Жер тарихының шежіресі



бет1/7
Дата17.03.2023
өлшемі358 Kb.
#75276
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 Жер тарихының шежіресі


Жер тарихының шежіресі
Эволюциялық процестің болғандығын ертедегі тіршілік жайлы ғылым — палеонтология көз алдымызға елестетеді. Палеонтолог ғалымдар геологиялық замандарда жер қабатындағы тасқа айналып сақталып калған организмдердің каңқа қалдықтарын зерттейді. Сондықтан геологиялық қабаттар Жер тарихының шежіресі болып саналады. Қазба қалдықтар мен тау жыныстары қабатының жасын айыру үшін геохронология әдісі колданылады. Әрбір геологиялық заманның өзіне тән өсімдіктері мен жануарларының қалдықтарын анықтау үшін, қабаттардың орналасу тәртібінің нұсқасын жасайды. Жердің ертедегі қабатының жасын айыру үшін радиоактивті изотоптарды пайдаланады. Ғалымдар организмдердің пайда болу реттілігін және жер қыртысы қабаттарының жасын ажыратып, ғаламшар тарихының хронологиясын (тарихи оқиғаның уақытын белгілеу), тіршіліктің тарихи дамуын сипаттап жазады.
Мазмұны
1 Жер тарихының шежіресі
2 Архей заманында тіршіліктің дамуы
3 Протерозой заманында тіршіліктің дамуы
4 Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуы

    1. Кембрий кезеңі

    1. Ордовик кезеңі

    1. Силур кезеңі

    2. Девон кезеңі

    3. Тас көмір кезеңі

    4. Пермь кезеңі

  1. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы

    1. Триас кезеңі

    2. Юра кезеңі

    3. Бор кезеңі

    4. Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы

    5. Үштік кезең

    6. Төрттік кезең

6 Дереккөздер
Жер тарихының шежіресі Жер тарихы (ұзақ уақыт аралығы) — заманға, заман — кезеңге, кезең—дәуірге, дәуір—ғасырға бөлінеді. Заманның аттары:
Криптозой
1. Архейежелгі заман
2. Протерозой — алғашқы тіршілік 3. Палеозой — ертедегі тіршілік
4. Мезозой — ортадағы тіршілік
5. Кайнозой — жаңа өмір Архей заманында тіршіліктің дамуы Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз болған. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда мембранасы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болып, суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Осылайша алғашқы тірі организмдер — гетеротрофтар (дайын органикалық қосылыстармен қоректенушілер) пайда болған. Канада, Аустралия, Африка, Орал, Сібірден табылған бағана тәрізді әкті түзілістер строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың әрекеті екендігі анықталған.

Көк-жасыл балдыр Архей Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар архей заманында тіршілік еткен. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да көбеюге қабілетті болған. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясында фотосинтез процесінің рөлі өте зор, өйткені фотосинтез органикалық дүниенің жануарлар және өсімдіктер деп бөлінуіне себепші болды. Ең алғашқы фотосинтездеуші организмдер прокариоттар — көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы басты ароморфоз (күрделі өзгеріс) фотосинтез процесінің жүруімен тығыз байланысты. Архей заманының соңында шоғырлы (колониялы) балдырлардың тіршілік еткендігіне Аустралия мен Африка құрлығынан тасқа айналған олардың қалдықтарының табылғаны дәлел бола алады. Архей мен протерозой заманының ауысатын кезеңінде екі ірі эволюциялық өзгеріс болғандығы анықталды.
1. Жыныстық жолмен көбею процесінің пайда болуы.
2. Көп жасушалы организмдердің пайда болуы.
Көп жасушалылардың бір тобы — белгілі бір орынға бекініп тіршілік етуге бейімделіп, губка тектес организмдерге айналды. Олардың екінші тобы — кірпікшелерінің көмегімен козғалып, олардан жалпақ құрттар пайда болды; үшінші еркін жүзіп тіршілік ететін, ауыз қуысы бар организмдер тобынан — ішекқуыстылар келіп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет