31. Фотографиялық әдіспен алынған суреттерді негізгі қолданыс аясы
Енді фотографиялық пассивті түсірілім жүйелеріне тоқталсақ. Ғарыштан алынған ЖҚЗ фотографиялық әдісі ҒҰА алғашқы ұшыруларында қолданылады.
Ғарыштық фототүсірістердің сан алуан түрлері мыналарға байланысты жіктеледі:
– камераның оптикалық осінің жағдайы (жоспарлық, конвергенттік);
– қолданылатын фотопленкаларының типтері (ақ-қара, түрлі-түсі, спектрозоналдық);
– ғарыштық түсіріс камераларының типтері мен сипаттамаларына (топографиялық, топографиялық емес, көп аймақтық, кадр пішіні бойынша, фотокамералардың фокустық арақашықтығының ұзындығы бойынша және т.б.).
Алынған суреттердің негізгі қолданыс аясы:
Картографияда(алынған ақпарат жаңа сандық топографиялық, навигациялық карталарды құру және жаңарту үшін қолданылады. Арнайы карталар да осы технологияның көмегімен жасалады.)
ауыл шаруашылығы(жерді қашықтықтан зондтау технологиясы дақылдардың жай-күйін бақылаудан бастап жоспарланған егінді бағалауға дейінгі көптеген сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.)
геологиялық және гидрологиялық зерттеулер(су көздерін бақылауда)
орман шаруашылығында( орман өрті, жойылуын қадағалауда)
қоршаған ортаны қорғауда( табиғи немесе антропогендік әсерден орын алуы мүмкін табиғи апаттардың алдын алу үшін)
аумақтарды жоспарлауда, білім беруде
және басқа да мақсаттар үшін.
32. Көп аймақты фототүсірістер принциптері
Берілген спектрлік аймақтағы фотобейнелеуді алуға тұтынушылардың ұмтылысы көп аймақтық аппараттарды жасауға алып келді.
Түсірілістің спектрлік қашықтығы негізінен жарық сүзгісімен және фотопленкалардың спектрлік сезімталдығымен анықталады, кейде арнайы объектив қолданылады. Әрбір спектрлік аймақ үшін көп жағдайларда бір камера арналады. Түсіріс бір фотоаппараттан бірнеше камералармен синхронды жүргізіледі. Бұл кейіннен аймақтық фотобейнелер синтезі арқылы шартты-түрлі-түсті бейнелеуді алуға мүмкіндік береді.