нан ағашы кеңінен таралды. Кайнозой заманының екінші жартысында күн суытып жылу сүйгіш өсімдіктер тек Оңтүстікте ғана сақталып калды. Солтүстік және орталық ендіктерде жалпақ жапырақты үйеңкі, жеке, қандағаш, емен ормандары сиреп ашық далалы жердің көлемі ұлғайды. Құстарда ұшуын жеңілдету үшін ауа қапшықтары жетілді. Сүтқоректілерде тістері — күрек тіс, сойдақ және азу тістерге бөлініп күрделенді. Құстар мен сүткоректілер Жер шарында кеңінен таралды. Ашық далалы жерлерде 3 башпайлы жылқылар—гиппариондар, құстардантүйеқұстар мекен етті. Ылғалды жазық далалы жерлердің құрғақ далаға айналуынан гиппариондар үштік кезеңнің соңында біржола жойылды. Үштік кезеңнің бірінші жартысында осы күнгі сүтқоректілердің барлық отрядтарының өкілдері, ал оның орта тұсында адамтектес маймылдар мен адамның арғы ата тегі пайда болды. Орман көлемінің азаюы, далалы жер көлемінің үлғаюына сәйкес адамтектес маймылдардың бір тобы орманның ішкі түпкіріне қарай ығысып, екінші тобы ағаш басынан жерге түсіп ашық кеңістікте мекендеді. Ашық кеңістікте мекендеген адамтектес маймылдың ертедегі бір тармағынан ең ежелгі ұрпақтарынан — адамдар пайда болды. Қорыта айтқанда, адамдардың арғы тегі кайнозойдың үштік кезеңінде пайда болды.


Горилла үштік кезеңде пайда болған Орманның ішкі түпкіріне қарай ығысып кеткен тобынан — гориллалар мен шимпанзелер пайда болды.
Төрттік кезең
Төрттік кезең — 1,5—1 млн жылға созылды. Мұздану ғасыры — плейстоцен, ал соңғы ғасыр — голоцен деп аталады. Бұл кезеңде Еуразия мен Солтүстік Американы 4 рет мұз басты. Антарктида, Исландия, Франц-Иосиф, Памир, Тянь-Шаньдағы мұздықтар — төрттік кезеңнің мұздық ғасырының қалдығы. Төрттік кезеңде мастодонттар (ертедегі пілдер), мамонттар, қылыш тісті жолбарыстар, алып жалқауаңдар, үлкен мүйізді шымтезек бұғылары жойылды. Ертедегі аңшылар Еуразиядағы мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтарды, алып жалқауаңдарды, жабайы жылқыларды жойып жіберді. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілердің көп түрлері мен түр тармақтары төрттік кезеңде пайда болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет