Сәрсенбі; Шаш алдырыңыз. Игілікті іс бастаңыңыз берекелі. Кешке жалаңаш жүрмеңіз, жын-шайтан ұрады. Әйеліңмен жақындық жасама, перзент бітсе адам өлтіретін қарақшы болады.
Бейсенбі; Әруақтарды еске алу яғни Нұр күні. Моншаға түсіп, жұма намазына ниеттеніңіз. Тырнақ алдырған кісінің ауруы кетеді. Әрбір жақсы нәрсе осы күннің шапағатынан. Әйеліңе перзент бітсе ғалым һәм нәпсісін тыюшы болады.
Жұма; Үйленген һәм неке қыйдырған жөн. Барша пайғамбар некеге тұрған. Әйеліңе перзент бітсе ғибадатшыл болар. Дүниеден өткен кісі иманмен кетеді. Қабірстанға зиярат етіңіз. Өткендер де біздей болған, біз де сондай боламыз.
Сенбі; Жетім-жесірдің маңдайын сыйпаңыз, оларды қуантыңыз. Тырнақ пен шаш алдырмаңыз.
Жексенбі; Құрылыс бастасаңыз жеңіл бітеді. Жеміс ағашы жылдам өседі. Тырнақ алдыртса ол адамның берекесі кетеді. Көшіп-қону дұрыс емес.
Ескерту; Пайғамбарымыз айдың соңында тамырдан қан алдыртып, құрамын тазартып тұруды ескерткен. Дәретсіз бәндені періште қорғамайды. Әуретіңе қарама, көзіңнің нұры кетеді. Айдың әуелгі-ақырғы түнінде әйеліңе перзент бітсе диуана болар. Жеміс ағашының түбінде әйеліңе перзент бітсе залым болар. Жоғарыда айтылғандардың толығын Алла біледі.