Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Рентген және гамма сәулелері арқылы алынатын



бет15/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75

16. Рентген және гамма сәулелері арқылы алынатын


Қашықтықтан зондтаудың әдістері электромагниттік сәулелену қасиеттерін пайдалануға негізделген. Барлық табиғи объектілер түрлі ретпен белгілі бір спектралдық құрам мен қарқындылықты электромагниттік толқындармен көрсетеді, жұтады немесе сәулелейді. (Толқындар немесе жарық бөлшектерінің (фотондарының) тура сызықты ағыны түрінде кеңістікте энергияның таралуын электромагниттік сәулелену деп атайды). Қашықтықта қабылдау қондырғыларының көмегімен оларды тіркеу қашықтықтан зондтаудың міндеті болып табылады. Тіркелген ақпарат, кейіннен зерттелетін объектілер мен олардың қасиеттерін анықтау мақсатында өңделеді. Осындай электромагниттік сәулелену түрлеріне рентген мен гамма сәулелері жатады.

  • Жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10−12÷ 10−9м) электромагниттік сәулелер рентген сәулелері болып табылады. 1895 жылы ашылған. Рентген сәулелерінің табиғи ортасы – ғарыш, ал адамдардың түрлі техникада, ғылым салаларында пайдалануы жасанды болып келеді. Рентген сәулелері әртүрлі заттармен әр түрлі сіңеді. Зат неғұрлым тығыз болса, соғұрлым ол радиацияны әлсіретеді. Барлығымызға мәлім, рентген сәулелері қарқынды медицинада қолданылады. Сонымен қатар жасанды рентген сәулелерін түрлі техника қондырғыларына енгізіледі, мысалы, Рентгеноскопия мен рентгенография әдістері арқылы экран мен пленканы қолдана, біз сурет ала аламыз.

  • Гамма сәулелер — электрмагнитті толқынының энергиясы өте жоғары, ал ұзындығы қысқа (1 нм кем) сәулелер. Альфа- немесе бета-сәулелерімен салыстырғанда Гамма сәулелердің ұшқыңдауы кезінде ядроның заряд көрсеткіші, атомдық нөмірі және масса саны мүлдем өзгермейді. Бұл сәуле түрі де медицинада көп қолданылады (окологияда қатерлі ісіктерді емдеу үшін).

Рентген және гамма әулелену энергиясы мен оның сипаттамасынан болған туынды сәулелену спектрдің барлық оптикалық диапазонында қолданылады (ультракүлгін – инфрақызыл диапазон). Энергетикалық шамалар сәулелену қасиеттерін жалпы бағалау үшін өте ыңғайлы. ЖҚЗ үшін ғаламшар бетінде түсіру сәтіндегі олардың жай-күйіне тәуелді әртүрлі материалдардың шағылысу және жұтылу қасиеттерінің үлкен маңызы бар.
ЖҚЗ-да қолданылатын құралдар: Гамма-телескопом HESS (Намибияда орналасқан Телескоп 2002 жылы жұмыс істей бастады), Гамма-обсерватория INTEGRAL (2002 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан қатты рентген сәулесінен жұмсақ гамма-сәулеленуге дейін (15 кэВ-тан 10 МэВ-қа дейін) жұмыс істейтін орбиталық обсерватория орбитаға шығарылды).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет