Жетісу облысында туризм саласын дамыту бойынша анықтама



бет2/4
Дата24.11.2023
өлшемі21,84 Kb.
#125545
1   2   3   4
Байланысты:
Справка туризм каз

Проблемалық мәселелер
1. Алакөл көліндегі жүзу құралдарының (гидроциклдер, қайықтар) бақылаусыз қозғалысы.
Алакөл жағалауы облыстың басты туристік орындарының бірі болып табылады. Көлге жыл сайын миллионнан астам адам келеді. Алайда, демалушылардың жанында жүзу құралдарының қауіпті жүру фактілері бар, бұл олардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.
Жүзу құралдарын пайдалануды бақылау облыстық көліктік бақылау инспекциясының құзыретіне кіреді. Бүгінгі таңда бүкіл облыста осы жұмыспен айналысатын 1 қызметкер ғана бар.
Осыған байланысты, Алакөл көліндегі жүзу құралдарын бақылау үшін Жетісу облысының көліктік бақылау инспекциясының штат бірліктерінің санын ұлғайту қажет.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі ҚР ІІМ-не судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін су полициясы бөлімшесін құру бойынша (№04-28/1666-және 24.07.2023 ж.) хат жолдады;
2. Алакөл көлінің қоршау бөгетін салу.
Жобаның құны – 6,0 млрд. тг, оның ішінде 2020-2022 ж. ж. бөлінген және игерілген - 1,5 млрд. тг, дайындық деңгейі -10%.
Алматы облысының құрылыс басқармасы мен «Спецстрой компаниясы» ЖШС арасында бұрын жасалған шарт бұзылды.
3. Ұялы байланыс пен талшықты интернеттің болмауы.
Жазғы маусымда демалушылар санының көбеюіне байланысты ұялы байланыстың үзілуі жиі кездеседі.
4. «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолының бойында абаттандырылған санитарлық-гигиеналық тораптардың болмауы.
Облыстың жағажай туризмін дамытудың негізгі бағыты Балқаш көлінің жағалауы болып табылады.
Жол инфрақұрылымын дамыту және көлікке қолжетімділікті жақсарту үшін Балқаш көлінің жағалауына апаратын «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» және «Лепсы ауылы-Балқаш к. жағалауы» автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша құрылыс – монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сарқан ауданының Балқаш көлінің жағалауын дамытудың Бас жоспары негізінде инженерлік-коммуникациялық желілерді салу бойынша ЖСҚ әзірленді (ЖСҚ сомасы – 115 млн.тг). Сметалық есеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет