ІШЖО жобасы, оның мазмұны және кезеңдерi. IШЖО жобасының кұрамы мен мазмұны табиғи және әлеуметті-экономикалық жағдайларына, жер иелену мен жер пайдалану түрлерiне, шаруашылыктың мамандандырылуына, қоныстандыру жүйесiне, инфрақұрылым элементтерiнiң дамуына байланысты. Сонымен қатар, әр бір жағдайда, кешендi мемлекеттiк шаралар ретiнде жүзеге асырылуы мiндеттi болып табылатын ІШЖО процессін анықтайтын белгiлi бiр сұрақтар қарастырылу керек. Яғни, белгiленген тәртіпте жүзеге асырылатын ІШЖО жобасының негiзгi 6 кұрамдас бөлiктерiн атауға болады:
1. Өндiрiстiк бөлiмшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру
2. Ішкішаруашылык жолдарды, су шаруашылық және басқа да инженерлік ғимараттарды орналастыру
3. Алқаптарды ұйымдастыру
4. Ауыспалы егiстiк жүйесiн ұйымдастыру және оның территориясын құру
5. Жеміс-жидек екпелер территориясын орналастыру
6. Мал азыктық алқаптар территориясын орналастыру.
Жалпы жер қорын, әсiресе ауылшаруашылық мақсатындағы жердi тиiмдi және толық пайдалану өте күрделі мәселе. Оның шешiмiн ауылшаруашылық айналымына өнімділігі жоғары алқаптарды енгiзу, топырақ эрозиясымен және басқа зиянды процесстермен күресу, топырақтың құнарлығын сақтау және көтеру арқылы табуға болады. Топырақтың құнарлығын қалпына келтiру және жақсарту, егiншiлiк дақылдарының өнiмдiлiгiн көтеру үшiн территориялық жағдай жасау, сонымен қатар техника мен еңбек қорын тиiмдi пайдалану ауыспалы егiстiктер жүйесiн дұрыс жобалау есебiнен жүзеге асырылады. Агроқұрылымдардың территориясында ауыспалы егістік жүйесiн ұйымдастыру, олардың территориясын реттестіру, танаптар мен жұмысшы учаскелердi жобалау, жем-шөп алқаптарын орналастыру, сонымен қатар шаруашылық орталықтар мен iшкiшаруашылық жолдарды, территорияны инженерлiк жабдықтау объектiлерiн орналастыру iшкi шаруашылық жерге орналастыруды жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылық кәсiпорындардың территориясын ұйымдастыру жер пайдалануды құрумен ғана шектелмейдi. Қалыптаскан жер пайдалану шекарасында жердi пайдалануды жақсарту және қорғауға бағытталған кешенді шараларды қарастырып, оларды жүзеге асыру қажет, сонымен қатар әр бір жер учаскелерiн және жермен тығыз байланысты өндiрiс құралдарын тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету қажет. Осы шаралар iшкi шаруашылық жерге орналастыру процессiн құрайды. Әдетте, белгiлi бiр мөлшерде, iшкi шаруашылық жерге орналастыру (ІШЖО), елді-мекендер шекарасында, өнеркәсiп, шаруашылығына және басқа да мақсаттарға бөлiнген жерлерде жүргiзiлетiн жерге орман орналастыру жұмыстарына ұқсайды. Сонымен қатар, ІШЖО жобасының елді-мекендердi жоспарлау жобаларынан, бас схемелардан, орман жерлерiн ұйымдастыру және басқа да жобалардан айырмашылығы бар:
Бiрiншiден, ІШЖО барысында, жер кеңiстiк операциялық базис ретiнде емес, а.ш. өндiрiсiнiң негiзгi құралы ретiнде ұйымдастырылады және де оның барлық қасиеттері ескерiледi, яғни - құнарлығы, кеңістік, геоботаникалық, гидрологиялық және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |