Оқушылардың үлгерімін бақылау тоқсанның соңында оқу материалдарының мазмұнын игеру деңгейін анықтау және тіркеп отыру үшін тақырыптық жиынтық бағалау түрінде оқытушылар жүзеге асырады.
Бөлім / өтпелі тақырыбы бойынша алынатын жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша (бұдан әрі - БЖБ) оқушыларға тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін баллдар қойылады.
БЖБ тоқсанның екінші жартысында бір рет, оның аяқталуынан кемінде екі апта бұрын, тоқсанның бір бөлімін (тақырыпты) өту барысында өткізіледі. Оны екі кезеңде өткізуге рұқсат етіледі.
Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:
43,11 = 43
43,31 = 43
43,52 = 44
43,81 = 44
Мысал: журналда 64,5-ке тең ТЖБ мен БЖБ математикалық дөңгелектеуде үтірден кейінгі сандар есепке алынғандықтан 65-ке тең болады.
Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау тоқсан сайын жүргізілсе
Мұнда:
ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты балы немесе олардың сомасы;
ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың қосындысы;
ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды балы немесе олардың сомасы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың жалпы саны;
ТЖБ факт. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нақты балы:
ТЖБ макс. балл - Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың максималды балы:
Формативті бағалаудың ең жоғары балы (ФБ) - 10-ға тең.
Мұнда:
ЖБ факт. сомасы - оқушыға қойылған жиынтық бағалаудың нақты сомасы;
ФБ сомасы - Формативті бағалаудың сомасы. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың қосындысы;
ЖБ макс. сомасы - мұғалім орнатқан жиынтық бағалаудың максималды балы. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
ФБ саны - Формативті бағалаудың саны. Есептік кезеңнің ішінде оқушыға қойылған формативті балдардың жалпы саны;
Жиынтық бағалау балл сандары жинақталып, оқу кезеңінің соңында қорытынды бағаға және оқу жылының соңында жылдық бағаға ауыстырылады. Ол үшін келесідей шкала қолданылады:
Жиынтық бағалау (1 сынып)