LANDSAT-7 Жобаланған “LANDSAT-7” ЖЖС-ін ETM + (ETM-Plus) көп спектрлі камерасымен мынадай техникалық сипаттамалар бойынша жабдықтау көзделді:
спектрлік диапазондар: толқындар ұзындығының қашықтығындағы 8 диапазон 0,45-12,50 мкм, 0,52-0,90 мкм бір панхроматты диапазонды қоса алғанда;
кеңістіктік қамту ауқымы: панхроматты диапазонда 15 метр, жылу ИҚ диапазонда 60 метр, қалған диапазондарда 30 метр;
радиометрлік дәлдік: 5;
шолу аймағының ені: 185 км;
шолу мерзімділігі: 16 тәулік;
масса: 424 кг;
тұтынылатын қуат: 720 вт;
ақпаратты беру жылдамдығы: 150 Мбит/c. Ақпаратты қабылдауда жер станциялары жетпейтін ұшу кезіндегі бейнелеуді жазу мен беру үшін борттық есте сақтау қондырғысы орнатылды.. Сонымен қатар, ЖЖС-ны сәулеленудің сызықтық көп элементті қабылдағыштары (ЗБҚ), көп аймақтық режимдегі 10 метр және жұмыстың панхроматты режиміндегі 5 метр түсірілу мүмкіндігі бар оптика-электрондық сканермен жабдықтау жоспарланып жасалынған. Камерада сондай-ақ конвергенттік (алға, надирге, артқа) стереотүсірілімді орындау мүмкіндігі бар. ЖҚЗ мәліметтері 20 метрлік горизонтальдар қимасымен және автоматты түрде 1:24000-1:50000 масштабтағы топографиялық карталардың құрастыруға мүмкіндік беруі қажет.
29. ЖҚЗ фотографиялық әдіс негізгі принциптері
ЖҚЗ әдістерін активті және пассивті деп жіктеуге болады.
Пассивтіге: 1-фотографиялық; 2. телевизиялық; 3. зарядтау байланысы бар аспаптар (ПЗС)негізінде; 4. сканер;
Активті түсірілім жүйелеріне мыналар жатады:1. радиолокациялық; 2. лазерлік.
Енді фотографиялық пассивті түсірілім жүйелеріне тоқталсақ. Ғарыштан алынған ЖҚЗ фотографиялық әдісі ҒҰА алғашқы ұшыруларында қолданылады.
Ғарыштық фототүсірістердің сан алуан түрлері мыналарға байланысты жіктеледі: – камераның оптикалық осінің жағдайы (жоспарлық, конвергенттік);
– қолданылатын фотопленкаларының типтері (ақ-қара, түрлі-түсі, спектрозоналдық);
– ғарыштық түсіріс камераларының типтері мен сипаттамаларына (топографиялық, топографиялық емес, көп аймақтық, кадр пішіні бойынша, фотокамералардың фокустық арақашықтығының ұзындығы бойынша және т.б.).
Мақсаттарына байланысты фототүсірістер ЖҚЗ фотографиялық әдісінің түрін таңдауды жүргізеді. Фототүсіріс процесс сұлбасы бойынша электромагнитті сәулелену спектрінің көрінетін диапазонында жүргізіледі:
1. түсірілетін беттік күн сәулесімен жарықтандырылған;
2. шағылысқан сәуленің атомосфера арқылы өтуі;
3. бейнелеуді оптикалық жүйелермен қалыптастыру;
4. жарықты сезетін материалды жасырын бейнелеуді белгілеу;
5. ҒҰА бортында немесе жерүсті жағдайларында жасырын бейнелеуді көрнекілеу.
Фототүсіріс процесінің тізбеленген кезеңдерінің әрқайсысы зондтаудың мақсаты мен міндетін байланысты түсірістердің әдістері мен параметрлерін таңдауға ықпал етеді.
ЖҚЗ фотографиялық әдісін қолдану саласын кеңейту, ең алдымен, қамту қабілетін арттыру арқылы қол жеткізілген фотобейнелеуден алынған ақпараттылықты жақсартуға, шолу аймағын кеңейтуге, берілген спектрлік таңдамалық әдіспен алуға, түсірістердің жоғары фотографиялық, фотометрлік және фотограмметрлік параметрлеріне тәуелді. Ақпараттылықты жақсартудың тізбеленген әдістері бір уақытта шешілмейді, өйткені бір параметрді жақсарту әдістері басқасын нашарлатуға алып келеді.
Мысалы, түсіріс биіктігін төмендету арқылы қамту ауқымын көтеру шолу аймағын азайтуға алып келеді, фокустық қашықтықты ұлғайту есебінен көлемді ірілендіру арқылы бір кадрмен қармау алаңын қысқартуға және түсіріс аппараттарының габариттері мен салмағының артуына алып келеді, бұл өз кезегінде зымыран-тасығышқа, жер серігінің қызметтік жүйесіне, отын қорына талаптарды қатаңдандыруға алып келеді.
Ғарыштық фототүсірістер арқылы шешілетін міндеттердің айтарлықтай саны, олардың қарама-қайшылықты сипаты фотоаппараттардың әртүрлі түрлерін жасау мен пайдалануға алып келді.
Ғарыштан алынған ЖҚЗ фотографиялық әдісінің негізгі артықшылықтары мыналар: