Үйге берілген тапсырмалардың тексеру әдістері



бет3/3
Дата08.02.2023
өлшемі39,5 Kb.
#66266
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Баяндама. Үйге берілген тапсырмалардың тексеру әдістері.

-Жоспарлау сұрағы
Мұғалімнің берген бірнеше жауаптарынан дұрыс жауапты анықтау.
-Тыныш сұрау әдісі
Сыныптағы оқушылар басқа тапсырмалар орындау кезінде, мұғалім бірнеше оқушыдан сұраққа жауаптар алады.
-Шынжыр-сұрақ әдісі
Бұл әдіс толық, логикалық жауап алуға қолданылады. Бір оқушы жауапты айта бастаса, екіншісі әрі қарай жалғастырады.
-«Қорғану» парағы
Үнемі бір орынға сабаққа дайындалмай келген оқушыларға қойылады. Оқушы сабаққа дайын болмаса, өз фамилиясын жауап парағына еңгізіп, өзіні сабақта сұралмайтынына сенімді болады. Мұғалімнің міндеті- оқушыны назарда ұстау,
Бастауыш сыныптарға арналған үй жұмысын тексеру әдістері
Бастауыш сыныптарда үй жұмысын өзгеше тексеру көп мұғалімдердің назарында. Өтілген тақырыпты ойын түрінде тексеру бастауыш сынып оқушыларына өте қызықты, бұл әдістер оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
-«Жауапты суреттейміз» ойыны
Өткен тақырып бойынша мұғалім сұрақтарды құрастырады, оқушылар жауабын сурет арқылы береді.
-«Қол соғу»ойыны
Үй жұмысын тексеру кезінде мұғалім бірнеше жауап береді, оқушылар дұрыс жауапы естігенде алақанадарымен қол соғады.
-Топтық ойын « Не және неге?
Топ құрылғаннан кейін топ басшысы сайланады. Өтілген тақырып бойынша топ мүшелері бір біріне сұрақ қойып жауап береді.Топтағы барлық оқушы қатысу керек.
-«Жеті жапырақ » ойыны
Қағаздан жеті жапырақ , әр топқа жеке дайындалады. Әр дұрыс жауапқа бір жапырақтан беріледі. Жеңімпаз болып барлық жеті жапырақты алған топ саналады.
-«Допты ұстап ал» ойыны
Ойын шеңберде өткізіледі. Мұғалім сұрақты қойып, допты лақтырады.Допты ұстаған оқушы сұраққа жауап береді.
Қорытындылай келе үй тапсырмасын орындаудағы жұмыс жүйесінің бұл түрлері өткен материалды оқушылардың саналы меңгеріп, естерінде берік сақтауына және теориялық білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдана алатындығына зор әсерін тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет