Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


ЖҚЗ фотографиялық әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері



бет37/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

35. ЖҚЗ фотографиялық әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері


Ғарыштан алынған ЖҚЗ фотографиялық әдісі ҒҰА алғашқы ұшыруларында қолданылады.
Ғарыштық фототүсірістердің сан алуан түрлері мыналарға байланысты жіктеледі:
– камераның оптикалық осінің жағдайы (жоспарлық, келешектік, конвергенттік);
– қолданылатын фотопленкаларының типтері (ақ-қара, түрлі-түсі, спектрозоналдық);
– ғарыштық түсіріс камераларының типтері мен сипаттамалары (топографиялық, топографиялық емес, көп аймақтық, кадр пішіні бойынша, фотокамералардың фокустық арақашықтығының ұзындығы бойынша және т.б.).
Мақсаттарына байланысты фототүсірістер ЖҚЗ фотографиялық әдісінің түрін таңдауды жүргізеді.
Фототүсіріс процесс сұлбасы бойынша электромагнитті сәулелену спектрінің көрінетін диапазонында жүргізіледі:
1. түсірілетін беттік күн сәулесімен жарықтандырылған;
2. шағылысқан сәуленің атомосфера арқылы өтуі;
3. бейнелеуді оптикалық жүйелермен қалыптастыру;
4. жарықты сезетін материалды жасырын бейнелеуді белгілеу;
5. ҒҰА бортында немесе жерүсті жағдайларында жасырын бейнелеуді көрнекілеу.
Фототүсіріс процесінің тізбеленген кезеңдерінің әрқайсысы зондтаудың мақсаты мен міндетін байланысты түсірістердің әдістері мен параметрлерін таңдауға ықпал етеді.
ЖҚЗ фотографиялық әдісін қолдану саласын кеңейту, ең алдымен, қамту қабілетін арттыру арқылы қол жеткізілген фотобейнелеуден алынған ақпараттылықты көтеруге, шолу аймағын кеңейтуге, берілген спектрлік таңдамалық әдіспен алуға, түсірістердің жоғары фотографиялық, фотометрлік және фотограмметрлік параметрлеріне тәуелді. Ақпараттылықты көтерудің тізбеленген әдістері бір уақытта шешілмейді, өйткені бір параметрді жақсарту әдістері басқасын нашарлатуға алып келеді. Мысалы, түсіріс биіктігін төмендету арқылы қамту ауқымын көтеру шолу аймағын азайтуға алып келеді, фокустық қашықтықты ұлғайту есебінен көлемді ірілендіру арқылы бір кадрмен қармау алаңын қысқартуға және түсіріс аппараттарының габариттері мен салмағының артуына алып келеді, бұл өз кезегінде зымыран-тасығышқа, жер серігінің қызметтік жүйесіне, отын қорына талаптарды қатаңдандыруға алып келеді.
Ғарыштан алынған ЖҚ3 фотографиялык әдісінің негізгі артықшылықтары:
1) түсірістердің жоғары кеңістіктік қамту аукымы;
2) жоғары геометриялық жане фотометрлік дәлдік;
3) түсірістерді даярлаудын карапайымдылығы мен арзандылығы;
4) стереобейнелерді құру мүмкіндігі;
5) орталық проекцияны бейнелеу құрылысы, жақсы зерттелген және сыналған өңдеу мен түсіндіру әдістері.
ЖҚ3 фотографиялық әдісінін кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) мәліметтерді жедел ала алмау;
2) орбитаның төмен биіктігі мен борттағы үлдірдің шектеулі қоры салдарынан жер серігі жұмысынын қысқа мерзімі (1 айға дейін);
3) ақпаратты баламалық түрде беру.
Ғарыштан жоғары және өте жоғары түсіру ауқымында (1 метрге дейін) ЖҚ3 оптика-электрондык жүйесін жасау және ұшыру, осы кезде картография мақсаттары үшін, сканерлік түсірістердін пайдаланылуын шектейтін проблемаларды шешуде ЖҚЗ фотографиялык әдістері өзектілігінін төмендеу айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет