Сейсмология (грекше “сейсмос” — сілкіну) — жер сілкінудің қандай себептерден болатындығын зерттейтін ғылым.
Вулканология — вулкандық құрылымдар мен вулкандық атқылау кезінде пайда болған тау жыныстарын зерттеу арқылы магмалық әрекеттердің даму заңдылықтарын анықтайтын ғылым.
Жердін, даму тарихын тарихи геология және құрлықтағы теңіздің өзгеруін палеогеография ғылымдары зерттейді.
Тарихи геология — жер қыртысының жалпы даму кезеңдерін зерттейтін ғылым.
Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының қабат-қабат болып орналасу тәртібін немесе реттілігін және олардың құралу уақытын анықтайтын тарихи геологияның бір бөлімі — стратиграфия (лат. “стратум” — қабат) деп аталады.
Стратиграфиялық зерттеу жұмыстары палеонтологиямен (грекше “палеос” — ескі, “онтос” — өмір, тіршілік) тығыз байланыста жүргізіледі. Палеонтология — ескі органикалық қалдықтардың (фауна, флора) сақталған түрлерін зерттей отырып, олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтайды. Соған сәйкес тау жыныстарының салыстырмалы пайда болу уақыты айқындалады.
Палеогеография — өткен геологиялық дәуірлерде болған жер бетінін. физикалық-географиялық өзгеру жағдайларын зерттейді.
Жердің жеке аймақтарының даму жолдарын және олардың геологиялық кұрылым ерекшеліктерін зерттейтін геологияның үлкен бір бөлімі — аймактың геология деп аталады.
Практикалық мақсатта қолданылатын ілімдердің ішінде пайдалы қазбалар туралы ілімнің гидрогеология және инженөрлік геология ғылымдарының маңызы өте зор.
Пайдалы қазбалар туралы ілім — әр түрлі (рудалы, рудасыз) кен орындарының жаратылысын (генезис), орналасу заңдылықтарын, өзіндік формаларын, өндірістік қажеттілігін зерттейді.
Гидрогеология — жер асты суларының пайда болуын, химиялық кұрамын және олардың динамикалық қозғалысын, ал инженерлік геология — әр түрлі құрылыс объектілерін салу барысында жер қыртысының жоғарғы қабаттарының кұрылымдық ерекшеліктерін (катты-жұмсақтығын, сейсмикалық орнықтылығын) зерттейтіи ғылым.
Методикалық және әкономикалық геология ғылымдары қатарында: геологиялық картаға түсіру, барлау-іздеу жұмыстарын жүргізу, рудалық, шахталық және өндірістік геология салаларын атап өтуге болады.
Геолюгиялық картаға түсіру бағыты — геологиялык. карталар жасау әдістерін жетілдіру және оларды іс жүзінде пайдалану жолдарын қарастырады. Атап айтқанда, белгілі бір аймақтарда кездесетін тау жыныстарының жатыс пішіндерін, геологиялық құрылысын, құрамын және пайдалы қазбаларын жан-жақты зерттеу арқылы, көзделген масштаб бойынша геологиялық карта жасау жұмыстарымен айналысады.
Барлау-іздеу жұмыстарынын негізгі мақсаты ашылған кен орнының жаратылысын, геологиялық орналасу жағдайын толығырақ зерттеу, сонымен қатар пайдалы қазбалардың қорын анықтап, толығымен игеру мақсатында оның экономикалық тиімділігін арттырудың жолдарын қарастыру. Ең соңғы мақсат — кен орнын пайдалануға (эксплуатацияға) беру болып саналады.
Рудалық, шахталық және кәсіпкерлік геология салаларында (руда, көмір, мұнай мен газ өндіретін) геологиялық міндеттерді атқаратын қызмет орындары ұйымдастырылады.
Ал жалпы геология дегеніміз, ғылыми бағыт емес, оқулық курс болып саналады. Жалпы геология курсының негізі — динамикалық геология болғанымен, бұл курста геологияның басқа салаларының да басты-басты ұғымдары мен түсініктері қысқаша баяндалады. Жалпы геология курсында жер және жер қыртысы жөніндегіғылыми мәліметтер бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастырылады.Соның нәтижесінде жер және жер қыртысы туралы жалпы ұғым алғашқы курстан бастап қалыптасады.
Жалпы геология курсында алғашқы қалыптасқан білім, студенттер үшін кейінгі курстарда оқылатын геологияның басқа салаларын дұрыс түсінудің негізі болып қаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |