Байланысты: Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)
40. ЖҚЗ оптика-электрондық әдістерінің түрлері мен аппараттары
ЖҚЗ оптикалық-электрондық әдісінің маңыздылығы сәулелену энергиясын қамтуда және оптикалық жүйе мен түсірілетін беттіктің бейнесін құруда және оны электромагниттік ауытқулардың ультракүлгін, көрінетін, жақын инфрақызыл (ИҚ), жылу инфрақұрылым спектрлеріне сезімтал сәулеленудің электрондық қабылдағыштары арқылы тіркеуде.
Зондтау оптикалық сигналды қабылдауға, оны электр сигналына айналдыруға және сигналда кездесетін сәулелену көздері туралы ақпаратты өңдеуге арналған оптикалық, электрондық, механикалық және басқа да элементтер мен тораптардың жиынтығы түсінілетін арнайы оптикалық-электрондық жүйемен (камерамен, аспаптармен) жүргізіледі.
ЖҚЗ оптика-электрондық әдісінің бірқатар артықшылықтары бар:
1. Ультракүлгіннен бастап жылулық ИҚ дейінгі түсірістер спектрін кеңейту;
2. Нақты уақыт режимінде зондтау нәтижелерін оларды радиоарналар бойынша жердегі қабылдау станцияларына беру арқылы алу;
3. Цифрлық нысанда ақпаратты, жазбаларды беру және қабылдау станцияларының жету шегінен тыс орналасқан аумақтарда түсіріс кезінде оны магниттік-оптикалық құралдарда жинақтау, артынша оларды радиоарналар бойынша беру мүмкіндігі;
4. Цифрлық нысанда алынған қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерін өңдеу мен тапсырудың компьютерлік технологиясын пайдалану мүмкіндігі;
5. Әртүрлі айналымдағы бір учаскені қайта бақылау мүмкіндігі;
6. ЖЖС қызметінің ұзақ мерзімі
ОЭЖ (оптика-электрондық жүйе) жіктеу бірқатар белгілер бойынша жүргізіледі. Осындай белгілердің бірі спектрдің жұмыс диапазоны болып табылады. Осы белгісі бойынша ОЭЖ ультракүлгін, көрінетін және инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін болып бөлінеді.
ОЭЖ функционалдық мақсаты бойынша зерттелетін объктілердің жарық құрылымы туралы ақпаратты жинауға, өңдеу мен шығаруға арналған ақпараттық; сәулеленетін объектілердің жекелеген параметрлері мен сипаттамаларын өлшеуге арналған өлшегіш; сәулеленудің қандай-да бір параметрлерін автоматты бақылауға арналған қадағалаушы болып бөлінеді.
ЖҚЗ қолданылу саласында ОЭЖ метеорологиялық, океанографиялық, картографиялық және т.б. болып жіктеледі.
ОЭЖ жіктелетін және әдетте аспап атауында кездесетін негізгі белгі, бұл олардың жұмысының физикалық принципі. Осы белгісі бойынша ОЭЖ үш топқа жіктеледі:
а) радиометрлер, объектілер жасайтын немесе шағылысатын сәулелену санының берілген дәлдігімен өлшеу үшін қызмет етеді;
б) спектрорадиометрлер, оптикалық спектр бойынша (толқын ұзындығы, жиілігі бойынша) сәулеленудің таралуын өлшейтін, яғни спектрде зерттелетін оптикалық сәулеленудің шашырауын, осы спектрді жекелеген монохроматикалық құрайтындарға тиесілі сәулеленудің сапалық бағалануын жүзеге асыратын аспаптар;
в) тепловизиялық және телевизиялық ОЭЖ, температуралық және жарықтық алаңдарды мөлшерлеуге арналған.