«Мектептің ішкі тәртіп ережелері» Оқушы ережесі



бет1/3
Дата02.12.2022
өлшемі21,07 Kb.
#54358
түріСабақ
  1   2   3

«Мектептің ішкі тәртіп ережелері»


Оқушы ережесі

1. Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.


2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.
3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:
өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды, басылымдарды, ойын заттарын әкелуге;
ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға;
бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға;
сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
4. Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
5. Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.
6. Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек.
7. Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет.
8. Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті.
9. Оқушылар мектептің ішкі- сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті.
10. Каникул күндерінің алдында, соңында оқушылар сабақтан қалмауға, уақытында сабаққа келуге тиісті.
Осы Ереже барлық оқушылар үшін бірыңғай міндетті.


Оқушыларға арналған ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.


Оқушылар: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.
1. Оқушылардың сыртқы келбеті.
Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)
Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек. 
Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.
Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.
Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.
Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет