ҚандауыршаПротерозой заманында тіршілік еткен — Жердің тарихи дамуындағы ең ұзаққа созылған заман. Архейде пайда болған прокариоттар — көк-жасыл балдырлар және бактериялармен қатар бір жасушалы жасыл балдырлар пайда болды. Бұлар нағыз эукариотты организмдер болып саналады.Протерозой заманында тіршілік еткен организмдердің басым көпшілігі — теңіз ішекқуыстылары, буылтық құрттар, ұлулар болды. Бұл заманның соңында хордалылар пайда болды. Олардың бір өкілі қандауырша (ланцетник) осы күнге дейін тіршілік етеді. Протерозой заманындағы хордалылардың пайда болуы ең ірі ароморофоздық құбылыс, өйткені ароморфоздың ерекшеліктері:
бұлшық еттері бекіну үшін тірек болатын хорданың пайда болуы;
түтік тәрізді орталық жүйке жүйесінің болуы жануарлардың белсенділік қабілетін арттырады; суда тыныс алатын желбезектің дамуы. Бұл күрделі ароморфоздық белгілер хордалылардың жаңа кластарының пайда болуына себепші болды. Протерозой заманында табылған жыныстардан фотосинтезпроцесінің нәтижесінде су мен атмосферада оттектің көп жиналғандығы анықталды. Бактериялар мен бір жасушалы балдырлардың тіршілік әрекетінен су жағалауларында топырақ түзілу процестері байқала бастады.
Палеозой заманындағы тіршіліктің дамуыПалеозой заманы — 6 кезеңнен тұрады: кембрий, ордовик, силур, девон, тac көмір, пермь.
Кембрий кезеңі Кембрий (организмдердің қалдығы алғаш табылған жердің аты) кезеңі. Бұл кезеңде топырақболмағандықтан тіршілік, негізінен, сулы ортада дамыды. Өсімдіктерден жасыл диатомды, алтын түсті балдырлар теңіздерде еркін жүзіп, ал қызыл, қоңыр балдырлар теңіз түбіне бекініп тіршілік еткен. Кембрийдің бас кезінде құрлықтан шайылған тұздар теңіз суының тұздылығын арттырып, әсіресе теңізде кальций, магний тұздарының мөлшері көбейе бастаған. Мұндай минералды тұздарды теңіз жануарлары денесіне еркін сіңіреді.
трилобиттерКембрий кезеңінде тіршілік еткен Бұл кезеңде буынаяқтылардың ертедегі өкілі (осы күнгі құрлықта кездесетін есекқұртқа ұқсас) — трилобиттер пайда болды. Оның денесі хитинді-сауытты, 40—50 бунаққа бөлінген, теңіз түбінде жорғалап жүріп тіршілік еткен. Кембрийде — губкалардың түрлері, маржандар, ұлулар, теңіз лилиясы, кейініректе теңіз кірпісі пайда болды. Сондықтан да кембрийді — омыртқасыздардың даму кезеңі деп атайды.