Жердің сыртқы қабаттарын суреттеңіз


Гидросфера туралы айтып беріңіз



бет4/7
Дата30.11.2022
өлшемі36,03 Kb.
#53634
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11-21геоэкология

Гидросфера туралы айтып беріңіз. Гидросфера — Жердің су қабаты. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды.
Физикалық қасиеттері мен құрамына қарай олар үшке ажыратылады: 1) мұхиттық сулар (теңіздер мен мұхиттар); 2) құрлық сулары мен мұздықтар; 3) жер асты сулары (шекаралық сулар). Олар жер қыртысында орналаскан. Гидросфераның жалпы көлемі — 1,8 млрд. км3. Оның көпшілігі (1370 млн. км3) — мұхит сулары, ал жер асты суларының көлемі — 400 млн. км3. Бұл сулардьщ барлығы да табиғи ерітінділер болып саналады. Сондықтан да олардың әрқайсысы азды-көпті мөлшерде минералданған сулар түрінде кездеседі. Құрлык сулары көбінесе тұщы, ал мұхит пен теңіз сулары тұзды болып келеді. Олардың тұрақтылыры еріген заттардың мөлшері мен шөгінді жыныстардын, аралығындағы динамикалық тепе-теңдіктің тұрақтылығын көрсетеді.
Құрлық суларының көпшілігі атмосфералық сулар есебінен құралады. Олардың құрамында минералдық тұздар өте аз кездеседі. Материктік сулар мен мұхиттық суларда кездесетін тұздардың химиялық құрамы өзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады.Көлемі және су қорларының мөлшері жағынан гидросфераның ең ірі бөлігі – мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы көздер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты, химия және дәрі-дәрмек өнеркәсіптері үшін қажетті шикізаттар қоры мол. Республика территориясында ұзындығы 10км-ден асатын 8 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішіндегі ірілері – Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле. Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің су деңгейі төмен, көктемде ғана жайылып ағады. Еліміздің басты өзендеріне Жайық, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен, Сағыз, Жем, Тобыл, Есіл, Торғай, Ырғыз, Нұра, Шідерті, Сілеті, Сарысу, Қараертіс, Арыс, Сырдария,Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсіні жатқызуға болады. Егістер мен шабындықтарды суландыру, өнеркәсіпті және тұрмыстық қажетті сумен қамтамасыз ету үшін салынған каналдар да бар. Олардың ішінде Ертіс-ҚарағандыЖезқазған (ұзындығы 500 км), Арыс-Түркістан (ұзындығы 200 км), Бөген-Шаян (ұзындығы 29 км), Шыршық (ұзындығы 70 км), Жаңадария (ұзындығы 600 км), Қазалының оң жақ (ұзындығы 120 км) және сол жақ (ұзындығы 80 км), Басқар (ұзындығы 48 км), Қызылорда су торабының оң жақ (ұзындығы 80км) және сол жақ (ұзындығы 70 км), Шиелі-Телікөл (ұзындығы 90 км), Шиелі-Шіркейлі (ұзындығы 139 км), Көксу (ұзындығы 103 км), Лепсі (ұзындығы 39 км) және Шу (ұзындығы 82) каналдарын айтуға болады.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет