«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет18/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
«Жерді түгендеу және жақсарту» практика новый

Практикалық сабақ №22.
Жазықтілгішті топырақты өңдеу.


Сабақтың мақсаты:Жазықтілгішті топырақты өндеу, сапасын анықтау.

Жазықтілгішті топырақты өңдеу. Жазықтілгішті өңдеудің сапасын келесі көрсеткіштермен бақылайды: өндеу кезеңі қосыпту тереңдегі, өңдеу тереңдегінің тұрақтығы, аңыздардың зақымдану дәрежесі, танап бетінің айдарлығы, қитақтардың болмауы және арамшөптердің кесілу дәрежесі.


Өңдеу кезеңі оңтайлы болу керек және нықталы жағдайларға байланысты қойылады.
Қосыпту тереңдігі сызғышпен немесе металды стеренмен өлшеу арқылы анықталады. Ол үшін учаскенің диагоналінен жылжып отырып тіреудің ізінен 25-30 см аралықта 0,5 см-ден бөлуі бар стерженді кем дегенде 20 жерде кіргізеді. Қосыптудың орташа мәні берілгеннен егер қопсыту тереңдігі 16 см-ге дейін болса 1 см-ден, егер қопсыту тереңдігі 30 см болса 2 см-ден аспау керек. Өңдеу тереңдігінің орташа мәнін 25% топырақтың қопсығаны үшін азайту керек.
Өңдеу терендігінің тұрақтылығы қопсыту терендігін өлшеу негізімен анықталады. Ол үшін қопсыту терендігінің ең темеңгі және жоғарғы мәнін тауып, оны 25% азайтамыз, яғни 0,75 коэффициентіне көбейтіп шын қопсыту терендігін табамыз Саналған мәліметгер берілген қопсыту терендігінен 4-5 см-ден аспау керек.
Аңыздардың зақымдану дәрежесін анықтау үшін табан тіреуінің өнімен өнделген жердің енін өлшейді, ол зерттелген жердің шетіндегі тіреулер іздерінің арасына қосу жұмыс органының еніне тең болады. Сосын тіреу іздерінің енінің өлшемдерінің мәнін қосып, 100 көбейтеді де өңделген жердің жалпы еніне бөледі. Осы көрсеткіш аңыздың зақымдану дәрежесін пайызбен сипаттайды. Қопсыту терендігі 16 см-ге дейін болса 10-15% және қопсыту терендігі 30 см-ге дейін болса 15-20%-дан аспау керек.
Жазықтілгіш өткеннен кейін, табан тіреулерімен агрегат өтіл ұштасқан жерлерде пайда болатын танап бетінің айдарлылығын айдарларды өлшеу арқылы анықтайды. Сонымен қатар табак еткен жердегі қарықтардың терекдігін өлшейді. Айдарлар 5 см-ден темен болу керек, табан тіреуі өткен жердегі қарық ені 15-20 см, қарықтар терендігі —8 см-ден аспауы керек.
Атжалдардың болмауын әдетте көзбен анықтайды, бірақ дәлдік үшін олардың алқабын санап жалпы өнделген алқапқа пайызбен келтіруге болады. Атжал саны 0,1% - дан аспау керек.
Ұштасып жабылған жердің сақталуын бір сменада өнделген учаскенің 15-20 орнында анықтайды. Ол үшін агрегаттың кершілес өткелдеріндегі жазықтілгіштің шеткі тіреулерінен қарықтардың орталарының арасындағы енді өлшейді. Ұштасып жабылған жердің көлемін жазықтілгіштің тіреулерінің арасындағы базистік енінен ұштасқан қатар арасынын енін алумен анықталады.
Ұштасып жабылған жерде олардың агрегатының қатар өткелдерінің ені 10 м болса ойдағыдай болғаны.
Арамшөптер кесілу сапасын диагоналымен жүріп отырып алқабы 1 м2 рамканы салып отырып учаскенің 3-5 жерінде анықтайды. Арамшөптер түгел кесілген болу керек.
Инелі тырмалармен тырмалау. Инелі тырмалар жұмыс сапасын қопсыту тереңдігінен (см), аңыз санынан (дана/м2), уатылу дәрежесінен (%), беткі қабаттың тегістігінен (см), атжал қалуынан анықталады.
Қопсыту терендігін учаске диагоналінен 20-30 м сайын 20 жерде өлшейді. Орташа тереңдікті 15-20% азайтады (қопсу саны). Қопсудың орташа санынан ауытқуы 1 см-ден аспау керек.
Сақталып қалған аңыздарды санау үшін 3-5 жерде өндеуге дейін және агрегат өткен соң алқабы 1 м2 рамканы салып анықтайды. Өндеуден кейін қалған аңыздардың негізгі олардың санына қарағандағы пайыздың мөлшерін анықтайды. Зақым келу дәрежесі 20% аспау керек. Топырақтың уатылу дәрежесі ірі алып жатқан (5 см ірі агрегаттар) алқабын санау жолымен анықталады. Ол сан жалпы алқаптан 20%-дан аспау керек.
Беткі қабаттың тегістігі сызғыш және рейка арқылы тырмалардың секцияларының ұштасқан өткелдерілде және агрегаттардың қатар өткелдерінде 20 нүктеде, айдар биіктігін өлшеу жолымен анықталады. Айдарлардың орташа биіктігі 4-5 1 см-ден аспау керек.
Атжалдар көзбен немесе атжал алқабының жалпы өнделген учаскенің алқабына қатынасымен анықталады. Шұңқырлау. Шұңқырлау сапасы шұңқырлар тереңдігінен, бір қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет енінен, агрегаттың қатар өткелінің арасындағы ұштасқан алқап енінен, атжал болуымен бағаланады.
Шұңқыр терендігі агрегаттың енінен 0,5 см сайын және өнделген учаскенің диагоналінен 20-30 м сайын 10-15 рет сызғышпен өлшейді. Алынған орташа мән 2 см-ден аса ауытқымау керек.
Бір қатардағы шұңқыр арасындағы бөгет ені сызғышпен анықталады. Ол 90 см-ден кем болмау керек.
Агрегаттың қатар өткелдерінің арасынан ұштасқан алқаптар ені (шұңқырсыз) 45 см-ден аспау керек. Атжалдар өңделген алқаптан 2% аспау керек.
Тілу. Тілу сапасы куыс терендігінен, онын енінен және агрегатың қатар өткелдерінің қуыстарының арасындағы қашықтығымен бағаланады.
Қуыстың тереңдігі мен енін 10-15 жерден 90-80 м сайын учаскенің диагоналінен сызғышпен өлшейді, кейін орташа саньш есептеп шығарады. Қуыстың берілген терендігінен ±2 см-ден, ені + 1,5 см-ден аспау керек. Ұштасқан өткелдердегі қуыстар арасының ауытқуы 15 см-ден аспау керек. Сонымен қатар беткейдегі қуыстарды кесуінің бағытын (беткейге көлденең жасалу қажет) және атжалдардың болуын ескеру қажет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жазықтілгішті өңдеудің сапасы

  2. Инелі тырмалармен тырмалау

  3. Өңдеу терендігінің тұрақтылығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет