Жер тарихының шежіресі



бет4/7
Дата17.03.2023
өлшемі358 Kb.
#75276
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 Жер тарихының шежіресі

Девон кезеңі
Девон кезеңін Оңтүстік Англияның Девоншир графтық атағының құрметімен атаған. Девон кезеңін — балықтар кезеңі деп те атайды. Бұл кезеңде теңіздің көлемі азайып, ауа райы құрғап, шөлді-шөлейтті жерлер көбейе түсті.


Акула Теңіздерде шеміршекті (осы күнгі акулалар, тұтас жүзбеқанаттылар, химералар) және сүйекті балықтар пайда болды. Жүзбеқанаттарының құрылысына қарай сүйекті балықтар сәулеқанаттылар (жүзбеқанаттары желпеуіш тәрізді) және саусаққанаттылар (жүзбеқанаттары саусаққа ұқсайды) деп бөлінді. Саусаққанатты балықтардың жүзбеқанаттары етті әрі қысқа, олар: 2 көкірек, 2 құрсақ жүзбеқанаттарының көмегімен жүзіп қана қоймай, суы құрғай бастаған көлдерден су іздеп жорғалап жүруге де бейімделген. Тым таязданып кеткен суларда олар атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделе бастады. Олар қан тамырларымен торланған торсылдағы арқылы тыныс алды. Жұп жүзбеқанаттары біртіндеп жүруге көбірек икемделіп 5 саусақты аяққа, ал торсылдағы өзгеріп өкпеге айналған. Көпке дейін саусаққанатты балықтарды палеозойдың соңғы кезенінде жойылып кеткен деп келген еді. Бірақ 1938 жылы Оңтүстік Африканың мұражайына ұзындығы 1,5 метр, салмағы 50 кг балық тапсырылған. Ғалымдар латимерия бұдан 300 млн жыл бұрын пайда болған деп есептейді. Латимерияның дене кұрылысында қосмекенділердің, басқа да омыртқалы жануарлардың (5 саусақты аяқтары) белгілері сақталған.


стегоцефалдар Девон кезеңінде құрлыққа шыққан Девонның соңында саусаққанатты балықтардан алғашқы қосмекенділер — стегоцефалдар кұрлыққа шыққан. Девон кезеңінде өсімдіктерден—споралы қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар пайда болды. Тұқымды қырықжапырақтар көптеп тарала бастады. Құрлықтағы жасыл өсімдіктер ауаны оттекпен байытып әрі жануарларды қорекпен де камтамасыз етті.
Тас көмір кезеңі
Тас көмір кезеңі — жерде тас көмірдің қалың қабаты болғандықтан солай аталған. Бұл кезеңде ауа райы ылғалды, жылы болып, батпақты жерлердің көлемі арта бастады. Биіктігі 30—40 м ені 1-2 м ағаштектес плаундар-лепидодендрон мен сигиллярия, каламиттер қалың орман болып өскен. Тас көмірдің орта кезінде жер бетінде өсімдіктер кеңінен таралды. Тұқымды қырықжапырақтардан ашықтұқымдылар таралып, эволюцияда өсімдіктердің тұқыммен көбею жолы пайда болды. Девонның соңында пайда болған стегоцефалдар (сауытбасты қосмекенділер) кең тарала бастады. Стегоцефалдардың дене пішіні қазіргі тритондар мен саламандраларға ұқсаған әрі олар уылдырық шашып көбейген. Олардың итшабақтары суда дамыған әрі желбезекпен тыныс алғандықтан қосмекенділердің дамуы осы күнге дейін сумен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет