Қанипа Бітібаева



Дата18.05.2022
өлшемі22,17 Kb.
#34925
Байланысты:
Қанипа Бітібаева



Қанипа Бітібаева
Қазақ поэзиясының пайғамбары атанған ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Адамның адамшылдыгы жаксы ұстаздан болады»-деуiнiң мәнi тереңде жатыр. Себебі адамгершілік, мейірімділік,адами құндылықтардың iзгiлiгiн окушы кішкентай күнiнен мұғалімінің бойынан көредi.Бұл барлығымызға мәлім емес пе?
«Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыккан» оқушы өзінің алғысын ризалыгын ұстазына арнаған. Тәуелсiз Казаксантандағы ұлттық сөз өнерін оқыту жас ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын тұтастыра жүргізудің үздігі атанған Қанипа Бітібаеванын ұлағаты казiргi уақытта барлығымызга үлгі-өнеге болып отырған жоқ па?
Міне, менің пікірімше, нағыз ұстаз есiмiне лайык жандардын бiрi Қанипа Бітібаева.Ол кісі өз ғұмырын казақ тілін дамытуға арнаған. Оған дәлел келтіретін болсам:
Біріншіден: әдіскер ғалым ұстаздын 100-ге тарта ғылыми-әдістемелік макалалары, 32 кітабы жарык көрген.
Екіншіден: Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы негізін салған қазақ педагогикасынын керегесін кеңейтті.Бұл еңбектің барлығы дәлелге жатпаса не болғаны?
Қанипа Омарғаликызының еңбек жолындағы ең улкен жаңалығым Абай мен Мұхтар Әуезов өмiрiне шығармаларын токталу болды. Ол: <<Абай сөзі – халык сөзі, Абай тiлi – Алаш тiлi» деген тұжырымнан таймады.Менің ойымша, Кремльдiн Свердлов залында КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған сәтiнде де қаймықпай: «Отан – туган тiлден басталады» деуі соның дәлелі. Бұл республика бойынша ең улкен зерттеулер болып табылады. Әдебиетке жаңа дем берген ұстаз өзiнiң 21 ғасырдагы «әдебиетке – жанашыл, жанашыр ұстазы» екендігін бүкіл халыкка дәлелдеді. Менің ойымша, «Хан апа», «Қазақтың Қанипасы» атанған ұстазымыз жана толкын шәкiрттерiн Отанымыздың өсiп өркендеу мұраттары кызметiне лайыкты етiп дайындауда үлесі зор. Бәріміз білетіндей, қай заманда болсын ұстаздарга кұрмет жоғары болған. Ұстазға кұрмет көрсету – ұлтқа кұрмет көрсету. Бұл әрдайым санамызда сақталады.
Қанипа ұстаз: «Мені ұстаз етiп калыптастырған – шәкірттерім» дептi бiр сөзiнде. Әрине,«Ұстазы жаксынын ұстамы жаксы» демекші, оған дәлел казiргi уакытта шәкірттерiнің үлкен белестерден көрінуінде.Бұлда бір үлкен мақтаныш.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде: Қанипа Бітібаева-ұстаздардын ұстазы, бiрегей әдіснамалардын авторы, ұлттык педагогика тарихында орны бар тұлга. Саналы ғұмырын ұстаздыктың ұлагатты жолына арнады. Туған халкының асыл сөзiн, мұраларын шәкірттерінің санасына ұялатып, ұлы Абай мен Мұхтардың ұлылығын дәріптедi.Өз ойымды Мағжан Жұмабаев ағамыздың «Алты алаштың баласы бас косканда, кадірлі орын – мұғалімдікі», - деген асыл сөзімен аяқтаймын. Қанипа ұстаздың еңбегі өлшеусіз екені бәріне анық




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет