“LANDSAT” жүйесінің алғашқы үш жер серігінде “RBV” телевизиялық камералары және “MSS” көп спектрлі оптика-механикалық сканері орнатылды.
“LANDSAT-1,2” ЖЖС-нің әрқайсысына үш әртүрлі спектрлік фильтрлі “RBV” үш камералары орнатылды. “RBV” камерасының мынадай техникалық параметрлері бар:
қамту ауқымы: 80 метр;
спектрлік диапазондар: 0,475-0,575 мкм, 0,58-0,68 мкм, 0,69-0,83 мкм (яғни спектр аймағының жасыл-көк, қызыл-сары және ИҚ жақын қызыл);
шолу аймағы: 185 185 км;
радиометрлік қамту ауқымы: 64 деңгей;
“LANDSAT-3” ЖЖС-да “RBV” екі панхроматты камерасы мынадай сипаттамалармен орнатылды:
қамту ауқымы: 40 м.;
cпектральдік диапазон: 0,505-0,75 мкм;
шолу аймағы: 9898 км.;
радиометрлік қамту ауқымы: 64 деңгей.
MSS” оптика-механикалық сканерінің техникалық сипаттамалары:
“LANDSAT-4,5”ЖЖС-да орбита биіктігінің 705 км дейін төмендеуінен туындаған ақауларды өтеуге мүмкіндік беретін “MSS” оптика-механикалық сканерінің жетілдірілген нұсқасы орнатылды. Көп мәрте қолданылатын ғарыш кемелерін жасау үшін Жерге “LANDSAT” сериясындағы ғарыштық аппараттарды қайтару көзделді. “RBV” үш телевизиялық камерасының орнына осы ЖЖС жаңадан әзірленген оптика-механикалық сканерімен жабдықталды.
Қамту ауқымы: жақын ИҚ мен спектр аймағындағы ИҚ 30 метр, спектр аймағында жылу ИҚ-да 120 метр;
радиометрлік қамту ауқымы: 256 деңгей;
радиометрлік дәлдігі: 10;
шолу жолағының ені: 185 км;
ақпараттың шыға беріс ағынын қалыптастыру жылдамдығы: 85 Мбит/сек;
масса: 245 кг;
тұтынылатын қуаттылық: 345 вт
“LANDSAT-6 ”Ұшырылуы сәтсіз болған “LANDSAT-6” ЖЖС-да оптикамеханикалық сканерінде “ETM” (Enhanced Thematic Mapper)жетілдірілген тақырыптық картограф орнатылған еді. Осы жер серігінен бастап “MSS” сканерін пайдалану тоқтатылды. “ETM”камерасы спектрдің сегіз учаскесіндегі бейнелеуді құруға есептелді және үш режимде жұмыс істей алатын:
1-7 диапазондардағы түсірілімдер;
панхроматты арнадағы және 4,6 арналардағы түсірістер (ауыл шаруашылық мақсаты үшін);
панхроматты арналардағы және 4,6,7 арналардағы түсірістер (геологиялық мақсаттар үшін).