Егіншіліктегі топырақты мелиорациялау жұмыстары Сабақтың мақсаты:Егіншіліктегі топырақты мелиорациялау жұмыстарын анықтау
Мелиорация деп ауыл шаруашылығы өндірісінің басты құралы жердің қышқылдығын, сілтілігін, тұздылығын, ауалық, ылғалдық, жылулық және коректік режимдерін реттеу арқылы топырақың сапасын жақсартуға, оның басты қасиеті құнарлылығын арттыруға бағытталған, мелиоративтік шаралардың кешенді жиынтығын айтады. Бір сөзбен айтқанда мелиорацияның негізгі мақсаты- топырақтың қасиеттерін түбегейлі жақсарту.
Мелиорацияға ылғал тапшы қуаңшылық аймақтарда жерді суландыру, ал ылғалы шамадан тыс көп өңірлерде оны құрғату, қышқылды топырақтарды әктеу, тұзды жерлерді жуу, шабындықтар мен жайылымдықтарды суландыру, егісті қорғайтын орман алқабын отырғызу, топырақты эрозиядан қорғау және басқа шаралар жатады.
Суару. Қазақстанда кеңінен қолданылатын мелиоративтік шаражерді қолдан суару. Оның негізгі мақсаты ылғалы тапшы қуаңшыл аймақтардаауылшаруашылық өсімдіктерін сумен қамтамасыз ету. Суару дегеніміз-қуаңшыл аймақтарда су беру арқылы топырақты жасанды ылғандандыру. Аталған аймақтарда атмосфералық және топырақ аңыздығы қосылып өсімдіктердің қурап қалуына әкеліп соқтырады.
Қолдан суару топырақтың температурасын төмендетсе, ал салқын күндерде керісінше оны жоғарылатады, сөйтіп топырақтың тәуліктік және маусымдық температураларының ауытқуының айырмашылығын азайтады. Осының арқасында көктемдегі кеш және күздегі ерте түсетін үсіктердің өсімдіктерге кері әсерін бәсеңдетеді.
Топырақты мелиорациялау ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына қолайлы жағдай туғызып, олардың өнімін арттыруға себеп болады.
Кеңшарлар мен ұжымшарлар тарағанша Қазақстанда 1,2 млн гектар суармалы жер немесе барлық егіс көлемінің 3,1 пайызы суарылды. Бүгінде, республикамыздағы суармалы егіс көлемі 1,0 млн гектарды құрайды. Суармалы егіншілік негізінен Қазақстанның онтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында, атап айтқанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Суармалы егіншілік жерлерінде жоғарғы өнімдітехникалық дақылдар (мақта, темекі, қант қызылшасы), дәнді дақылдар (күздік бидай, дәндік жүгері), көкөністер (қызанақ, қияр, қырыққабат және басқалары), жоңышқа және басқа өсімдіктер өсіріледі. Аталған дақылдар өздерінің өсіп-дамуы үшін суды көп мөлшерде қажет етеді. Суару аталған дақылдардың өнімін арттырады. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы тәлімі жерлердің әр гектарынан алынатын астық өнімі орта есеппен 10-12 ц болса, суармалы жерлерден-30-35 ц, ал кейбір алдыңғы қатардағы шаруашылықтарда-50 ц, тіпті одан да көп өнім алынады. Яғни, егін-суарудың арқасында өнім 3 есе, кей жағдайда одан да көп артады.Суару түрлері, мезгілі және мөлшері Суарудың басты мақсаттарының бірі, өсімдіктің суды ең көп қажет ететін мезгілінде оларды ылғалмен қамтамасыз ету. Ол үшін ауылшаруашылық дақылдарының ылғалға ең мұқтаж фазасын білу керек. Мысалы, дәнді масақты дақылдардың ондай кезеңі сабақтану-масақтану фазасы. Дәл осы кезде оларды қолдан суарса жоғары өнім алуға үміттенуге болады.
Ауыл шаруашылығы дақылдары себілген танаптардағы су шығыны транспирациядан (өсімдіктің жұмсауы), топырақ бетінен буланып ұшып және төменгі қабатқа өтіп кетуінен құралады. Осылардың ішіндегі ең пайдалысы өсімдіктердің транспирациясы, ал қалған екеуі ылғалдың пайдасыз жоғалуы. Сондықтан, барлық агротехникалық шара ауыл шаруашылығы дақылдарының ылғалды мүмкіндігінше мол пайдалануына жағдай жасауға бағытталуы керек.
Транспирация мен буланып ұшып жоғалған шығын өсімдіктердің жиынтық су пайдалану коэффиценті деп аталады. Қолдан суару өсімдіктер вегетациясы кезінде, яғни олардың көктеп шыққаннан пісіп-жеілуіне дейінгі уақытта жүргізіледі, оын вегетация кезіндегі суару дейді.
Топырақта ылғал қорын молайу үшін егін сепкенше, тұқым көктеп шыққанша немесе егін жинап алғаннан кейін суаруды вегетациядан тыс (влагозарядковый) суару дейді. Мұндай суару негізінен күзде немесе қыста жүргізіледі, соның әсерінен топырақтың терең қабатында ылғал қоры көбейеді, оны өсімдіктер ерте көктемде және жаздың алғашқы айларында пайдаланылады. Әсіресе, күзде жүргізілетін ылғал жинау суының маңызы өте зор, себебі бұл ретте ылғал жинау мәселесі ғана шешіліп қоймайды, сонымен бірге топырақтағы температура режимі де жақсарады, соның әсерінен күздік бидай, көпжылдық шөптер, жүзімдіктер, көшеттіктер және жас ағаштар да ойдағыдай қыстап шығады, кейін олардың өнімдері де артады.
Бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институты ғалымдарыныңтәжірибесіне қарағанда, тек қана күзде жүгізілетін алғал жинау суаруыныңөзінен-ақ күздік бидайдың өнімін 2-3 есе арттыруға болады екен.
Ылғал жинау кезінде бір гектарға 1200-1500 м3 су берілуі тиіс. Ерте егілетін дақылдар үшін ылғал жинау суын міндетті түрде күзде беру керек. Ал кеш егілетін жүгері, мақта сияқты дақылдар үшін ылғал жинау суын ерте
көктемде жүргізуге де болады. Оңтүстік Қазақстан облысының көп аудандарында су қыс айларында да қатпайды, сондықтан ылғал жинау үшін суару шараларын қыс айларында сор шаюмен бірге жүргізеді.
Себу алдындағы суару жұмысын топырақтың үстіңгі қабаты өте құрғақболған жағдайда жүргізеді. Бұл ретте көбіне топырақтың жыртылатын қабаты ғана суарылады. Осы суарудың арқасында топырақ беті дымқылданып, себілген тұқым дер кезінде біркелкі көктеп шығады.
Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан облыстарының климаты бір жерден жылына екі өнім алуға, яғни аралық дақыл себуге мүмкіндік береді. Аралық дақылдар дәнді масақты немесе сүрлемге арналған дақылдар орылып алынғаннан кейін егіледі. Аралық дақылдар егілер алдында міндетті түрде жер суарылуы тиіс, онсыз егілген дән өркен бермейді, себебі дәнді масақты дақыл орылатын маусым-шілде айларында жауын-шашын Қазақстанның оңтүстігінде тым тапшы болады. Көкөністер мен темекі көшеттерін отырғызар алдында да жерді суару керек, онсыз көшет жөнді тамырланбай қурап қалады. Егін сепкеннен тұқым көктеп шыққанға дейін берілетін вегетациядан тыс суару топырақтағы ылғал өркенінің жер бетіне тез шығуына жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі. Көп жағдайда өркен шығу үшін бір рет суару аздық жасайды, тұқым ісініп өнгенмен, олардың жер бетіне көктеп шығуына суарудан кейін пайда болған топырақ қабыршағы мүмкіндік бермейді.
Өсімдіктің өсуі үшін вегетация кезінде берілетін суару өте жиі қолданылады және ол осы суарудың негізгі түрі болып есептеледі. Вегетация кезінде суару өсімдік өсіп тұрғанда беріледі. Суару мөлшері климатқа, топырақ жағдайына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Суарудағы мақсат- дақылдардың өсіп-өнуін жақсарту, олардың өнімдерінің мол болуына мүмкіндік жасау.
Қоректендіре суару дегеніміз дақылдарды суаратын суға тыңайтқыштардың ерітінділерін қосып беру, ол өсімдіктерді коректік затпен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады, ал кей жағдайда коректік заттар вегетация кезінде беріледі. Тек қана өсімдікті коректендіру үшін жүргізілгенде суару мөлшері 100м3/га болады. Қоректендіру суын жаңбырлатқыш машиналармен берген өте ыңғайлы.
Салқындату суы жаңбырлатқыштар арқылы жаздың ең ыстық кездеріндеберіледі. Салқындату үшін көбіне көкөністер, жеміс-жидектер суарылады.Суару мөлшері әр гектрға 50м3.Сор шаю суаруы әдетте күзде, қыста, ерте көктемде топырақтағы артықтұздарды кетіру үшін қолданылады. Бұл көптен пайдаланып келе жатқантанаптарда жүргізіледі.
Суару мерзімі. Өсімдік қоректік заттарды тек ерітінді түрінде алатыны белгілі, сондықтан олардың тамырлары жайылған қабатта әрқашан ылғал болып тұруы керек. Көп өсімдіктердің жақсы өсіп, жоғары өнім беруі үшін топырақ ылғалдылығы оның еркін су сыйымдылығының 65-70 пайызынан төмен түспеуі керек. Топырақ ылғалдылығы осы деңгейден төмен түсіп кетсе, дақылдардың өсуі тежеледі. Соның салдарынан өсімдіктегі зат алмасу процесі қиындайды, жапырақта фотосинтез процесі жөнді жүрмейді. Сондықтан, топырақтың еркін су сиымдылығы көрсетілген межеге жақындай бастағанда дақылдарды суара бастауымыз керек. Вегетация кезінде жауын-шашын мол болса суару мерзімі едәуір өзгеруі мүмкін. Егер, кезекті суару алдында 20 мм және одан көбірек жаңбыр жауса, онда суару мерзімі кейінге қалдырылады, жаңбыр 10-12 мм болса, суаруды 3-4 күн кідіртуге болады, жаңбыр 10 мм-ден аз болса, бұл ретте кезекті суару жұмысын белгіленген мерзімде жүргізе берген жөн.
Суару мерзімінің жиілігі дақылдың түріне де байланысты. Мысалы, қант қызылшасы мен жүгерінің біріншші және екінші суаруының арасы 20-30 күнге созылатын болса, келесі суару күннің ысуына, өсімдік массасының ұлғаюына байланысты әрбір 10-15 күнде беріліп тұруы керек. Көкөністердің алғашқы суаруы мен екінші суару арасы 15-20 күн болса, кейінгі суарулардың арасы 7-10 күннен аспауы тиіс. Көп жылдық шөптерді 20-30 күн аралатып суарып тұрсада болады.
Мәдени жайылымдардың суару мерзімін мал жаю мезгіліне сәйкестендіріп жүргізеді. Мал жайылып болғаннан кейін мәдени жайылымдықтағы шөп 26 тәулік ішінде орнына келуі керек, осы кезде жайылым екі рет суарылуға тиіс. Оның бірінші сурылуы мал басқа жерге ауысқаннан кейін 4-5 күнде беріледі, одан 15-20 күннен кейін екінші рет суарылады. Суару кезінде топырақ танаптан шайылып кетпеуі үшін мөлшерден тыс су беруге болмайды. Олай болғанда жағдайда су топыраққа сіңіп үлгермейді де, танаптың бетімен су екпіндей ағып топырақ эрозияға ұшырап, оның құнарлы органикалық қабаты мен майда түйірлерінің танаптардан сумен ағып кетуіне әкеп соғады. Содан топырақ құнарлылығы жыл өткен сайын төмендей береді. Артық берілген судың пайдасынан зияны көп, эрозиямен қатар, топырақтың төменгі қабатындағы тұздардың жер бетіне көтерілуінің себебінен топырақ екінші рет сортаңдануы мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
Суару мерзімнің жиілігі