Үйге берілген тапсырмалардың тексеру әдістері



бет1/3
Дата08.02.2023
өлшемі39,5 Kb.
#66266
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Баяндама. Үйге берілген тапсырмалардың тексеру әдістері.


Үйге берілген тапсырмалардың тексеру әдістері.

Үйге тапсырма беру және оны кезінде тексеріп отыру жұмыстары оқушыларды ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, өзінің істеген жұмысының шыдамдылықпен, кездескен қиыншылықты өз бетімен жеңіп шығуға тәрбиелеуде маңызы зор. Үйге берілетін тапсырма және сол тапсырмаға сәйкес оқушылардың үйде орындайтын жұмыстары сыныпта өтілген сабақтың тікелей жалғасы және сол пәнді оқушының қаншалықты түсініп, меңгергендігін көрсетететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Оқушылардың үйде орындайтын тапсырмаларының сапалы болуы олардың өз бетімен жұмыс істей біліуіне қаншалықты үйренгеніне байланысты болып келеді. Мұғалім оқушылардың өз бетімен оқу құралың, басқадай қосымша материалдарды дұрыс білушілігін,сыныпта алған теориялық білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдана алушылығын қамтамасыз етуі қажет. Ол үшін күнделікті сабақа , үйге тапсырма беру кездеріндегі оқу құралы мен басқадай қосымша материалдарды, жалпы кітаппен қалай пайдалану керектігін айтып түсіндіріп отыру керек.


Үй жұмысын мынадай әдістермен тексеруге болады:
-бір оқушыны тақтаға шығарып берілген тақырып бойынша сұрау;
-орынында барлық оқушылардан сұрап шығу;
-ұқсас тапсырма орындату;
-жеке-дара үлестірмелі карточкаларды таратып беру;
-таңдаулы тапсырмалардан жазбаша жұмыс өткізу;
-өзін-өзі не болмаса бірін-бірі үй жұмысын тексеру;
Тақтаға шығып жаттап келген ережені жатқа айту, шығарып келген есебін тақтаға жазып беру – оқушыға қызықсыз, сондықтан оқушының үй тапсырмасын орындауға қызығушылығы болмайды.
Үй жұмысын тексеруде мұғалім әр түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын, тапсырманы өз бетімен істеп, әрі қарай істеуге өзіндік жігерлігін қалыптастыруы тиісті.
Үй жұмысыны тексерудегі әдістер:
-Пікірталас
Сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топ өз ойын айтуға үйрету. Бір пікір оқулықтан алынса, келесісі бір оқушының ойы болады. Пікірталас кезінде оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып, ортақ ойды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет