«Жерді түгендеу және жақсарту» пәнінен практикалық жұмыс орындауға арналған Әдістемелік нұсқау



бет27/28
Дата08.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#48506
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
«Жерді түгендеу және жақсарту» практика новый

Практикалық сабақ №30.
Жерді қалпына келтіру жағдайлары және рекултивациялау жолдары мен түрлері


Сабақтың мақсаты:Жерді қайта құнарландыру, рекультивация жұмыстарымен танысу.

Жерді қайта құнарландыру, рекультивация(лат. re — қайта не кері әсерді білдіретін қосымша және cultіvo — өңдеу) — бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешендіжұмыс. Жердің құнарсыздануы — әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен — жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді. Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық жерді қайта құнарландыру — бүлінген жерлерді халық шарушылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т.б.; биологиялық Жерді қайта құнарландыру — топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мадени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланып келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесіне бұл жерлер түрлі басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу ) жұргізу нәтижесінде өте ұлкен өзгерістерге ұшырады.


Адамның шаруашылық іс — әрекетінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрарогиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіріді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400 – 500 м болатын шұңқырлар түзіледі.
Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады. Кәзіргі кезде ғылымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды ауыл және орман шаруашылығына қайтарудың жолдары іздестіруде .
Жерді рекультивациялаудың 2 негізгі этапы бар: тау – техникалық және биологиялық . тау – техникалық рекультивациялаудың мақсат – территорияны жөндеуге
дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жұзеге асырылады.
Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен ГДР мемлекеттерінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі.
Жерді рекультивациялау — өте күрделі мәселе. Ол көп жағыдайда бұзылған териториялардың нақты экологиялық жағыдайларына байланысты. Республикалық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико – химиялық құрлымын, гидрологиялық режимнің ерекшеліктерін, рельефтің ерекшеліктерін жақсы білу қажет.пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру. Мал шаруашылығы комплекстерін, суару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезінде рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру, орналасатыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау қажет.
Гещлогиялық мұнай іздестіру және өндеу жұмыстары кезіңде бұзылған және мұнаймен, түрлі жуғыш рекультивациялаудың маңызы өте зор. Әдетте, норматив бойынша, әрбір бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді. Бірақ практика жүзінде бұдан әлде қайда көп жер ауыл шаруашылық айналымнан шығып қалады. Әсіресе, ірі гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырыларын бір орыннан екінші бір орынға ауыстыру кезіңде жердің үлкен аймағы біршама зардап шегеді. Сондықтан, мұнай-газ кең орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердің топырағының беткі құнарлы қабатын алып, сонынан қайтадан құнарлы қабат топырағын салуды тиісті орындар талап етулері қажет.
Бақылау сұрақтары:

  1. Жерді рекультивациялау жұмыстары

  2. Жерді қайта құнарландыру

  3. Жердің құнарсыздануы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет