Жерге орналастыру табылады. ҚР жер заңдылығына сәйкес, жерге орналастыру, жерлердi тиiмдi пайдалану мен қорғауға бағытталған кешенді шаралар ж


Екiншiден, ІШЖО а.ш. мақсатындағы жерлерде ғана жүргiзiледi. Үшiншiден



бет4/7
Дата27.11.2022
өлшемі35,46 Kb.
#52897
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
докум

Екiншiден, ІШЖО а.ш. мақсатындағы жерлерде ғана жүргiзiледi.
Үшiншiден, а.ш. кǝсiпорындардың территориясын ұйымдастырудың экономикалық тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ, əлеуметтiк маңызы да зор, өйткені бұл территорияда а.ш. өндiрiсi мен жердi пайдаланумен тығыз байланысты ауылдық елді-мекендер орналасқан.
Төртiншiден, ІШЖО барысында көптеген маңызды табиғатты, топырақты қорғайтын шаралар қарастырылады, о.i. жел, су эрозиясынан, тұзданудан, батпақтанудан, сельдерден және т.б. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру барысында маңызды өндiрiстiк мақсат шешімін табады өзара тығыз байланысты үш құрамдас бөлiктердiң сәйкестiлiгi қамтамасыз етiледi, яғни өндiрiстi ұйымдастыру территорияны ұйымдастыру еңбек ресурсын ұйымдастыру.
Сондықтан ІШЖО кәсiпорындардың табысты болуына, жердi тиiмдi пайдалану мен қорғалуын, ауыл тұрғындарының жыл бойы жұмыспен айналысуын, жалпы мемлекеттiк эконо-микалық және әлеуметтік мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен, ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негiзгi мақсаты, а.ш.өндiрiсiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, жерді және онымен тығыз байланысты өндiрiстiк құралдарды ұтымды пайдалануын ұйымдастыру.
Аталған құрамдас бөліктер жалпы бір мақсатты экономикалық тұрғысынан негізделген өте күрделі жобалық міндеттер мен шешімдер. Бұлардың әр қайсысы бөлек қарастырылуы мүмкін, бірақ қорытынды шешiмдi басқа құрамдас бөліктермен өзара тығыз байланыста қабылдайды. Жобаның элементтері – қорытындылары жер пайдалану - жоспарында графикалық көрсетілетін, содан кейін жер бетіне түсірілетін нақты жобалық шешім. ІШЖО жобасының құрамдас бөліктері нақты мен элементтерiнде қарастырылатын сұрақтардың негізгі мазмұны:
1.Өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру барысында кәсіпорындардың өндірістік құрылымын анықтайтын маңызды мiндеттер шешімін табады. Яғни, қандай елді-мекен негізінде шаруашылықтық инфрақұрылым әрі қарай дамиды, қай жерде тұрғын үй және өндіріс құрылыстарын жүргізу керек, сондай-ақ, шаруашылық орталықтарын орналастыру. Осыларды жүзеге асырғанда ғана кәсіпорындардың ұйымдастыру-өндірістік орналыстырылады. құрылымдары белгіленеді және де жер массивтерi орналастырылады.
Өндірістік бөлімшелер мен шаруашылық орталықтарын орналастыру жаңа құрылған кәсіпорындарда ғана емес, сондай-ақ бұрын қалыптасқан шаруашылықтарда да маңызды жобалық міндет болып табылады. Бұл мамандандырылудың тұрақты түрде өзгеріп отыруына, салалардың құрамына, жер, еңбек және материалды-техникалык ресурстардың қатынасына байланысты.
2. Инженерлік объектілердің ішінде маңызды болып ішкішаруашылық жолдар жүйесі табылады және де олар жүк тасымалдау бағытына сәйкес жобаланады. Бұлар шаруашылық орталықтарын елді-мекендермен, темір жол станцияларымен, ауыспалы егістік массивтерімен және басқа да жүк айналым пунктерімен байланыстыратын жолдар. Жалпы шаруашылықтық инженерлік құрылыстарға мелиоративтік (суару мен құрғату) жүйелері, су шаруашылықтық объектілер, ірі агроорманмелиоративтік, жерлерді эрозиядан қорғау және баска да кешендер жатады. Экономикалық тұрғысынан бұлар жермен тығыз байланыстағы өндіріс құралдары. Бұлардың орналастырылуын жер пайдаланудың территориялық жағдайларына, ауыл шаруашылықты жүргізудің аймақтық ерекшеліктеріне байланысты орналастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет