Тақырыбы: Табиғат (күзгі) құбылыстары және ауыл шаруашылығындағы еңбек.
1.Күздің басталуы мен аяқталуы. Күн мен түннің күзгі теңелу (21-23 сентябрь) күні күздің астрономиялық басталуы болып есептеледі. Күннің қысқы тоқырау күндерінің бірі — 22 декабрь күздің соңы деп саналады. Алайда бұл маусымның табиғатта осы мерзімнен ерте де, кеш те басталуы мүмкін.
Фенологтар топыраққа алғашқы тоң ілінуін күздің басталуы, ал тоғандардың қатуын күздің аяқталуы деп санайды. Олар күзді жапырақ түскенге дейін — сары күз және жапырақ түсіп болған соң — қара күз деп ажыратады.
Ауа райы. Сентябрьдің екінші жартысы — алғашқы суық түсудің бастапқы мерзімі. Бұл уақытта әдетте күн ашық, жылы, түн мен таң салқын болады. Ауа құп-құрғақ, таза және ашық болып келеді.
Октябрьдің екінші жартысынан бастап күн едәуір суыта бастайды, көшпелі
бұлттар ыдырап, аспанды кара сұр бұлт тегіс қаптап, төмендей түседі. Жауын-шашын жиілеп, ұсақ жауын сіркіреп ұзақ жауады. Ауа ылғалданып, тұман түседі. Шалшық сулар кеппей қалады. Қар жауып, тез еріп кетеді. Түнде бетіне мұз қатқан шалшық су, күндіз ериді. Күн барған сайын қысқарып, түн ұзара, суыта түседі.
Ноябрь — жылдың қарауытқан, ызғырық желді және ауа райы бұлыңғыр айы. Температураның 0 градусқа төмендеуі тұрақтайды, топырақты тоң басып, су қоймаларына мұз қата бастайды.
Жапырақ түсу. Ағаштар мен бұталар жапырақтарының әр түсті болуы және жапырақтардың түсуі — күзге тән белгілердің бірі — ол көбінесе жаз соңына қарай пайда болады, жаз неғұрлым құрғақ және ыстық болса, жапырақтың түсуі де соғұрлым ерте басталады. Ең, алдымен қайыңның жапырақтары сарғаяды.
Температура төмендеген кезде жапырақтардың түсі өзгере бастайды. Бұл — жапырақтарға жасыл түс беріп тұратын хлорофильдің бұзылып, сары және күлгін түс беретін пигменттердің пайда болу нәтижесі.
Күзгі гүлдеу. Сары күзде көктемнен бастап суық түскенге дейін гүлдеп тұратын бақбақтан басқа цикорияның, түйме шетеннің, жұмыршақтың, меніреу қалақайдың, дала үкікөзінің гүлдерін кездестіруге болады. Сентябрьде су қоймаларында әлі де гүлдеп тұрған ақшұнақ пен жебежапырақтар тұрады.
Кейбір өсімдіктер (қалтагүл, дрема, қоғажай) кейде күзде екінші рет гүлдейді. Бұл жаз ыстық және аңызақ жылдары көктемде немесе ұзақ жауған күшті жаңбырдан кейін болады.
Шөптесін өсімдіктерді қысқа дайындау. Бір жылдық өсімдіктердің күзде сабақтары мен тамыры суалып тек ұрығы бар тұқымдары ғана қалады. Ұрықты қоректік заттар қоршап жатады, қатты суытқан, ұзақ қүрғақшылықтан оны тұқым қабығы қорғайды.
Көптеген шөптесін өсімдіктерде күзде жер бетіндегі бөліктерінің бәрі солып қалады. Жер астындағы түрін өзгерткен өркендерде — тамырсабақтарда, түйнектер мен пиязшықтарда тіршілік сақталып қалады, оларды қоректік заттардың қоймасы десе де болады.
Су өсімдіктері, мысалы элодея қысқы тіршілік жағдайына бейімделіп, су түбіне батып кетеді. Қүрғақ, қамыс, ақ түңғиық пен сары лала гүлдің сабақтары мен жапырақтарының қурағаннан кейін қыс кезінде сабақ жапырақтарында тіршілік сақталып қалады.
Жемістер мен тұқымдардың таралуы. Күзде гүлдер азайып, оның есесіне жемістер молаяды. Жапырақтардың сілемінен шәңгіштің қызыл шоғы, бересклеттің әдемі қауашағы айқын байқалады. Жөкенің, шетен мен үйеңкінің қанатты жемістері қаптап ұшып жүреді.
Көптеген ағаштың жемістері мен тұқымын жел таратады. Қабығы қалың үйеңкінің қанатты жемістері, жөке жаңғағының гүлсерік жапырағы, қайың жаңғақшасының қанаты ұшу аппаратының қызметін атқарады. Бұл жемістер қара күзде немесе қыста жан-жаққа ұшып таралады.
Кейбір шөптесін өсімдіктің (бақбақ, қаршығашөп, татарник) жемісінде болатын «парашют» (ұшпалы үлпілдек шатырша) жемістердің құрғақ ауада ұшуына мүмкіндік береді; ығалды жерге түссе болды, «парашюттың» түтіктер, жабысып, жеміс жерге түседі.
Мойыл, шетен, долана және басқа есімдіктердің шырынды жемістерін көптеген құстар мен аңдар сүйсіне жейді. Бұл жемістердің ішіндегі қорытылмайтын тұқымдар жануарлардың ішегінен ешқандай зақымсыз сыртқа шығып қалады, мұның көбінесе жеміс пісіп жетілген және желінген жерден өте алыста болуы да мүмкін.
Шоңайна, ошаған, итошағанның жемістері жануарлардың жүніне ілгешектерімен жабысып таралады. Бұл жемістерді көйлегіне жабыстырып алып, адам да таратады.
Шыңтерек, үкікөз және басқа өсімдіктердің жемістері қақырайды да, тұқымдары жан-жаққа шашылады.
Өрмекшілер. Сары күзге тән белгі — ұшып жүретін көптеген өрмекшінің болуы. Желсіз, ашық күндері шабындықтар мен ормандағы ашық алаңдардан бұтақтарға, шөптер мен қоршауларға бір ұшын жабыстырып, өрмекші өрмегінің жіпшелері қалықтап тұрады, одан өрмек иесі жас өрмекшілерді — қасқыр өрмекші, жамбас өрмекші, тенетниктерді де көруге болады. Өрмекші үшуға дайындаларда бұтақтың ұшына шығып алып, құрсаған соған жабыстыра ұшуға әзірленеді, сүйелді безден жіп-жіңішке өрмек жібі шығып, оны жылы ауа ағыны жоғары алып ұшады. Өрмекші өрмек жібімен ауада өрмелей жорғалап, оны бірде түсіріп, бірде кетеріп, теңселтеді; ол өрмек жібінің ұшын шиыршықтап орап, кысқартады да, жайлап төмен түседі. Бұл өрмекшілер осылайша әр жерге жайғасады.
Құстардың қайтуы және қоныс аударуы. Температура төмендей салысымен құстар оңтүстікке қарай қайта бастайды. Басқаларынан бұрын бізден кететіндері — насекомқоректілер. Суда жүзетін құстар өз қыстағына барлығынан да кеш қайтады. Алғашқы ұшып кеткен тырналар тобы (сентябрьдің басында) — күз жаршысы. Шыбынқақтар, қызылқұйрықтар мен шақшақайлар алғашқы суықтан кейін-ақ ұшып кетеді. Сентябрьдің аяғына таман тырналардың жаппай ұшып бара жатқандары байқалады. Сандуғаштар, дала бозторғайлары, сарайғыр, қараторғайлар да біздің өлкені тастап кетеді.
Су қоймалары қатқанда қаздар мен үйректер оңтүстікке қарай жөнеледі, олар жолшыбай мұзы әлі қатпаған су қоймаларына аялдай, тынығады.
Ұсақ құстар тобы топтасып, ірілері — сап түзеп: тырналар бұрыш жасай, қаздар — қиғаш қатар түзеп немесе доғаша иіндесіп, үйректер кесе көлденең бағытта ұшады. Құстар бір-бірінен белгілі бір қашықтық ұстай ұшады, соның арқасында олар ауаның кедергісіне оңай төтеп береді
Сары күзде бізге Солтүстіктен шымшықтар қоныс аударады; орманда, бақ пен паркте шымшықтардың сайраған үні естіледі.
Октябрьдің соңында — ноябрьдің бастапқы күндерінде карға, шауқарға, сауысқандар орман-тоғайларды тастап, адамдар мекендейтін жерлерді маңайлайды, олар көшелер мен аулалардан көріне бастайды, парктер мен бақтарда түнеп шығады. Қара күзде қаңырап қалған орманнан шымшықтармен және жорғаторғайлармен араласып жүрген тоқылдақтарды да кездестіруге болады. Осы уақыттан бастап шекілдектер, қайшыауыздар, суықторғайлар ұшып келеді.
Аңдардың қысқа дайындығы. Кейбір аңдар қысқа азық қорын жинап, өз «қоймаларына» жасырады. Тиіндер түні бойы ағаш қуысына жаңғақтарды, шошқажаңғақтарды, ірі тұқымдарды тасып, ағаш түбірлерінің түбіне қазып, көмеді, саңырауқүлақтарды ағаштың кепкен бұтақтарына іліп кептіреді. Аламандар жер астындағы індеріне сұлы дәнін, асбұршақ, жүгері, бұршақ, зығыр қауашақтарын толтырып алады.
Суық түсе бастағанда аламандар, сарышұнақтар, жарқанаттар қысқы ұйқыға кетеді, олардың бүкіл тіршілігі шұғыл баяулап, жүректің жиырылуы мен тыныс алу қимылы кемиді.
Кірпі сентябрьдің аяғында — октябрьдің алғашкы күндерінде шұңқырдан өзіне апан жасап алып, инелеріне шаншып әкелген жапырақтарға көміледі де ұйқыға кетеді.
Қоңыр аю мен борсық күзде шошқажаңғаққа тойып алып, май жинайды да қысқы «ұйықтайтын бөлмесіне» құрғақ жапырақтар төсеп тастайды. Қара күзде солтүстіктен соққан желдің ызғырығынан бұл аңдар өз індері мен апандарында ұйқыға кетеді.
Түлкілер, қояндар мен тиіндер түлейді. Олардың қысқы жабыны — қалың түбітті болғандықтан, жылуды жақсы сақтайды. Сонымен қатар тиіндер мен қояндар жаңаланған ашық түсінін, арқасында қыста көзге онша шалынбайтын болады.
Кішкентай аңдардың көпшілігі: дала тышқандары, егеуқұйрықтар, жерқазарлар, ақ тышқандар қара күзде қорек пен баспананы оңай табуға болатын тұрғын жайларға жақындап келеді. 1.Күздің басталуы мен аяқталуы. Күн мен түннің күзгі теңелу (21-23 сентябрь) күні күздің астрономиялық басталуы болып есептеледі. Күннің қысқы тоқырау күндерінің бірі — 22 декабрь күздің соңы деп саналады. Алайда бұл маусымның табиғатта осы мерзімнен ерте де, кеш те басталуы мүмкін.