Жерге орналастыру мамандығы


Геодезия—жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер бетіндегі өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Геодезия



бет2/2
Дата24.10.2022
өлшемі1,31 Mb.
#45101
1   2
Байланысты:
1срс геодезия

Геодезия—жер пішіні мен өлшемін анықтау, планда және картада бейнелеу үшін жер бетіндегі өлшеулер туралы ғылым жүйесі. Геодезия — жер туралы өте ежелгі ғылымдардың бірі. Адамзаттың бағзы заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан зандылықтары Геодезияның ғылым ретінде қалыптасуына негіз болды. Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін зерттеу қажеттігі туған кезде пайда бодды. Әсіресе Ежелгі Египетте Геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы жағдайлар туды. Б.з.д. XIV—XII ҒҒ. Қытайда "бүкіл жерді" зерттеу мақсатында геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Геодезия Ежелгі Грекияда жоғары дамып, теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен Александриялық Геронның (шамамен 1 ғ.) "Диоптрия тура геожүйелердің қалыптасу, қызмет ету және даму процестері. Олар геожүйелердің қасиеттері мен құрамдарының, шекаралары мен өзара байланыстарының өзгеруімен қатар жүреді. Геодезиялық процестер заттық, энергетикалық немесе ақпараттық, географиялық нақтылыққа байланысты - физикалық-географиялық (табиғи), қоғамдық - ( географиялық, сондай-ақ табиғат пен қолы" және "Ауданды өлшеу" атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың еипаттамалары келтірілген. Грекғалымы Эратосфен (б.з.д. 276—194 жж.) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының радиусы, шамамен, 6000 км екенін анықтап берді.
Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы I Петр кезінде жүзеге асырылды. XIX ғ. бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жұмыстардың ғылыми жағынан жоғары қойылуына атақты орыс астрономы және геодезисі, Пулков астрономиялық обсерваториясының негізін салушы және бірінші директоры В.Я. Струве (1793-1864 жж.) болды.  Қазіргі кезде геодезия іргелі ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетін күрделі әрі жан-жакты дамыған ғылымдардың бірі болып саналады. Оның негізгі атқаратын міндеті - Жердің пішіні, келисіп және гравитациялық өрісін зерттеу, пландар мен карталарды және олардың электрондық ұқсастығын — жергілікті жердің цифрлық моделін және электрондық карталарды жасау, шаруашылық салаларының жоіте еліміздің корғанысының жергілікті жердегі әр түрлі инженерлік мәселелерін шешу. Адамзат қоғамының және ғылым мен техниканың дамуына байланысты Геодезияның мазмұны да өзгеріп отырды. Соның нәтижесінде өзінің даму процесінде геодезия бірқатар дербес ғылыми және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінді. Жоғарғы геодезия жердің және планеталардың пішіндері мен көлемдерін зерттейді, сондай-ақ геодезиялық негізгі тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді. Жоғарғы геодезия міндеттерін шешу әдістерін егжей-тегжейлі зерттеу басырында одан геодезиялық астрономия, геодезиялық гравиметрия және ғарыш геодезиясы жеке пәндер болып бөлінеді.
Геодезиялық астрономия геодезиялық тірек жүйелері үшін аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтау мәселелерімен айналысады.

Геодезия мен маркшейдерия ғылымдарының әрбір тарихи кезендерде қандай орын алып келгендігіне қысқаша токталамыз. Жер өлшеу әдістері мен ірі құрылыстардың көрнекті ескерткіштері дүние жүзінде бірнеше жерлерде бар. Мысалы, біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелері мен каналдарда геодезиялық өлшеулер қолданылған. Ежелгі Мысыр елінде орасан зор құрылыстар салынған. Ал Мысыр патшаларының өздері тірі кездерінде салғызған пирамидаларының ішіндегі ең үлкені- Хеопс пирамидасының төрт қырының әрқайсысы 230,13 метрден де, ал бір—бірінен айырмашылығы 2 см-ден аспайды. Мысыр пирамидалары «Әлемнің жеті кереметінің» бірі болып саналады. Мүндай қүрылыстар салу, арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз жүргізілуі мүмкін емес. Біздің заманымыздан IV ғасыр бұрын өмір сүрген фек математигі Евдем«Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер метрия ғылымын ойлап шығарды», - деп жазды. Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер, оны алғашқы кезде «геометрия» деп атады. Геометрия заңдары жер өлшеуде әрдайым қолданылады, барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым-Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны «геодезия» деп атаған. III ғасырда өмір сүрген фек ғалымы Эратосфен градустық өлшемдердің көмегімен жер радиусін аныктаған. Бүдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды.




Ш.Уәлиханов Омбыдағы Кадет корпусын бітіріп, жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Шоқан Уэлиханов 1950-52 ж.ж. Омбы қаласындағы әскери оқу орнының студенті бола жүре, Сырымбет тауы мен оның төңірегінің, Көкшетау мен Құсмұрын аймақтарының схемалық карталарын, ол 1856 ж. бастап әскери-ғылыми экспедиция қүрамында жүріп, Қазақстан, Ыстық көл, Орталық Тянь-Шянь аймақтарында топографиялык түсірістер жүргізген, сөйтіп, Орталық Азияның картасын, сондай-ақ Қашкариядан Ташкентке дейінгі жердің маршруттық картасын жасаған. Ш.Уәлихановтың география және топография саласындагы елеулі еңбектері жайлы оның 5 томдык шығармалар жинағының 3 - томынан толық мағүлмат алуға болады. XIX гасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық жүмыстардың жоғарғы дәрежеде жүргізілуіне коп еңбек сіңірген орыс астрономы және геодезист, Ленинградтагы Пулков обсерваториясының негізін қалаушы В.Я.Струве болды. Геодезиялық қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 жылдан бастап бұрынгы Кеңестер Одагында мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды. Ал қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жүмыстардың және картографияның бүдан әрі дамуына ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылыгымыздың қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр. Жер пішінінің жаңа өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің теориясын жасауда және практикага ендіруде Ф.Н. Красовский бастаган орыс галымдары зор еңбек етті. Геодезия мен картография саласының дамуына М.С.Молоденский, А.А.Изотов, А.С.Чеботорев, Н.А.Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай.


Геодезиялық қызметтің қарқындап дамуына Кеңес өкіметі кең жол ашты. Геодезиялық ғылыми жұмыстарды жүргізуге арналған геодезиялық орталық ғылыми-зерттеу институттар мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 жылдан бастап Кеңестер Одағында мемлекеттік карталар жасау үшін жер бетін әуеден суретке түсіру қолданылды. Ал қазіргі кезде топографиялық-геодезиялық жұмыстардың жеке картографиясының бұдан әрі дамуына, ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр
Қорытындылай келе


Қоғам тарихының әр дәуірінде жермен шұғылдану дәрежесі де әр түрлі сатыда болып келді. Адам коғамының даму дәрежесінің өзі сол жер байлығын пайдалана білу тәсіліне тәуелді. Сол себептен жер өлшеу әдістерінің дәрежесі адам қоғамының даму тарихын көрсететін бір айқын дерек болып табылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет