ТҮркі тіл біліміндегі табыс жалғаулы сөз тіркестері нұрмаханбетова Ақмарал Құрбанқызы



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі252,24 Kb.
#7969

ТҮРКІ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТАБЫС ЖАЛҒАУЛЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ  

Нұрмаханбетова Ақмарал Құрбанқызы 

Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасы, Астана, Қазақстан 

Республикасы 

 

АннотацияВ данной статье рассматриваются функции творительного падежа в 

словосочетаниях тюркских языков. 

 

А.К.Нурмаханбетова – к.ф.н., доцент 



Кафедра практического казахского языка ФФ ЕНУ им. Гумилева, ул. Мунайтпасова, 5 

Корпоративная почта: 

Nurmakhanbetova_AK@enu.kz

  

 

Abstract. The present article gives a thorough examination of instrumental case in wordgroups 

of Turkic languages. 

A.K.Nurmakhanbetova  – Candidate of Philological Science, Associate Professor 

L.N.  Gumilov  Eurasian  National  University  Faculty  of  Philology  The  Department  of 

Practical Kazakh Language, 5 Munaitpasov Street, Email: 

Nurmakhanbetova_AK@enu.kz

  

 

 

Кілт сөздер: сөз тіркесі, қимыл обьектісі, тіркесу тәсілдері, тіркесімділік. 

 

Сөздер  сөйлем  құрамында  жұмсалу  үшін  олар  әрі  мағыналық,  әрі  синтаксистік  



байланыста болуы шарт. Демек, тіркеске енбеген, өзара байланысқа түспеген сөздер (дара 

қалпында  тұрып  сөйлемдік  мәнге  ие  болатын  сөздерді  қоспағанда)  сөйлем  құраудың 

материалы  да  бола  алмайды.  Осыдан  келіп  сөздердің  өзара  тіркесімділік  қасиеті  –  сөз 

тіркесі синтаксисі қарастыратын объектілердің бірі болып шығады.  

Сөз  тіркесі  синтаксисі  сөздердің  тек  тіркесімділік  қасиетін  ғана  емес,  олардың 

тіркесу  тәсілдері  мен  формаларын,  сөз  тіркесінің  құрамы  мен  түрлерін  де  қарастырады. 

Міне,  осылар  тәрізді  өзіндік  зерттеу  объектісі  бар  сөз  тіркесі  синтаксисі  жалпы 

синтаксистің құрамынан түркі тілдерінде кейінгі кездері ғана бөлініп шықты. Демек, сөз 

тіркесі  синтаксисі  –  түркі  тілдерінің  бірі  қазақ  тілінде  ғылыми  дербестікке  кейінірек  ие 

болған  жас  ғылымдардың  бірі.  Осы  себептен  де  сөз  тіркесінің  зерттелу  тарихы  түркі 

тілдерінде тым ұзаққа бара бермейді.  

Бұл  орайда  белгілі  ғалым  М.Б.Балақаевтың    сіңірген  еңбегін  айрықша  атап  өткен 

орынды.  Сөз  тіркесі  синтаксисі  тек  қазақ  тіл білімінде  ғана  емес,  орыс  тіл  білімінде  ХХ 

ғасырдың орта шенінен бастап қана арнайы қолға алынып, қарқынды түрде үлкен зерттеу 

нысанына  айналды.  Бұл  мәселе  қазақ  тіл  білімінде  1950  жылдардан    кейін  профессор 

М.Балақаевтың бастауымен зерттеліп, оның көптеген мәселелері нақтыланып, сөз тіркесі 

жайлы ғылыми  көзқарас қалыптасты. Профессор М.Балақаевтың бұл ойлары басқа түркі 

тілдеріне де игі әсер етті. Осыдан соң басқа түркі тіл бімінде сөз тіркесі зерттеле бастады. 

Аталмыш мақалада біз сөз тіркесінің септік жалғаулары арқылы жасалуына тоқталмақпыз. 

Сөз  тіркесін  жасауда  тіл  біліміндегі  септік  жалғауларының  алатын  орны  ерекше. 

Сөз  тіркесінің  жасалуында  септік  жалғауларының  қатарынан  табыс  септігінің  қызметі 

ерекше.  Табыс  септігі  сыртқы  тұлғалық  жағынан  тарихқа  белгілі  ежелгі  ежелгі 

дәуірлерден  біздің  тілімізге  дейін  көп  өзгерістермен  жеткен.  Тіл  тарихына  қатысты 

еңбектерде  бұл  септік  жалғауының  тіл  дамуы  барысында  қызметі  мен  етістіктерге 

қатысты қолданылу жағынан ғана кейбір өзгерістерге ұшырағандығы  туралы сөз етіледі.  

Жалпы  түркі  тілдерінің  бірі  қазақ  тілінде  табыс  септікті  сөз  тіркестері    жалғаулы  

түрінде де, жалғаусыз түрінде де қолданыла береді.  Бұл мәселеге назар аударған кейбір 

ғалымдар  табыс  септікті  сөз  тіркестерінің  жалғаусыз  түрі  жалғаулы  түрінен  бұрын 

қалыптасқан деп қарайды.  Бұл пікірді толығынан қуаттауға болады, өйткені, біріншіден, 

тым  ертедегі  дәуірде  сөздерді  өзара  байланысқа    түсіретін  қосымшалар(септік 



жалғаулары)  жоқ  кезде  олар  бірімен-бірі  мағыналық  жақындықтарына  қарай  іргелес 

тұрып  байланысқан.  Демек,  тура  объект  мәніндегі  жалпы  есімдер  сабақты  етістіктермен  

мағыналық  жағынан  байланыста,  органикалық  бірлікте  тұратындықтан,  қосымшасыз, 

іргелес  тұрып  байланысып,  объектілік  қатынастағы  сөз  тіркестерін  құраған  болса, 

екіншіден,  ертедегі  Орхон-Енисей  ескерткіштері  тілінде  табыс  септікті  сөз  тіркестерінің 

жалғаусыз  түрі  жалғаулы  түрімен  салыстырғанда  әлдеқайда  жиі  кездеседі.  Мысалы:  үч 



отуз  балық  сыды  –  Олар  отыз  үш  қаланы  қиратты.  Қырық  йыл  ел  тұтдым  бодун 

башладым  – Қырық жыл ел билеп, халық басқардым.   Иеті бөрі  өлтүрдүм  – Мен жеті 

қасқыр өлтірдім т.б.  

Табыс  септігінің  жалғаусыз  қолданысы  оқулықтарда,  грамматикаларда  айтылып 

жүрген  біздің  қазақ  тілімізде  де  бар,  таныс  құбылыс.  «Қазақ  тілінің  грамматикасында» 

табыс  септігінің  жалғаусыз  (жасырын)  қолданысының  ерекшелігіне  тоқталып,  былайша 

түсіндіреді:  «Түркі  тілін  зерттеуші  көптеген  ғалымдар  табыс  септігінің  ашық  немесе 

жасырын  түрде  айтылуын  түркі  тілдерінде  белгісіздік  категориясымен  (категория 

неопределенности)  байланысты  құбылыс  деп  түсінеді.  Яғни,  табыс  септігі  арқылы 

көрінетін істің, қимылдың объектісі нақтылы бір ғана зат болса, табыс септігі жасырынбай 

ашық айтылады да, істің, қимылдың объектісінің нақтылы қай зат болатыны табыс септігі 

сөзден  көрінбей  белгісізденіп  тұрса,  табыс  жалғауы  арнайы  айтылмай  түсіп  қалады». 

Яғни, табыс жалғаулы сөз бен жасырын түрі арасындағы мағыналық айырманы түсінудің 

қиын еместігін көрсетеді.  

Мысалы  көркем  шығармалардан  алынған  сөйлемдерді  көрелік:  Сөз*  бақпаған 

момын  ағайынның  бәрі  де  Қодарды  қараламады  (М.Әуезов).    Қазір  ат*  ертте 

(Ғ.Мүсірепов).  Үй  сыртында  оңашаланып  отырып,  өзара  ақылдасқаннан  кейін  сойысқа 

бір үйір жылқы*, бір қора қой* беруді ұйғарды (Ә.Нұрпейісов). 

Осы  келтірілген  мысалдарда  табыс  септік  жалғауы  түсіріліп  (жалғаусыз) 

қолданылып  тұр,  тілімізде  бар  заңды  құбылыс,  осылай  айтыла  да,  жазыла  да  береді. 

Бірінші  сөйлемдегі  сөі  бақпаған  -  сөзді  бақпаған  тіркесі,  екінші  мысалдағы  ат  ертте  - 



атты  ертте  деген  тіркесі,  үшінші  сөйлемде  бір  үйір  жылқы  –  бір  үйір  жылқыны,  бір 

қора қой - бір қора қойды тіркесі. 

Түркі  тілінің  ертедегі  ескерткіштер  тілінде  табыс  жалғаулы  сөз  тіркестерінің 

мынадай модельдері  кездеседі: 1)  –ғ,  -г,  -ығ,  -іг,  -уғ,  -үг тұлғалы сөз тіркестері.  Мысалы: 

Күлтігін  –іг  аз  ерін  іртүрү  ітіміз  –  Біз  Күлтегінді  бір-аз  ғана  жауынгерлермен 

аттандырдық. Бу сабығ ешітіп –Бұған сөзді есітіп, Теңіріг білмедүк – Тәңірін білмеген. –

ығ, -іг формасы табыс септігінің жалғауы ретінде көне ұйғыр жазбасында Орхон-Енисей  

ескерткіштерінде монғол тілінен енген форма делініп жүр. [4-106 б.].  2) –н, -ын,  -ін, -ун, -



үн    тұлғалы  сөз  тіркестері.  Бұл  жалғау  тәуелденіп  келген  сөздерге  жалғанады.  Мысалы:  

Тәңірімнің  бірігін  ешіделім  –  Тәңірімнің  жазғанын  естиік.  Ақ  адғырығ  удлықы-н  сыйу 

урты  –  Ол  ақ  арғымақтың  жамбасын  сындырып,  мертіктірді.    Қапығын  ача  берт  – 

Есігін  аша  берді.  Менің  сабым-ын  сымады  –  Олар  менің  сөзімді  бұрмалаған  жоқ.  [2-21 

б.].  3)  –ны,  -ні,  -ы,  -і  тұлғалы  сөз  тіркестері.  Бұл  жалғаудағы  сөз  тіркестері  сөз  қимыл 

әрекетпен  байланысты  болады  да,  сол  қимыл-әрекеттің  тура  объектісін  көрсетеді.  Аның 



сабын  алып  –  Оның  сөзін  еске  алып...  Ол  бітігні  бегімке  бердім  –  Ол  жазуды  сөзіне 

бердім.  Аңару  сүлемесер  қач  нен  ерсер  ол  біз-ні  ...  өлүртечі  –  Егер  армиямызбен  қарсы 

шықпасақ, олар бізді құртады. [1-22 б.]. 

Егер  өзара  салыстырып  қарайтын  болсақ,  Орхон-Енисей  ескерткіштер  тілінде 

жоғарыдағы  модельдердің  ішінен  –ғ  тұлғалы  сөз  тіркестері    -ны,  -ні  тұлғалы  сөз 

тіркестеріне қарағанда әлдеқайда жиі кездеседі. Бірақ тілдің дамуы барысында –ғ тұлғалы 

сөз  тіркестері  өздерінің  қолданылу  шеңберін  тарылтып  біртіндеп  қолданудан  шыға 

бастайды да, олардың қызметі түгелдей –ны, -ні тұлғалы сөз тіркестеріне ауысады. 

Қазіргі  қазақ  тілінде  кеңінен  қолданылып  жүрген  –ны,  және  –  н  тұлғалы  сөз 

тіркестері  ертедегі  Орхон-Енисей  ескерткіштер  тілінде-ақ  кездеседі.  Бірақ  бұлардың 

қолданылу мүмкіншіліктерінде елеулі айырмашылықтар бар. Мәселен, табыс септігінің  –


ны  жалғауы  кейбір  реттерде  ғана  болмаса,  негізінен  есімдіктерге    жалғанған.  Ал  зат 

есімдерге  табыс септігінің ертеректегі –ғ, -г, -ығ, -іг, -ұғ, -үг жалғаулары тіркескен. Бірақ 

тілдің дамуы барысында –ғ тұлғалы сөз тіркестері қолданылуы жағынан шектеліп, мұның 

қызметі  –ны  жалғаулы  сөз  тіркестеріне  ауысады.  Нәтижесінде  табыс  септігінің  –ны 

тұлғасы  тек  есімдіктерге  ғана  емес,  зат  есімдерге  де,  заттанған  сөз  таптарына  да 

жалғанып, байланысқа түседі. (Айшара анасына «баланы әкел, жолама»деп айғай салды. 

Бұл жерде табыс жалғаулы сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары зат есімнен жасалып тұр.) 

  Бұл  -ны  модельді сөз тіркестерінің қолданылу   өрісінің кеңігендігін дәлелдейді. 

Сөздердің  тіркесу  қабілетінің  артуы,  біріншіден,  тілдің  ішкі  даму  мүмкіншіліктеріне 

негізделсе, екіншіден, өзге тілдердің, әсіресе орыс тілінің ықпал, әсеріне негізделеді.  

Қорыта  келе  айтарымыз,  сөздердің  мағыналық  жағынан  дамып  жетілуі,  жаңа 

сөздердің  пайда  болуы,  сөйлемнің  ықшамдала  қолданылуы,  жалғаулардың  түрлі 

заңдылықтармен сөзге тіркесу жолдары т.б. жайлар жаңа сөз тіркестерінің қалыптасуына 

негіз  болады.    Жоғарыда  талданған  мәселелер,  келтірілген  мысалдар  қазіргі  деңгеймен 

қарағанда, әрине жаңа сөз тіркестерінің қатарына енбейді, бірақ бұлардың өз кезінде жаңа 

сөз тіркестері болғаны, сөз тіркесі синтаксисінің байып, толығуына үлес қосқаны даусыз.      



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 



 

1.

 



Томанов  М.  Қазақ  тілінің  тарихи  грамматикасы.  –  Алматы:  Мектеп, 

1988ж. 


2.

 

Аблақов  А.  Меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері.  –  Алматы: 



Мектеп, 1986ж. 

3.

 



Исаев С.М. Қазақ тілі. – Алматы: Рауан, 1993ж. 

4.

 



Күзекова З.С. Қазақ тілі. – Астана: Таным, 2003ж. 

5.

 



Хасанова  С.  Қазақ  жазуы  мен  оқуының  бастаулары.  –  Алматы:  Арда, 

2007ж. 


 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет