Жиынтық бағалау Бағалау қалай есептеледі?


Формативті бағалау деген не?



бет2/4
Дата13.10.2022
өлшемі2,68 Mb.
#42759
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
5 лекция Жиынтық бағалау

Формативті бағалау деген не?


Формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Формативті бағалау үлгерімді ағымдағы бақылауды жүргізу қағидалары шеңберінде ҚР БҒМ әзірлеп, №125 Бұйрықтың өзекті нұсқасына енгізілді.
Формативті бағалау кезінде мұғалім білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін өздігінен анықтайды.

Қойылған формативті бағаларды қалай көруге болады?


Формативті бағалар келесі қойындыларда қолжетімді:
«Күнделік»;
«Пәндер бойынша»;
«Тоқсандар бойынша».
Ата-ана парақшасы арқылы күнделікке өту үшін:
«Балалар» - «Күнделік» қойындысын ашу;
«Күнделік» / «Пәндер бойынша» / «Тоқсандар бойынша» қойындысын таңдау.
Оқушы парақшасы арқылы күнделікке өту үшін:
«Мектеп» - «Күнделік» қойындысын ашу;
«Күнделік» / «Пәндер бойынша» / «Тоқсандар бойынша» қойындысын таңдау.
1 балл

2 балл
    • оқу тапсырмаларын 20% - ға дейін орындады, қателіктер жіберілді, сабақта пассивті, мұғаліммен кері байланыс нәтижелері бойынша әрдайым тиісті қорытынды жасай бермейді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытпайды;

3балл
    • оқу тапсырмаларының 30% - на дейін орындады, қателіктер жіберілді, қателіктерін түзетуге тырысады, сабақта кейде белсенділік танытады, оқу тапсырмаларын орындау кезінде мұғалімнің/ата-ананың/құрдастарының қолдауына мұқтаж;

4 балл
    • оқу тапсырмаларының 40% - на дейін орындады, қателіктер жіберді, қателерді түзету кезінде көмекке мұқтаж, әрдайым белсенді бола бермейді, кейде тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

5 балл
    • 50%-ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 5-ке дейін қателіктер жіберді, мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта әрдайым белсенді бола бермейді, кейде мүмкін болатын тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

6 балл
    • - оқу тапсырмаларының 60%-на дейін орындады, 4-ке дейін қате жіберді, мұғалімнің көмегіне мұқтаж, сабақта ынталы, орташа күрделі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады;

7 балл
    • оқу тапсырмаларының 70% - ға дейін орындады, 3-ке дейін қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;

8 балл
    • оқу тапсырмаларының 80% - на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің пікірлері негізінде өз қателіктерін түзетеді, белсенді, тәуелсіз;

9 балл
    • оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қатемен жұмыс істейді, белсенді, дербес;

10 балл
    • оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, тәуелсіз, түсіндіре алады, жауаптарын негіздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет