Ұйқы безі гормондары (инсулин және глюкагон), олардың көмірсу, нәруыз және май алмасуы реттелуіндегі рөлі



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата30.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111990
1   2   3   4   5   6   7   8   9
үш нейроннан 
тұрады. Бірінші
нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде 
орналасады. Бұл жасушаның аксоны екі тармаққа
бөлінеді: шеткі тармақ бұлшықеттің нерві
құрамында проприоцептордан шығады, орталық 
тармақ құрамында жұлынның артқы жіптеріне өтіп
fasciculus gracilis пен fasciculus cuneatus құрамында 
сопақша миға дейін барады.олар олар осы жерде 
аталған жіптердің аттас ядроларында – nucleus 
gracilis және nucleus cuneatus аяқталады.
Бұл ядроларда екінші нейрондардың денелері орналасады. Олардың аксондарының құрамында 
үшінші буын басталатын таламустың латералды ядроларына жетеді. Үшінші буын жасушаларының 
аксондары арқылы қозғалыс анализаторының қыртыстық шеті орналасатын орталық алдындағы 
қатпар қыртысына келеді. 
Мишыққа баратын проприоцептивті жолдар. Қозғалыс аппаратынан шығатын сезімталдық, 
санадан тыс импульстар жұлындық пропроцептивті жолдар арқылы мишыққа жетеді.


Tractus spinoserebellaris anterior. Бірінші нейрон артқы жолдағыдай. Жұлын сұр 
затының substantia intermedia centralis-ында екінші нейрондар жасушалары 
орналасады, олардың аксондары tractus spinoserebellaris anterior арқылы қарама 
– қарсы жағының бүйір жіпшелерінің алдыңғы бөлімдеріне өтіп, сол жерде
айқасады. Жол сопақша ми мен көпір арқылы ми желкеніне дейін көтеріліп, сол 
жерде қайтадан айқасады. Осыдан кейін талшықтар мишықтың жоғарғы 
аяқшалары арқылы оған еніп, құрт қыртысында аяқталады. Нәтижесінде бұл 
жол екі рет айқасқан болып шығады.
Сөйтіп, екі мишық жолы да жұлын мен мишықтың аттас жартыларын
байланыстырады.
Tractus spinoserebellaris posterior. Бірінші нейронның жасушалық денесі жұлын 
түйінінде жатады, аксон екі тармаққа бөлінеді, олардың шеткісі бұлшықет нерві 
құрамында қозғалыс аппаратының рецепторларынан шығады, ал орталық 
тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы мүйіздеріне өтіп, өздерінің 
соңғы және жанама тармақтары арқылы nucleus thoracicus- те синапс құрып 
аяқталады. Жұлынның бүйір жіпшесі құрамында мишық құрт қыртысына 
келеді. Ол жұлын мен сопақша мидағы өз жолында айқаспайды, сондықтан оны 
тік мишық жолы деп атайды. Алайда, мишыққа енгеннен кейін оның көп бөлігі 
құртта айқасады. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет